Жалпыға бірдей декларацияны түсіндіру бойынша брифинг

Үкімет үйінде ҚР-да жалпыға бірдей декларацияны түсіндіру бойынша брифинг өтті.

Спикерлердің қатарында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Ұлттық банктің төлем жүйелері департаменті директорының орынбасары Әсем Мадиярова, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов болды.

Ең алдымен Ержан Біржанов жалпыға бірдей декларация кәсіпкерлерге ғана емес, барлық азаматқа қатысты екенін түсіндіріп кетті. Ол жеке тұлғалардың, әсіресе туыстар мен достар арасында, блогерлер мен белсенділердің қайырымдылық мақсатта қаржы жинау кезінде жасалатын жиі мобильді трансферттерге қатысты тексерулер туралы қорқынышын сейілтті. Ол QR-код бойынша төлемдердің артықшылықтары және қолданыстағы салық режимдері мен төлем сомалары туралы, сондай-ақ такси жүргізушілері мен сатушыларға қалай әрекет ету керектігі жайлы кеңесін айтты.

Әсем Мадиярова банкаралық комиссияның төмендетілгенін хабарлады. Ал ҰКП өкілі сұрақтарға жауап бере отырып, отандық бизнесті көлеңкеден шығару бойынша уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс туралы айтты.

#Брифинг #Салық саясаты #Қаржы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу