Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қыркүйекте ҚР Парламентіне 6 заң жобасы ұсынылады — М. Бекетаев

Сәрсенбі, 28 Тамыз 2019, 14:52:52

ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР әділет министрі Марат Бекетаев жаңа маусымда ҚР Парламентіне ұсынылуы жоспарланған заң жобаларының портфелі туралы айтып берді.

М. Бекетаев желтоқсан айында қабылданатын Заң жобалары жұмысының жоспары бар екенін атап өтті. Осы Жоспарға сәйкес бірқатар заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне жіберіледі деп күтілуде.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 19 заң жобасын ҚР Парламентіне енгізу жоспарланған болатын. Бүгінде 9-ы енгізілді. Бір заң жобасын енгізбеу туралы шешім қабылданды.

«Себебі оны реттеу аясы жеткілікті түрде ауқымды емес. Бұл мәселені (асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселесі) неғұрлым нақты зерделеу кезінде Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл заң жобасын енгізуден бас тартуға шешім қабылдады және оны белгілі бір мерзімге кейінге қалдырды», — деп түсіндірді министр.

Қалған 9 заң жобасының үшеуі тамыз айының соңына дейін Парламентке жолданады. Алтауы қыркүйек айында жіберіледі.

Сонымен бірге, М. Бекетаев жаңа саяси маусымда жаңа заң жобаларын қабылдау қажеттілігі туындайтынын айтты.

«Мемлекет басшысының әр жолдауынан кейін оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылатынын білесіздер. Сессияның ашылуында Мемлекет басшысының Жолдауы жарияланады деп жоспарланған. Заң жобаларының қосымша тізімі де жасалады деп болжауға болады. Бұл тізімдегі мерзімдер қаталырақ әрі қысқарақ болуы мүмкін», — деді М. Бекетаев.

Сонымен қатар, әділет министрі заң нормаларын шығару қызметін жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер пакетінің қабылдануымен жаңа заңдарды қабылдау мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілетінін атап өтті.

«Үкімет регламентіне біз ұсынып жатқан өзгерістер жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Егер қазіргі уақытта бұл вице-министрлер болса, біздің ұсынысымыз бойынша министрге үлкен жауапкершілік жүктелуі керек. Егер қазір мерзімді бір рет жазасыз қалдыруға болатын болса, екінші көшіру вице-министрге шара қабылдауды қамтыса, биыл бұл мәселені күшейту жоспарлануда. Бұл заң жобасы Парламентке ұсынылады, қандай да бір уақытта қабылданады, бірақ біз мемлекеттік органдар бұл тетіктерді қандай-да бір деңгейде қазір, заңның қабылдануын күтпей-ақ, қолданғанын қалаймыз», — деді министр.

Некені жедел тіркеу туралы журналистердің сұрағына жауап берген М. Бекетаев некеге тұруға өтініш бергеннен кейін бір ай күту ең оңтайлысы екенін атап өтті.

«Жеке пікіріммен бөлісер болсам, әрекет етіп тұрған заңнама оңтайлы реттеуді қарастырады, және ол жеткіліксіз болуы мүмкін, өйткені ажырасу фактілері өте көп. Қазір “Кейінірек келіңіз” деп айту да дұрыс шығар, жастар эмоционалды күйден өтіп, біраз уақыттан кейін, бәрін дұрыс ойланып, ата-аналарымен ақылдасып барып, қарым-қатынастарын тіркегені дұрыс шығар», — деп баса айтты Марат Бекетаев.

Қорытындылай келе, әділет министрі заңдардың жиі өзгеруі қазіргі қоғам үшін қалыпты үрдіс екенін атап өтті.

«Заңдардың қабылданып, оларға 10-20 жыл ішінде ешқандай өзгертулер енгізілмейтін уақыттарды еске алу, бұл дұрыс түсінік емес. Себебі заңдардың жиі өзгеру жағдайы Қазақстанға ғана тән емес. Бұл қазір бүкіл әлемде ғылымның, технологиялардың жедел дамуына байланысты болып отырған жағдай», — деді М. Бекетаев.

Оның айтуынша, мүлдем жаңа қатынастар туындауда. Бұған дейін интернет болған жоқ, технологиялар соншалықты жиі өзгермейтін. Мысалы, кибервалюта пайда болды. Бұл — жаңа қоғамдық құбылыстар, реттеуді қажет ететін құқықтық қатынастар және бұл заңдарға өзгерістер енгізуді талап етеді.

«Егер біз заңдардағы өзгерістерге ілесіп отырмасақ, біз инвесторларды тарту бойынша, бизнесті ішкі реттеуде басқа юрисдикциялармен бәсекеге түсе алмаймыз, онда біздің компанияларымыз жаңа жағдайларға тез бейімделетін елдер сияқты бәсекеге қабілетті болмайды. Сондықтан өмірдегі өзгерістерге ілесіп, заңнаманы бейімдеу өте маңызды», — деді министр.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Маусым 2021, 18:51
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді
25 Маусым 2021, 12:58
Қарағанды облысында ШОБ үлесі жыл сайын артып келеді —  Ж. Қасымбек
25 Маусым 2021, 12:51
Ж. Қасымбек: Моноқалалардағы экономика құрылымын әртараптандыру қажет
25 Маусым 2021, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №428 Қаулысы
24 Маусым 2021, 19:37
Мемлекет басшысы «Lancaster Group Kazakhstan» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниевті қабылдады
24 Маусым 2021, 16:45
Асқар Мамин Қарағанды облысында инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексерді 
24 Маусым 2021, 16:11
Үкіметтің жүйелі қолдау шараларының арқасында Қазақстанда қой шаруашылығы саласының өсу көрсеткіштері 12% жетті
23 Маусым 2021, 20:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
23 Маусым 2021, 18:26
Мемлекет басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін қабылдады
23 Маусым 2021, 18:02
Қуаныш Ерғалиев ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды
23 Маусым 2021, 17:33
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Маусым 2021, 16:52
Ләззат Сүйіндік ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 
23 Маусым 2021, 08:44
Қ. Тоқаев ҚР ҚК әскерлерінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
23 Маусым 2021, 08:26
ВАК көшпелі отырысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық ахуалды қарады
22 Маусым 2021, 18:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №416 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №414 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №410 Қаулысы
22 Маусым 2021, 17:45
Гүлзат Көбенова ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болып тағайындалды
22 Маусым 2021, 15:59
ВАК Қазақстанның бас санитарлық дәрігеріне карантин режимі бойынша бірқатар қосымша шара қабылдауды ұсынды
22 Маусым 2021, 14:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин коронавирусқа қарсы вакцина алды
22 Маусым 2021, 12:50
Пандемия кезеңінде 500 мыңға жуық қазақстандық волонтерлік қызметке қатысты
22 Маусым 2021, 11:30
Қазақстанда мемлекеттік автобус парктерін толық жекешелендіру көзделген — С. Жұманғарин
22 Маусым 2021, 10:42
КВИ-мен ауыру көрсеткіші жоғары өңірлерде инфекциялық және реанимациялық төсек орындардың жүктемесі төмендегені байқалады — А. Цой 
22 Маусым 2021, 10:03
А. Мамин волонтерлік қозғалысты ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды
22 Маусым 2021, 09:54
Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарады
22 Маусым 2021, 09:46
А. Мамин елордада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды
21 Маусым 2021, 17:47
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады
21 Маусым 2021, 15:56
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі
21 Маусым 2021, 15:13
22 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
21 Маусым 2021, 13:10
А. Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет жұмысы туралы есеп берді
20 Маусым 2021, 14:40
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №117
20 Маусым 2021, 11:57
А. Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың жаңа стандарттарын енгізу туралы баяндалды
19 Маусым 2021, 10:16
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
18 Маусым 2021, 18:31
Қ. Тоқаев Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді ратификациялады
18 Маусым 2021, 18:27
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды
18 Маусым 2021, 18:24
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
18 Маусым 2021, 16:30
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарады
18 Маусым 2021, 10:29
Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
18 Маусым 2021, 09:26
Батырбек Әбділдин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
17 Маусым 2021, 21:10
Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
17 Маусым 2021, 21:00
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
17 Маусым 2021, 17:03
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
17 Маусым 2021, 09:06
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
16 Маусым 2021, 21:00
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
16 Маусым 2021, 20:20
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
16 Маусым 2021, 18:00
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты
15 Маусым 2021, 18:36
Бюджетті оңтайландыру, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру — қаржы министрі халық алдында есеп берді
15 Маусым 2021, 16:45
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
15 Маусым 2021, 16:43
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті В. Алекперовті қабылдады
15 Маусым 2021, 14:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №399 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.