ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы айналма автожолды ашты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ұзындығы 87 шақырым болатын Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы айналма автожолды ашу рәсіміне қатысты.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елорданың дамуына ерекше назар аударады. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту аясында біз өте маңызды оқиғаға куә болып отырмыз – елорда маңындағы ұзындығы 87 шақырым болатын айналма жол бойымен толық қозғалыс ашылуда», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы «шұғыла» қағидаты бойынша елордадан Оңтүстік – Орталық, Орталық – Шығыс, Орталық – Батыс бағыттарында қауіпсіз әрі сапалы автомобиль жолдарының жобалары іске асырылып жатқанын, бұл еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне және батысынан шығысына тура өтуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

Елорданың айналма автожолының ашылуы қаланың көлік жүйесінің тиімділігін арттыруға, автокөліктердің жылдамдық режимін ұлғайтуға және жүргізушілердің уақыт шығындарын қысқартуға, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. 

Автожолды ашу рәсімі аясында Үкімет басшысы «ҚазЖолҒЗИ» АҚ ғылыми-зерттеу институты мен бірқатар қазақстандық компаниялар ұсынған автожол саласындағы жаңа технологиялармен және материалдармен танысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу