ҚР Үкіметі су ресурстарын басқару бойынша негізгі тәсілдерді мақұлдады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында ағымдағы жылғы Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының Жоспарын орындау қортындылары шығарылды және Қазақстан су ресурстарын басқару бойынша тәсілдері мақұлданды.

2013 жылға арналған заң жобалары Жоспарының атқарылуы барысы туралы Әділет министрі Берік Имашев баяндады.

Енгізілген түзетулерді есепке ала отырып толық деңгейде жоспардың орындалуы туралы айтқан министр ағымдағы жылы Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтқан бастамаларын жүзеге асыру мақсатында 19 заң жобаларының жасалғанын атап өтті. Одан әрі әлеуметтік-экономикалық жаңғырту курсын заңнамалық қамтамасыз етуге мемлекеттік органдар дайындаған 17 құжаттың 13-і бағытталды.

Министр хабарлағандай, депутаттық корпус 21 заң жобасына бастама жасады, ол өткен жылдардағыдан 2 есеге артық көрсеткіш.
2013 жылы Парламентке Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқару және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы сияқты 4 кодекс енгізілген.

Б.Имашевтің сөзіне қарағанда, жыл қортындысы бойынша, дайындалған заң жобаларының жалпы саны 81 құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдардағыдан 70 пайызға жоғары. Сонымен қатар, министр заң жобалары саны артып қана қоймағанын, заң жобалау жұмыстары құрамы мазмұнының жақсарғанын да атап өтті.

Үкімет басшысы, заң шығару қызметін үйлестіру мәселесіне тиісті көңіл бөлінбегенін және болжау-талдау жұмыстары деңгейінің төмендігін атай отырып, заң жобаларын дайындау барысында оның сапасы мен мерзімін қатаң сақтау керектігіне тоқталды.

Осыған орай, С.Ахметов Әділет министрлігіне 2014 жылға арналған Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарын мерзімінде және сапалы орындауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың заң шығару қызметін үйлестіруді күшейтуді тапсырды.

Ал, министрліктер мен ведмостволардың бірінші басшыларына кемшіліктерді жоюды жеке бақылауларына алып және Үкіметтің заң жобалары жұмыстары Жоспарына сәйкес заң жобаларын уақытында енгізуді міндеттеді.

Отырыста сондай-ақ, Қазақстанның су ресурстарын басқару Мемлекеттік бағдарламасы жобасы қаралды.

Су ресурстарын басқарудың негізгі тәсілдері туралы Қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау министрі Нұрлан Қаппаров баяндады. 2040 жылға қарай су ресурстарының қолжетімділігі болжамы туралы хабарлаған, министр су тапшылығын кеміту, ұзақ мерзімді жоспардағы су шаруашылығы инфрақұрылымын басқару бойынша ұсынысын ортаға салды. Оның ішінде атап айтқанда, «жасыл» ылғал сақтағыш технологиялар, суару жүйесін, коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңғырту, ауыз суды тазарту, су көздерін тазалау мен қалпына келтіру, тариф жүйесін қайта қарау, білікті мамандар дайындау сияқты тәсілдер бар.

Министрдің сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығы, ТКШ секторы және өнеркәсіптер сияқты су қорын негізгі тұтынушы салалар суды пайдалану тиімділігін елеулі түрде арттыра алады.

«Ауыл шаруашылығында суару жүйесін жаңғырту есебінен су шығынын 66 дан 27 пайызға дейін қысқартып жылына 11,2 млрд. текше метр су үнемдеуге, ал өнеркәсіпте шығынды негізінен қайтармалы сумен жабдықтау жүйесін енгізу есебінен 40 тан 19 пайызға дейін қысқартып, жылына 900 млн. текше метр су үнемдеуге мүмкіндік береді. ТКШ секторы бойынша инфрақұрылымды және тазарту жүйесін жаңғырту арқасында ысырапты 58 ден19 пайызға дейін азайтып, жылына 300 млн. текше метр су үнемдеуге мүмкіндік туады»,-деді Н.Қаппаров.

Қаралған мәселені қортындылаған, Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сумен жабдықтау және су ресурстарын басқару бойынша стратегиялық маңызды бағдарлама жасалғанын атап көрсетті. С.Ахметов «осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде Үкімет үшін, әкімдер үшін, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін, ШОБ үшін, МЖК, жеке бастамаларды дамыту, инвестициялар тарту үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады» деп есептейді.

Осы жылғы Үкіметтің соңғы отырысын қортындылай келіп, Премьер-Министр алдағы мереке күндері халық негізінен тұтынатын азық-түлік өнімдері бағасына қатысты мәселелерді бақылауда ұстау қажеттігін өңір әкімдері мен Үкімет мүшелерінің қаперіне салды.

С.Ахметов облыс әкімдеріне барлық қызметтердің жұмысын, атап айтқанда, әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлерді тұрақты бақылауға алып, жылыту маусымын үнемі қадағалауды тапсырды. Құқық қорғау органдарына, ІІМ-ге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүктелді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу