Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Үкімет Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын бекітті

Дүйсенбі, 02 Наурыз 2020, 09:49:17

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасы қаралды.

Тұжырымдамамен сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов таныстырды, Дүниежүзілік банктің өкілі Ш. Рахарджа мен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов ҚР-да сауданы дамытуға қатысты мәселенің өзектілігі мен тәсілдері туралы баяндама жасады.

Сауда Қазақстанның ЖІӨ-нің 17%-ын құрайды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша саланың өсу қарқыны 7,6%-ды құрады, ал жұмыспен қамтылған қызметкерлердің саны 1,4 млн адамға жетті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы – $96,1 млрд, оның ішінде экспорт – $57,7 млрд және импорт $38,4 млрд құрады. Ішкі тауар айналымы 37,5 трлн теңгеден асты, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 11%-ға артық.

Әзірленіп жатқан мемлекеттік бағдарламаның мақсаты — нарықты сапалы өніммен молықтыруды және экспорттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін заманауи сауда жүйесін құру және дамыту.

Негізгі міндеттер ретінде өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, сауда саласында сапалы адами капиталды қалыптастыру, оңтайландырылған цифрлық сауда процесін қамтамасыз ету, көп форматты сауда-тарату инфрақұрылымын, қолайлы тұтыну ортасын құру, шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің импорты мен экспортын әртараптандыру, ішкі және сыртқы нарықтарда отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдайлар жасау анықталды. 

Алдын ала бағалау бойынша, Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға жеке инвестицияларды қоса алғанда шамамен 285 млрд теңге қажет. Жоспарланған міндеттерді орындау 2025 жылға қарай сауданың орташа жылдық жалпы қосылған құнын 106,2%-ға арттыруға, ұлттық стандарттарды қолдану деңгейін 41%-дан 75%-ға дейін арттыруға, тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортын $41 млрд-қа дейін ұлғайтуға, бөлшек тауар айналымынан электронды сауда үлесін 10%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бағдарламада тауар өткізу жүйесін қалыптастыру, биржалық, шекара маңы және электрондық сауданы дамыту, техникалық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау құралдарын жетілдіру шаралары қарастырылатын болады.

Үкімет басшысы Сауда және интеграция министрлігіне осы жылдың 1 шілдесіне дейін Мемлекеттік бағдарламаның жобасын Үкіметке енгізуді қамтамасыз етуді, орталық және жергілікті атқарушы органдарға – құжатты әзірлеуге белсене қатысуды тапсырды.

«Құжатта қолайлы тұтыну ортасын құруға, халықты сапалы және қауіпсіз тауарлармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бағдар орнатылуы тиіс. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық мүдделерді қорғау және ілгерілету әзірленіп жатқан бағдарламаның басты мақсаттарының бірі болуы тиіс», — деді А. Мамин.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Шілде 2021, 09:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №121
24 Шілде 2021, 11:38
А. Мамин Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті
23 Шілде 2021, 20:20
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселелерін қарады
23 Шілде 2021, 15:06
Жартыжылдық қорытындысы: Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні тұрақты өсім көрсетіп отыр
23 Шілде 2021, 10:44
Мұнай өндіру, мектептер салу және туризмді белсенді дамыту — Маңғыстау облысында қандай жобалар іске асырылып жатыр
23 Шілде 2021, 09:44
Қажмұқан Бекмұқашев ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
22 Шілде 2021, 18:49
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
22 Шілде 2021, 13:45
Биыл жол салуға бөлінген қаражат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмсалады — Маңғыстау облысының әкімі
22 Шілде 2021, 13:45
Алдағы қыс маусымына жем-шөп қорын құру үшін тиісті қаражат бөлінуде — Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
22 Шілде 2021, 13:34
С. Трұмов: халықаралық деңгейдегі туризм нысандарының салынуы облыс экономикасының дамуына зор серпін береді
21 Шілде 2021, 18:27
Е. Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
21 Шілде 2021, 15:38
А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары: туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым, АӨК, цифрландыру   
21 Шілде 2021, 12:07
Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды
19 Шілде 2021, 21:29
Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
19 Шілде 2021, 21:23
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелерін қарады
19 Шілде 2021, 18:20
Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
19 Шілде 2021, 15:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
16 Шілде 2021, 16:13
Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РЕСЕЙ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
14 Шілде 2021, 18:38
Ғабит Сыздықбеков ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
14 Шілде 2021, 17:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №429 Қаулысы
14 Шілде 2021, 17:20
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
14 Шілде 2021, 17:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №441 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №460 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №466 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №457 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №459 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы
13 Шілде 2021, 17:59
2021 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға өсті — Б. Сұлтанов
13 Шілде 2021, 16:15
Үкіметте 2021 жылы халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды
13 Шілде 2021, 16:08
Үкіметте Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
12 Шілде 2021, 19:10
ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады
12 Шілде 2021, 14:48
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
12 Шілде 2021, 12:08
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
11 Шілде 2021, 10:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №120
10 Шілде 2021, 16:55
ҚР Ұлттық банкі «цифрлық теңгені» енгізу бойынша пилоттық жобаны дайындап жатыр
10 Шілде 2021, 16:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Е. Қарашөкеевті таныстырды
09 Шілде 2021, 18:27
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді
09 Шілде 2021, 09:15
Қанат Ысқақов ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 20:36
Марат Қарабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 19:36
Е. Тоғжанов Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
06 Шілде 2021, 17:35
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады
04 Шілде 2021, 11:06
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №119
03 Шілде 2021, 19:26
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
02 Шілде 2021, 20:42
Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты
02 Шілде 2021, 17:22
А. Мамин ЕАДБ отырысын өткізді – Банктің 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді
02 Шілде 2021, 17:20
А. Мамин Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
02 Шілде 2021, 14:17
ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
02 Шілде 2021, 14:04
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Шілде 2021, 13:43
А. Мамин «Алтын Орда» көлік айрығын реконструкциялауды 2021 жылғы қазанда аяқтауды тапсырды
02 Шілде 2021, 13:08
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін Алматы метросының «Сарыарқа» және «Достық» станцияларының құрылысын аяқтауды тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.