ҚР Үкіметі елімізде тілдерді одан әрі дамыту жұмыстарын жалғастырады

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолауын іске асыру аясында Қазақстанда тілдерді одан әрі дамыту мәселелері жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Бақытжан Сағынтаев тілдерді дамыту еліміздегі басымдықты міндеттердің бірі болып табылатынын айтты, соған орай мемлекет барлық ұлыстардың тілдерін және үш тілділікті дамытуға жағдайлар жасауда. Мемлекет басшысының Жолдауында үш тілді білім беруге кезең-кезеңмен ауысуға ерекше көңіл бөлінген. Сондықтан да Үкімет алдында осы ауысымды қамтамасыз ету міндеті тұр.

Мәдениет және спорт министрлігіне және Білім және ғылым министрлігіне, әкімдерге түсіндіру жұмыстарына барынша күш салып, халыққа қазақ тілін үйретудің тегін курстарын ұсыну жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

ҚР Премьер-Министрі өзге тілдерге үйрететін курстардың да қолжетімділігін арттыруға, соның ішінде интернет желісінде арнайы ақпараттық көздер арқылы оқытуға көңіл бөлу керектігін және тілдерді оқытудың соңғы шыққан заманауи әдістемелерімен оқу құралдарын шығару қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, Б. Сағынтаев тілдерді үйрету үшін бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін пайдалану қажет екенін және арнайы бағдарламалар мен үйрететін видеоөнімдерді әзірлеу жұмыстарын ретке келтіру қажеттігін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу