Павлодарда қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсететін орталық жұмыс істейді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде көп балалы аналармен кездесіп, «Бақытты отбасы» отбасыларды қолдау орталығының қызметімен танысты.

Өңірде өскелең ұрпақтың дамуына едәуір көңіл бөлініп, көп балалы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. 2022 жылдың сәуірінде «Бақытты отбасы» отбасыларды қолдау орталығы іске қосылды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпованың айтуынша, орталық көмекке мұқтаж азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Орталықтың тағы бір бағыты - қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды уақытылы анықтау.

4 ай ішінде 1,5 мың адам кеңес алып, 413 өңір тұрғыны қолдау шараларымен қамтылды. Сондай-ақ 210 адам жұмысқа орналастырылып, 26 адам кәсіби оқудан өтті және 11 азамат өз кәсібін ашуға шағын несие алды. Жалпы алғанда, жыл соңына дейін «Бақытты отбасы» орталығында 3000 жуық адамды әлеуметтік қолдау шараларымен қамту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Е. Тоғжанов әлеуметтік осал топтар санатындағы әйелдермен және өз кәсібін ашқан көп балалы отбасылармен кездесті. Кәсіпкер әйелдер мемлекеттік қолдау және Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының көмегімен жүзеге асырылған жобалары туралы айтып берді. Мұнда оларға заң мәселелері және бизнес-жоспарлары құрастыру бойынша көмек көрсетіледі. Вице-премьердің пікірінше, бұл үлгі аларлық  бастамалар.

«Маңызды әлеует бар. Біз республика көлемінде жүзеге асыруға болатын шынайы мысалдарды көрдік. Мұндай бастамаларды қолдап, дамыту керек», — деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

2023 жылдан бастап «Павлодар облысының ауылдық округтері халқының табысын ауқымды және тиімді арттыру» пилоттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр. 

«Жобаның мақсаты ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен экономикалық жағдайын көтеру», — деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары М. Өтешов.

Пилоттық жобаны іске асыру үшін атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны жоғары 5 ауылдық округ анықталып, оларда ауыл шаруашылық кооперативтерін құру жоспарланып отыр. Негізгі бағыттар - мал және құс шаруашылықтары, бал арасы мен бақша жидектерін өсіру, өсімдік шаруашылығы мен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу. Осының арқасында ауылдық жерлерде 350 жаңа жұмыс орны құрылады.

Үкімет табысты арттыру бағдарламасы аясында қабылдаған шаралар бюджет қаржысын әділ бөлу және табыс деңгейі төмен азаматтарды қолдау арқылы «Әділетті Қазақстан» концепциясын іске асырады.

Біріншіден, Үкімет бюджеттік сала жұмыскерлерінің еңбек ақысын көтеру және әлеуметтік төлемдерді индексациялау бойынша барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындайды. 

Екіншіден, табысы жоқ азаматтардың жұмыс орындарын құру және біліктіліктерін көтеру, жаңа дағдыларды меңгруі арқылы экономикаға әлеуметтік кіріктірілуі, сондай-ақ еңбекақы деңгейі төмен әлеуметтік осал тұрғындар тобын қолдау бағдарламаның әлеуметтік бағытын нақтылайды.

Үшіншіден, бизнес қауымдастықпен бірлесіп қабылданған еңбеқы айырмашылығын азайтуға және өндірістік персоналдың еңбекақысын арттыруға бағытталған жүйелі шешімдер білім және біліктілік деңгейін есепке алғандағы аз жалақы төленетін азаматар санаттарының еңбекақысын көтеруде жекелей (әділетті) көзқарасты қамтамасыз етеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу