Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты

Жұма, 02 Шілде 2021, 20:42:26

Елбасы елорданың «жасыл белдеуін» тікұшақпен аралап, қала айналасындағы орманды алқаптың даму барысымен танысты, жылдағы дәстүр бойынша табиғи ортаға қырғауыл ұшыру шарасына қатысты. Бұл туралы Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «жасыл белдеу» осы жылдары жайлы климат қалыптастыруға және қала экологиясын жақсартуға айтарлықтай әсер еткенін атап өтті.

– Алғаш егілген ағаштар қазір 20 метрге жетіп, қалың орманға айналды. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі байып жатыр. Осы орманның арқасында жайлы климат қалыптасып, экология жақсарып келеді. Мен «жасыл белдеуді» дамытуға атсалысып жүрген адамдарға  ризашылығымды білдіремін. Олардың еңбегі жоғары марапатқа лайық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы елорданы көгалдандыру жұмысына Түркия, Қытай, Венгрия және басқа да елдерден ғалымдар мен мамандар шақырылғанын айтты. Сондай-ақ қала ішіндегі саябақ аймақтарын дамыту жұмысына да тоқталды.

– Осы жылдары атқарылған шаруа жұртшылық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Мұнда велосипед жолдары салынды, бос уақытта демалуға қажет дүниенің бәрі бар. Тұрғындар жидек пен саңырауқұлақ тереді, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы елорданың «жасыл белдеуіне» ұлттық саябақ мәртебесін беруді, өкілетті органдарға қала маңындағы жерлерге тексеріс жүргізуді ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаев елорданы дамыту барысын қайта қарап, шаһар аумағындағы бос жатқан жерлерде ішінара құрылыс жүргізуге көшу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті қоршаған ортаны аялаудың және баршаға ортақ байлықты келешек ұрпақ үшін сақтаудың маңызды екенін атап өтті.

–  Табиғатты аялап, тазалық сақтау қажет. Ағаштарды өрттен қорғап, жойылып кетуіне жол бермеу керек. Мұның бәрі өзіміздің балаларымыз үшін, келер ұрпақтың игілігі үшін жасалып жатыр. Олар осындай керемет сый қалдырғанымыз үшін бізді мақтан тұтатын болады. Туған жерге деген махаббат – қазақстандық патриотизмнің маңызды бөлігі. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін Қазақстанда екі миллиард ағаш отырғызу туралы бастамасын қолдаймын. Бұл маңызды әрі жауапты іс. Сол арқылы біз елімізді көгалдандырамыз. Жасыл желек экологияны жақсартады және халықтың денсаулығын нығайтуға қолайлы жағдай туғызады,– деді Елбасы.


Жаңалықтар тізбегі
23 Қыркүйек 2021, 19:26
Президент тапсырмаларын іске асыру аясында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жалғасуда — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 19:07
ЕТЖ артуының жалпы әсерін кемінде 3,5 млн қызметкер байқайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 18:50
Салықтар мен төлемдер бойынша нақты жүктеме 2023 жылдан бастап төмендетіледі — ҰЭМ
23 Қыркүйек 2021, 18:47
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
23 Қыркүйек 2021, 18:45
Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде енгізілген ақпараттық жүйе ШОБ-ты мемлекеттік қолдаудың 79 шарасын қамтиды — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 17:43
2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14%-ға дейін қысқарады — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 17:28
ҚР Үкіметі 64 шарадан тұратын инфляцияға қарсы әрекет ету кешенін қабылдайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 15:49
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды
23 Қыркүйек 2021, 12:52
А. Мамин ЕҚДБ президенті О. Рено-Бассомен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
21 Қыркүйек 2021, 16:34
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
21 Қыркүйек 2021, 12:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2021
21 Қыркүйек 2021, 12:07
2025 жылға қарай Екібастұз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бес есе өседі — Ә. Ерғалиев
21 Қыркүйек 2021, 11:11
ВАК отырысында карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешім қабылданды
21 Қыркүйек 2021, 10:42
Қазақстанда егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары — Е. Қарашөкеев
21 Қыркүйек 2021, 09:39
Үкімет Екібастұз қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
21 Қыркүйек 2021, 09:28
Қазақстан ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және астық экспортының әлеуетін сақтайды — А. Мамин 
20 Қыркүйек 2021, 16:03
21 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2021, 14:57
А. Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:37
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қыркүйек 2021, 09:44
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №128
10 Қыркүйек 2021, 22:55
Республикалық штабта Алматыдағы КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал қаралды
10 Қыркүйек 2021, 17:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
10 Қыркүйек 2021, 16:56
Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай ауданына барды
10 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевті таныстырды 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.