Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді

Дүйсенбі, 19 Шілде 2021, 21:29:55

Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде соңғы кезде індет жұқтырған адамдардың саны күрт артып кеткенін атап өтті. Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын. Бірақ эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетті. Ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады.

«Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу. Қалыптасқан ахуалдың өте күрделі екенін ашық айту керек. Пандемия өңір басшылары үшін нағыз сынақ болды. Бұл сынақты кем дегенде әкімдердің жартысы, ең жақсы дегенде, «үшке» тапсырады. Осындай жағдайда Үкіметтің үйлестірушілік рөлі бірнеше есе арта түседі. Бұл жерде сырттан тон пішіп отыратындардың пікірі маңызды емес. Үкімет пен тиісті ведомстволардың үйлестірушілік рөлін күшейту қажет», — деді Президент.

Мемлекет басшысы вакциналау деңгейі төмен өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін шұғыл түрде көшпелі бригада жасақтауды тапсырды. Оның пікірінше, екпе салдырғысы келмейтін адамдармен жұмыс барысында саралау әдісін қолданған жөн.

«Бұл топ біркелкі емес. Екпе салдырудан бас тарту себептері әртүрлі. Мұндай адамдардың ішінде ойланып жүргендері көп. Барлық әдіс-тәсілді пайдалану, соның ішінде, әлеуметтік желілер арқылы олардың көзін жеткізу керек. Батыстың кейбір дамыған елдері көз жеткізу әдісінен мәжбүрлеу шараларына көшіп жатыр. Ірі еңбек ұжымдарының қызметіне байланысты ерекше жағдайлар болмаса, біз ондай қадамға бармаймыз. Сондықтан өз дегенінен қайтпайтын азғана антиваксерлерге бола, отбасыларын өз еңбегімен асырап отырған азаматтарымыздың денсаулығын қатерге тіге алмаймыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Денсаулық сақтау министрлігіне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, тәуелсіз әлеуметтік сауалнама жүргізуге тапсырма берілді. Антиваксерлер деген кімдер екенін анық әрі нақты түсіну керек және олардың толық әлеуметтік бейнесін ашу қажет.

«Негізінен вирус жұқтыру деректері сауда ойын-сауық орталықтарында, кафелер мен ресторандарда болатынын ескеру керек. Мұндай жағдайда сақтану шаралары, соның ішінде вакцинация маңызды орын алады», — деді Мемлекет басшысы.

Президент өңірлердегі вакциналардың тапшылығына қатысты мәселені көтерді. Атап айтқанда Алматыда екпенің бірінші дозасы бойынша вакциналаудың бір-ақ күнгі көлемі (6,8 мың доза) қалған. Осы ретте бірқатар өңірде екпе егудің орташа қарқыны бойынша есептегенде қалған вакцина Алматыдағыдан ондаған есе көп. Денсаулық сақтау министрлігіне өңірлермен бірлесіп, вакцинация қарқынына дұрыс болжам жасауға, сондай-ақ, жарамдылық мерзімін ескере отырып, вакцинаны қайта жіберу жүйесін жолға қоюға тапсырма берілді.

«Иммунитет қалыптастыру үдерісін тежеп отырған тағы бір өзекті мәселе – вакцинацияның жалған паспорттары. Мұндай теріс құбылыстардың алдын алып, олардың таралуына жол бермеу маңызды. 16 шілдедегі мәлімет бойынша 65 қылмыстық іс қозғалған. Яғни, жұмыс басталды. Енді оны белсенді жалғастыру керек. Бұл өте ауыр қылмыс. Бұл – ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін іс-әрекет. Вакцинация паспортының қолдан жасалуына жол берген тұлғаларға қатысты қатаң жаза қолдануды тапсырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кеңес барысында вакцина өндірісі саласындағы көшбасшы елдерден әкелінетін екпелердің түрлерін кеңейту мәселесі де қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік жаңа «Спутник лайт» вакцинасын жеткізу және оны отандық фармацевтикалық алаңдарда шығару мәселесін пысықтауды тапсырды.

«Отандық QazVac вакцинасын қыркүйек айында шығару жоспарланып отырғанын ескере отырып, оның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелуін тездету қажет. Бұл – Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің жұмысы. QazVac вакцинасын екіжақты уағдаластықтар аясында үшінші елдердің нарығына шығару жұмыстарын ұйымдастыру маңызды. Үкіметке аталған мәселені ерекше бақылауға алуды және бір ай ішіндегі атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндауды тапсырамын», — деді Президент.

Мемлекет басшысы вакцинация мәселесінде отандық бизнестің бірегей ұстанымы аса маңызды деп санайды. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізбей, бизнеске қойылған санитарлық шектеулерді алып тастау мүмкін емес. Бұл бизнес пен тұтынушылар үшін көп жағдайда Ashyq цифрлық шешімнің арқасында мүмкін болып отыр.

«Соңғы кездері індет жұқтырғандардың және олармен байланыста болған адамдардың, яғни қоғамдық орындарға барған «қызыл» мен «сары» түс мәртебесі бар тұлғалардың саны арта түсті. Осы ретте арнайы бағдарлама оларды анықтағанда, ниеті бұзық адамдар басқа демалыс орындарын іздеуге ұмтылады. Мұндай жауапсыз тұлғалар айыппұлдардан мүлде қорықпайды, тіпті оларға ешкім айыппұл салмайтын сияқты. Әйтпесе, ЖСН-ді және иммундық мәртебені тіркеу жүйесі бар ғой. Азаматтар осындай жауапсыздықтары үшін жазалануы тиіс. Карантиндік шектеулерді сақтау талаптарын қатаңдатуды тапсырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайтынын айтты. Ол үшін денсаулық сақтау жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. 

«Ауруханалардағы төсек-орындарды індетпен ауырғандар үшін қайта дайындау ісіне байланысты жоспарлы операцияларды жасауға алтын уақытымыз кетіп жатыр. Нәтижесінде патологияның меңдеуі салдарынан қайтыс болған науқастардың саны артуда. Бұл емдеу ісінің табысты болу мүмкіндігін барынша төмендетіп, емге көп қаржының жұмсалуына әкеп соқтырады», — деді Мемлекет басшысы.

Ертең бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев елде күрделі ахуал қалыптасып отырғанын атап өтіп, жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмау керек екенін айтты.

«Жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін. Үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет», — деді Президент.

Мемлекет басшысы бүгінгі көтерілген мәселенің бәрі Үкіметтің ерекше бақылауында болуы тиіс екеніне тоқталды. Сонымен қатар Қазақстан азаматтарының өз денсаулықтарын, жақындары мен отбасыларын сақтауы қажеттігіне назар аударды. 

«Коронавирус біз үшін ең қымбат жандарды алып кетіп жатыр. Індетке қарсы күресте аға буын өкілдері зардап шегуде. Дегенмен, балалардың да ауырып жатқаны мазалайды. Ата-аналарынан вирус жұқтырған бір жастағы сәбилердің қатты ауыратынын елестетудің өзі ауыр. Жақында ғана бұл мүмкін еместей көрінген, бірақ қазіргі кезде мыңдаған бала осы қауіпті індетті жұқтырған. Өзіңді және жақындарыңды осы қатерден сақтаудың жалғыз жолы – вакцинация», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов сөз сөйледі.


Жаңалықтар тізбегі
27 Қазан 2021, 17:25
Нұр-Сұлтан қаласында 17-ші қазақстандық халықаралық көрме ашылды
26 Қазан 2021, 18:28
«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанды қалай өзгертіп жатыр: заманауи автомагистральдар және жаңа бағыттардың ашылуы
26 Қазан 2021, 10:54
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.10.2021
26 Қазан 2021, 10:42
Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді — С. Шәпкенов
26 Қазан 2021, 10:32
ҚР-да соңғы екі айда КВИ-мен сырқаттанушылық 4,5 есеге, өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді — А. Цой
26 Қазан 2021, 09:55
2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 1 млн-нан астам қазақстандық қамтылды
26 Қазан 2021, 09:43
А. Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды
25 Қазан 2021, 20:06
Е. Тоғжанов ғылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
25 Қазан 2021, 19:00
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру есебінен 60 мыңға жуық жұмыс орны құрылады — С. Брекешев
25 Қазан 2021, 15:16
А. Мамин Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары М. Варгамен екі елдің ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады
25 Қазан 2021, 10:50
26 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Қазан 2021, 09:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №134
23 Қазан 2021, 17:58
Ә. Смайылов қаржыгерлер аллеясының ашылу рәсіміне қатысты
23 Қазан 2021, 12:31
Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырудың маңызы зор — А. Мамин
23 Қазан 2021, 09:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 қазандағы №736 Қаулысы
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.