Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты

Сейсенбі, 23 Маусым 2020, 15:02:51

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде әлемнің барлық елі, оның ішінде Қазақстанның да коронавирус індетіне қарсы күресіп жатқанын айтты. Осыған орай, мемлекет тарапынан қолға алынған аса маңызды шараларға тоқталды. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлайды.

«Коронавируспен күресу үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Шағын және орта бизнес өкілдеріне бірқатар жеңілдік жасалды. Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан да көлемді қаржы бөлініп, мұқтаж жандарға нақты көмек беріліп жатыр. Бұл жұмысты «Nur Otan» партиясы белсенді түрде жүзеге асыруда. Осының бәрі бірлігіміздің бекемдігін көрсетеді», — деді Мемлекет басшысы.

Форум барысында Қасым-Жомарт Тоқаев індеттен қайтыс болған азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, вирус жұқтырғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Президент халықты осындай қиын-қыстау кезеңде зор жауапкершілік танытып, өздерінің, туыстарының және жақындарының денсаулықтарына жанашырлықпен қарауға шақырды. Мемлекет басшысы халқымыздың ауызбіршілік, сабырлық, жанашырлық секілді дәстүрлі құндылықтарын атап өтіп, медицина және полиция қызметкерлеріне, әскери және мемлекеттік қызметшілерге, волонтерлер мен журналистерге, сондай-ақ, қайырымдылық жасаған адамдарға ризашылық білдірді.

«Дәрігерлер, медбикелер, санитарлар мен жедел жәрдем қызметкерлері! Эпидемиямен күресте ең ауыр жұмыс сіздерге жүктелді. Сіздер күн сайын бүкіл елге ерік-жігердің, қайсарлықтың, батылдықтың ерен үлгісін көрсетіп келесіздер. Біз бұдан нағыз патриотизмді көреміз. Аса қиын жағдайларда ерлікке тән әрекет жасайтындарыңызды білемін. Пандемияның қайта өршіп, ауқымы кеңейе түскен кезде сіздер қорғаныс киімдерінің, қажетті дәрі-дәрмектердің, науқастарға арналған орындардың жетіспеушілігі және басқа да қиындықтармен бетпе-бет келіп отырсыздар. Біз бұл проблемаларды жақын арада шешеміз. Аталған жағдайды шұғыл ретке келтіру үшін Үкіметке нақты тапсырма берілді», — деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы әрбір 100 мың адамға шаққанда 80-нен аса азаматтың дертке шалдыққанын және мұның әлемдік статистика бойынша орташа көрсеткіш екенін айтты. Науқастар сапалы ем қабылдап жатыр. Бір топ медицина қызметкері жанкешті еңбектері үшін мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының жұмысын да жоғары бағалады.

«Қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық полицияның мінсіз қызметіне байланысты. Бүгінде карантин шараларының сақталуын қадағалап, бекеттерде қызмет етіп келесіздер. Бұл оңай жұмыс емес. Тіпті, қоғам өкілдері тарапынан сынға ұшыраған кездеріңіз де болды. Дегенмен тәртіп сақшыларының басым бөлігі – адал қызмет етіп жатқан азаматтар. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды», — деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Төтенше жағдай режимін тоқтатқаннан кейін азаматтарымыз босаңсып кеткен, қауіп-қатерді елемеген, медициналық тәртіп пен ескертулерді сақтамаған, тіпті, кейбір адамдар мұндай ауру жоқ деген қауесетке сенген. Сондықтан Үкімет карантин шараларын қайта күшейтті. Бірақ бұл көңіл-күйді түсіріп, сарыуайымға салынуға себеп емес. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз толыққанды, қалыпты тіршілігін жалғастыра беру керек деп санайды.

«Бүкіл әлемдегі адамдар карантин кезінде отбасыларымен арадағы қарым-қатынасты қалай бекіте түскені, балаларына көп көңіл бөліп, олардың проблемалары мен алаңдаушылығына уақыт арнағаны туралы өз тәжірибелерімен бөлісуде. Суретшілер, музыканттар, ақын-жазушылар карантин уақытында шығармашылықпен өнімді айналысқандарын айтуда. Яғни, әрбір қиындықтың өз қайыры болады. Әрбір дағдарыс жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біз бұл дағдарысты бірлесе отырып міндетті түрде жеңеміз, одан рухымызды шыңдап, дүниеге деген көзқарасымызды өзгертіп шығамыз», — деді Мемлекет басшысы.

«BIZ BIRGEMIZ» атты жалпыұлттық онлайн форумы аясында коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы шепте жүріп, ерлік көрсеткен бірқатар азамат Қазақстан Президенті тағайындаған «Халық алғысы» арнаулы медалімен марапатталды. Сонымен қатар елордада пандемиямен күрестегі азаматтарымыздың ерлігін мәңгі есте сақтау үшін ескерткіш орнатылады.


Жаңалықтар тізбегі
23 Қазан 2021, 17:58
Ә. Смайылов қаржыгерлер аллеясының ашылу рәсіміне қатысты
23 Қазан 2021, 12:31
Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырудың маңызы зор — А. Мамин
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.