Астанада Қазақстан машина жасаушылары одағының Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында М. Пішембаевтың төрағалығымен «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста Қазақстанның машина жасау саласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, жаңғыртудың алдағы үдерістерін жүзеге асыру, технологиялық қайта жарақтандыру, отандық машина жасаушы компаниялардың экспортқа бағдарланғандығын арттыру мәселелері қозғалды.

Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс, роботтандыру, автоматтандыру, аддитивті технологиялар, жасанды интеллект саласындағы соңғы әлемдік трендтерді ескере отырып, отырыс қатысушылары саланы дамытудың әрі қарайғы бағыты бойынша нақты шоғырландырылма ұсыныстар әзірледі.  

Отырыста Үйлестіру кеңесінің төрағасы ретінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек бірауыздан сайланды.

Отырыс барысында 2017-2018 жылдарға арналған Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспары бекітілді, сонымен қатар Астанада 2017 жылғы 20-21 қыркүйекте өтетін Қазақстан машина жасаушыларының V мерейтойлық форумының мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу