ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады.

«Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Елорда күнімен құттықтаймын! 

Біздің елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы өркендеуі мен жетістіктерінің айқын көрінісі, Қазақстан халқының күш-қуатының, оның ерік-жігері мен қиындықтарды қаймықпай еңсеріп, алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізе алуының айғағы. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи шешімінің, барлық қазақстандықтардың күш-жігері мен еңбегінің арқасында бүгінгі таңда елордамыз халқымыздың мақтанышына және Қазақстан экономикасының дамуының локомотивіне айналды.

Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, татулық пен игілік тілеймін!

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Асқар Мамин»

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу