Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

Сәрсенбі, 11 Қараша 2020, 17:52:48

Кездесу басында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы мен қалыптасу процесіне тоқталды. Бұл туралы Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Ширек ғасырда Ассамблея консультативтік-кеңесші органнан парламентте өкілдігі бар жалпыұлттық институтқа айналды. Ол азаматтық қоғамға тән әмбебап құрылымның озық үлгісін көрсете білді. Достық, бейбітшілік, тыныштық пен сенім қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналуына маңызды үлес қосты», — деді Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы.

Елбасы Қазақстанда тиісті заңдар қабылданғанын, соған сәйкес этносаралық және конфессияаралық келісімге нұқсан келтіретін кез келген әрекет конституцияға қайшы келетінін атап өтті.

«Қазақстанның бұл саладағы саясаты халықаралық талаптарға толық жауап береді. БҰҰ, ЕҚЫҰ сияқты іргелі ұйымдар еліміздің ұлтаралық қатынастар моделіне және ұлт бірлігін нығайтуға бағытталған күш-жігеріне үнемі жоғары баға беріп келеді», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.

Елбасы мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлі Қазақстандағы барлық этнос тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті коронавирус індеті эпидемиясы кезінде Ассамблея өкілдерінің халыққа қолдау көрсету бағытында атқарған жұмысын ерекше атап өтті.

Кеңес барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы қоғам келісімі мен ел бірлігін нығайту жолындағы негізгі міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Елбасы Үкімет тарапынан елдің тұрақты экономикалық дамуына, азаматтардың әлеуметтік жағдайын және жалпы елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар қабылданғанын атап өтті.

«Кәсіпкерлікті қолдау және экономикалық дамудың елімізде қабылданған мемлекеттік бағдарламалары бізге миллиондаған қазақстандықтарды тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жолдау ел өмірінің барлық саласындағы реформалардың ауқымды бағдарламасы іспеттес», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Этносаралық қатынастарда жаңа, инклюзивті саясатқа деген сұраныс барын айта келе, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы қоғамды біріктіру үдерістерін тереңдетуге бағытталған іс-шаралар әзірлеудің маңыздылығына тоқталды.

«Біз бірлік пен келісімнің қазақстандық моделінің интеграциялық әлеуетін тиімді әрі белсенді түрде жүзеге асыруымыз керек. Қазақстанның этностық және мәдени әралуандығын бәсекелік артықшылыққа және елді дамытудың, тәуелсіздікті нығайтудың тиімді тетігіне айналдыру жұмысын жалғастыру қажет. Татулық, келісім мен бірлік мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты болып қала береді. Бұл – этносаралық қатынастар саласындағы мызғымас ұстаным және ол өзгермейді», — деді Елбасы.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті қазақ тілінің біріктіруші факторға айналып, ел бірлігін одан әрі нығайту үшін әлеуеті зор екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту үшін қазақ халқының артып келе жатқан тарихи рөлі мен жауапкершілігіне тоқталып өтті.

«Қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп нық сеніммен айта аламыз. Халқымыздың басым бөлігі – қазақ. Сонымен бірге өзімізді, ұлттық намысымыз бен қадір-қасиетімізді және тілімізді құрметтей отырып, еліміздің дамуына үлесін қосып жатқан басқа да отандастарымызға құрметпен қарауымыз керек. Қазақстанның және оның барлық азаматтарының мықты және тартымды болашағының бейнесін тек бірлесе қалыптастыруға болады», — деді Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы.

Сондай-ақ Елбасы барлық этнос өкілдерін ел өміріне белсене атсалысуға шақырды.

«Халықтың үштен бірі – түрлі этнос өкілдері. Қазақстанның жетістіктеріне қосқан олардың үлесі баршаға аян және біз осы әлеуетті одан әрі арттыруға тиіспіз. Әсіресе, бұл этникалық топтар бір аумақта шоғырланған жерлерге қатысты. Бір жағынан онда осы этностардың дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтау және дамыту үшін тиісті жағдай жасалған. Ал екінші жағынан осы негізде біз мәдени, лингвистикалық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ашық, оқшауланбаған қоғамдастықтарға қолдау көрсетуіміз керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ассамблеяның ақпараттық-идеологиялық жұмысында жастар арасындағы толеранттылықты күшейтуге және ксенофобияға қарсы күреске ерекше мән беру керектігін атап өтті.

«Ассамблея елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің ортақ тілегі мен ұмтылысының арқасында құрылды. Ассамблея – бүкіл халқымыз бірлесіп көтерген ортақ бір шаңырақ. Бәріміз оны қастерлеуіміз керек. Біздің интеграциялық моделіміз – әрі қарай өмір сүріп, дами беретін әлеуметтік-мәдени, өркениетті тірегіміз», — деді Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы.

Кеңес отырысы барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңа орынбасарлары таныстырылды: Алматы облысы Ұйғыр мәдени орталығының төрағасы Закиржан Пирмухамедович Кузиев және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Kazakh TV» телеарнасының директоры Бекбаева Мая Төлегенқызы.


Жаңалықтар тізбегі
26 Қазан 2021, 18:28
«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанды қалай өзгертіп жатыр: заманауи автомагистральдар және жаңа бағыттардың ашылуы
26 Қазан 2021, 10:54
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.10.2021
26 Қазан 2021, 10:42
Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді — С. Шәпкенов
26 Қазан 2021, 10:32
ҚР-да соңғы екі айда КВИ-мен сырқаттанушылық 4,5 есеге, өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді — А. Цой
26 Қазан 2021, 09:55
2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 1 млн-нан астам қазақстандық қамтылды
26 Қазан 2021, 09:43
А. Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды
25 Қазан 2021, 20:06
Е. Тоғжанов ғылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
25 Қазан 2021, 15:16
А. Мамин Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары М. Варгамен екі елдің ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады
25 Қазан 2021, 10:50
26 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Қазан 2021, 09:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №134
23 Қазан 2021, 17:58
Ә. Смайылов қаржыгерлер аллеясының ашылу рәсіміне қатысты
23 Қазан 2021, 12:31
Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырудың маңызы зор — А. Мамин
23 Қазан 2021, 09:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 қазандағы №736 Қаулысы
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.