Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қарағанды облысында ШОБ үлесі жыл сайын артып келеді —  Ж. Қасымбек

Жұма, 25 Маусым 2021, 12:58:41

2020 жыл өте күрделі болғанына және экономикалық әрі әлеуметтік дамудың барлық салаларында көптеген қиындықтар туындағанына қарамастан, Қарағанды облысында негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамиканы сақтауға қол жеткізілді. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

Мәселен, пандемия кезеңінде шағын және орта бизнес субъектілерінің санын қысқартуға жол берілмеді. Жұмыссыздық деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен төмен – 4,5%. Халықтың табысы да 200 мың теңгеден асты. Осылайша, өткен жылды пандемияға қарамастан, Қарағанды облысы айтарлықтай сенімді өткізді, дегенмен, әрине, бірқатар көрсеткіштер біршама төмендеді.

Сондай-ақ Ж. Қасымбектің айтуынша, мұндай трендтер биыл да сақталып отыр.

«Негізгі көрсеткіштер, атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің өсімі 103%-ды, ауыл шаруашылығы да 103%-ды құрады, ШОБ тұрақты даму қарқынын көрсетіп отыр. Жыл соңына дейін осы динамиканың сақталуын күтеміз», — деді ол.

ШОБ туралы айта кетсек, өңір экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі жыл сайын артып келеді. Қазір ол 16-17% деңгейінде. Шағын және орта бизнес барлық жұмыспен қамтылған еңбекке қабілетті халықтың 38%-ын жұмыспен қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты ШОБ субъектілері халықаралық нарықтардағы металдарға және басқа да экспорттық позицияларға баға конъюнктурасының өзгеруіне қарамастан өңірге қосымша тұрақтылық береді деп айтуға болады. 

«Сондықтан біз ШОБ-ты дамытуға аса мүдделіміз. Егер бұған дейін Қарағанды шахтерлер қаласы болса, қазір мұнда шағын және орта бизнес көп. Жан-жақты практикалық қолдау көрсетілуде», — деді Қарағанды облысының әкімі.

Жалпы, қазіргі уақытта облыста 90 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Бұл сегменттің жыл сайынғы өсу қарқыны шамамен 10% құрады. Өткен жылы пандемияға байланысты бірнеше басқа көрсеткіштер болды, олар 3%-ға өсті.

Бүгінде шағын және орта бизнес облыс экономикасына 1,6 трлн теңге береді. Өсу қарқыны бойынша бұл ел бойынша үшінші көрсеткіш. Осыдан шағын және орта бизнестің жақсы инвестициялық ахуалға және даму үшін жеткілікті қолайлы жағдайға ие деп қорытынды жасауға болады.

ШОБ облыс бойынша барлық жұмыс орындарының 18%-ын береді. Жыл сайын бұл үлес артып келеді. Бұған «Ауыл – ел бесігі», «Еңбек», Жұмыспен қамтудың жол карталары және басқа да бірқатар мемлекеттік бағдарламалар ықпал етуде. Олар сондай-ақ ШОБ, жеке кәсіпкерліктің жаңа кәсіпорындарын ашуға мүмкіндік береді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Шілде 2021, 09:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №121
24 Шілде 2021, 11:38
А. Мамин Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті
23 Шілде 2021, 20:20
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселелерін қарады
23 Шілде 2021, 15:06
Жартыжылдық қорытындысы: Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні тұрақты өсім көрсетіп отыр
23 Шілде 2021, 10:44
Мұнай өндіру, мектептер салу және туризмді белсенді дамыту — Маңғыстау облысында қандай жобалар іске асырылып жатыр
23 Шілде 2021, 09:44
Қажмұқан Бекмұқашев ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
22 Шілде 2021, 18:49
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
22 Шілде 2021, 13:45
Биыл жол салуға бөлінген қаражат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмсалады — Маңғыстау облысының әкімі
22 Шілде 2021, 13:45
Алдағы қыс маусымына жем-шөп қорын құру үшін тиісті қаражат бөлінуде — Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
22 Шілде 2021, 13:34
С. Трұмов: халықаралық деңгейдегі туризм нысандарының салынуы облыс экономикасының дамуына зор серпін береді
21 Шілде 2021, 18:27
Е. Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
21 Шілде 2021, 15:38
А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары: туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым, АӨК, цифрландыру   
21 Шілде 2021, 12:07
Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды
19 Шілде 2021, 21:29
Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
19 Шілде 2021, 21:23
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелерін қарады
19 Шілде 2021, 18:20
Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
19 Шілде 2021, 15:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
16 Шілде 2021, 16:13
Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РЕСЕЙ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
14 Шілде 2021, 18:38
Ғабит Сыздықбеков ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
14 Шілде 2021, 17:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №429 Қаулысы
14 Шілде 2021, 17:20
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
14 Шілде 2021, 17:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №441 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №460 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №466 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №457 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №459 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы
13 Шілде 2021, 17:59
2021 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға өсті — Б. Сұлтанов
13 Шілде 2021, 16:15
Үкіметте 2021 жылы халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды
13 Шілде 2021, 16:08
Үкіметте Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
12 Шілде 2021, 19:10
ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады
12 Шілде 2021, 14:48
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
12 Шілде 2021, 12:08
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
11 Шілде 2021, 10:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №120
10 Шілде 2021, 16:55
ҚР Ұлттық банкі «цифрлық теңгені» енгізу бойынша пилоттық жобаны дайындап жатыр
10 Шілде 2021, 16:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Е. Қарашөкеевті таныстырды
09 Шілде 2021, 18:27
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді
09 Шілде 2021, 09:15
Қанат Ысқақов ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 20:36
Марат Қарабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 19:36
Е. Тоғжанов Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
06 Шілде 2021, 17:35
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады
04 Шілде 2021, 11:06
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №119
03 Шілде 2021, 19:26
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
02 Шілде 2021, 20:42
Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты
02 Шілде 2021, 17:22
А. Мамин ЕАДБ отырысын өткізді – Банктің 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді
02 Шілде 2021, 17:20
А. Мамин Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
02 Шілде 2021, 14:17
ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
02 Шілде 2021, 14:04
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Шілде 2021, 13:43
А. Мамин «Алтын Орда» көлік айрығын реконструкциялауды 2021 жылғы қазанда аяқтауды тапсырды
02 Шілде 2021, 13:08
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін Алматы метросының «Сарыарқа» және «Достық» станцияларының құрылысын аяқтауды тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.