ҚР Үкіметі басшысы Серік Ахметов бірінші Алматы инвестициялық форумында сөз сөйледі

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Алматыға жұмыс сапары барысында бірінші Алматы инвестициялық форумына қатысып, сөз сөйледі.

Үкімет басшысы Қазақстанның және Алматы қаласының инвестициялық ахуалын жақсартудағы форумның әлеуетін атай отырып, жинақталған тікелей шетел инвестициясы көлемінің тұрғындардың жан басына шаққанда 2012 жылы 6,5 мың АҚШ долларын құрағанын хабарлады.

С.Ахметовтің айтуынша, «бұл көрсеткіштерге макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қолайлы инвестициялық ахуал құру бойынша жүйелі шаралардың арқасында қол жеткізілді». Сонымен, Қазақстанда 8 мыңға жуық кәсіпорын шетел капиталының қатысуымен белсенді жұмыс істеуде. Оның ішінде «Fortune-500» және «Global-2000» тізіміне енген ірі трансұлттық компаниялар бар. Үстіміздегі жылы Қазақстанда автокөлік құрастыру бойынша «Тойота» және «Пежо» компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

С.Ахметов Мемлекет басшысының бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға айрықша көңіл бөлетініне тоқталып, қолданыстағы заңнамада құрал-жабдықтарды импорттау кезінде кедендік салықтан босату, жер телімдері түріндегі гранттар, жекелеген салықтар бойынша жеңілдіктер түріндегі бірқатар инвестициялық мұрсаттардың қарастырылғанын атап көрсетті. Шетел инвесторларының барып-келу жағдайлары жақсарып, инвесторлық визаларды алу мерзімдері қысқарды.

Қазақстанның өңірлерінде инвесторлар үшін жобаларды жүзеге асыруды бастауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін арнайы қызмет көрсету орталықтары құрылған.

«Инвестицияларды тартуда және бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауда мемлекет пен инвестор арасындағы тікелей тіл қатысулардың маңызын атай отырып», Үкімет басшысы бұл орайда ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің тиімділігіне тоқталды. Ол сондай-ақ Кеңестің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша және ведмоствоаралық жұмыс топтарының табысты қызметтерін атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, 2013-2014 жылдарға арналған Дүниежүзілік экономикалық форумда жарияланған инвесторлардың құқықтарын қорғау индексіне сәйкес, Қазақстан бірқатар Еуропа елдерін басып озып 10-шы орынды иеленді.

Президенттің «Қазақстан-2050 Стратегиясы» шеңберінде алға әлемнің дамыған 30 елінің құрамына ену міндетін қойғанына тоқталған С.Ахметов «бұл мақсатқа жету үшін инвестициялық саясатты одан әрі дамыта түсу мәселесінің негізгі тетік болып табылатынын атап көрсетті».

Премьер-Министр форумға қатысушыларға жаңа бастамаларды жүзеге асыруда табыс тілеп, Қазақстан үкіметі есігінің әріптестік пен диалог үшін әрқашан ашық екеніне сендірді.

С.Ахметов сондай-ақ Алматыға жұмыс сапары барысында №182 бала бақшаға барып, онда білім мен денсаулық сақтау бағдарламаларын жүзеге асыру барысымен танысты.

Премьер-Министр одан соң Алматы метрополитеніне барып, Абай стансасынан Алмалы стансасына дейін метромен жүрді. Мұнда Үкімет басшысын мегаполистің көлік инфрақұрылымдарын дамыту перспективаларымен таныстырды.

Бұдан басқа, С.Ахметов «Ескі тұрғын үй» бағдарламасы аясында салынған көп пәтерлі үйге барып, тұрғын үй құрылысы бағдарламасын орындау барысымен танысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу