Мемлекет басшысы АТ саласындағы келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің АТ саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы ҚР Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мемлекет басшысы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына» қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу