Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев

Сейсенбі, 14 Қыркүйек 2021, 15:54:23

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2021-2022 жылдарға жылу беру маусымына дайындық барысы туралы мәселе қаралды. Қабылданып жатқан шаралар туралы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек және Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баяндады.

Энергетика министрі М. Мырзағалиев атап өткендей, жүйелік оператор бекіткен кестеге сәйкес электр станциялардағы 4 энергоблок (50%), 18 қазандық (38%), 19 турбина (39%) жөнделді. Ал 2 энергоблок, 25 қазандық пен 16 турбинаны бойынша жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

«Бүгінгі күнге жоспар бойынша 20 464 км электр беру желілерінің 13 773 км жөнделсе, ал 462 қосалқы станцияларының 316 қалпына келтірілді. Бұл желілер бойынша жылдық жоспардың 67%, ал қосалқы станциялар бойынша 68% құрайды», — деді М. Мырзағалиев.

Министр атап өткендей, алайда, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу мерзімдері сақталмаған.

«Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті облыс әкімдіктерімен бірлесіп, энергетикалық кәсіпорындардың алдағы жылыту маусымына дайындығына тұрақты бақылау жүргізіп, электр станцияларындағы жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтау бойынша шаралар қабылдап жатыр», — деді М. Мырзағалиев.

Министр жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы 485 қазандықты жылыту маусымына дайындау үшін 1 209 қазандықтың 925-іне жөндеу жүргізілді.

Бұл ретте Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстары бойынша жоспардан едәуір артта қалушылық байқалады. Бұл алдағы жылыту маусымының сенімді өтуіне қауіп төндіреді.

Электр станцияларында отын жинақтау жалғасуда. Қоймаларында 3,5 млн тонна көмір және 90 мың тонна мазут жинақталған. Бұл жалпы бекітілген нормаларға сәйкес келеді.

Өңірлерге жеткізілетін «әлеуметтік мазутқа» қатысты айтатын болсақ, 2021 жылдың тамызында Энергетика министрлігі 2021-2022 жж. күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерге мазут жеткізу бойынша графигін бекітті. Соған сәйкес мазуттың бекітілген көлемі 195,5 мың тонна болған.

Министр энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін ауқымды кредиторлық берешегі маңызды мәселе екенін айтты. 

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегіне «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы берешек 757 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың «Богатырь-Көмір» кәсіпорны алдында жалпы сомасы 2, 629 млрд теңге берешегі бар.

Сонымен қатар, жылыту маусымына дайындық бойынша жүргізілген талдауға сәйкес ерекше назар аударуды талап ететін бірқатар өңірлер анықталды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша

Нарық субъектілері арасында төлемақы жүргізбей, берешек жинақтау бойынша проблемалар бар. Бұл энергия өндіруші ұйымдар тарапынан тұтынылған газ үшін төлеуге де әсер етеді.

Сонымен қатар өңірдегі 83% электр желісінің ескіріп тозуына байланысты авариялық ажыратудың өсу қаупі байқалады. Батыс Қазақстан Өңірлік электр желілік компаниясының меншік иесі – Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне шұғыл шаралар қабылдау ұсынылады. 

Қарағанды облысы бойынша

Қарағанды облысының әкімдігіне Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетімен бірлесіп, Теміртау қаласында күзгі-қысқы кезеңнің өтуін ерекше бақылауда ұстау қажет.

 «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорының екінші жылыту электр орталығындағы негізгі жабдықтың техникалық нашар жағдайы және жөндеудің төмен қарқыны Теміртау қаласының жылумен жабдықтау тапшылығына әкелуі мүмкін. 

Сонымен қатар «BASSEL GROUP LLS» кәсіпорны ГРЭС-1 электр станциясындағы жұмысы ерекше назар аударуды талап етеді. Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бастап аталған электр станциясы толық тоқтатылып, 4 авариялық ажырату болды.

«Энергетика министрлігіне Қарағанды облысы Шет ауданының тұтынушыларына электр энергиясын беруді және таратуды жүзеге асыратын «Шет Энерго» кәсіпорны қызметіне халықтан көптеген шағымдар түсуде.Министрлік «Шет Энерго» кәсіпорнына қатысты бақылау жұмыстарының нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдады», — деді М. Мырзағалиев.

Бұдан басқа, Ұлттық экономика министрлігіне және Қарағанды облысының прокуратурасына табиғи монополиялар субъектісі – «Шет Энерго» кәсіпорнына ден қою  шараларын қабылдау жөнінде хаттар жолданды.

Түркістан облысы бойынша

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, Кентау жылу электр орталығы «Кентаусервис» жылу желілерінің жөндеу жұмыстарын қаржыландыру проблемасы бар. Жөндеу жұмыстары жалпы сомасы 1 млрд 980 млн теңгеге жоспарланған. Сондай-ақ алдағы жылыту маусымын өткізу үшін отын сатып алуға 1 млрд 273 млн теңге қажет. Бүгінгі таңда Түркістан облысының әкімдігі 646 млн теңге бөлді. Бұл қажетті қаржыландыру сомасының тек 20% ғана құрайды.

Электр станциясының негізгі жабдықтарын жөндеу көлемінің төмендеуін ескере отырып, Түркістан облысының әкімдігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетімен бірлесіп, электр станциясының пайдаланылуын және алдағы күзгі-қысқы кезеңнің апатсыз өтуін бақылауға алу қажет.

Ақмола облысы бойынша

2021 жылдың 10 шілдесінде болған ірі авария салдарынан Ақмола облысы Талапкер кентінің әуе электр желілеріндегі сымның 4 аралығы күйіп кетті.

Аппаттық-қалпына келтіру жұмыстары уақытша және Талапкер кентін электрмен жабдықтау сенімділігін айтарлықтай төмендетеді.

Ақмола облысының әкімдігіне зақымдалған электр желілерін қалпына келтіруді қаржыландыру мәселесін шешіп, алдағы жылыту маусымы басталғанға дейін Талапкер кентін электрмен жабдықтаудың қалыпты схемасын қамтамасыз ету қажет.

Жалпы, министрдің айтуынша, 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезенді сәтті өткізу үшін келесі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

  1. электр станцияларындағы, электр желілеріндегі барлық жөндеу жұмыстарын толық көлемде орындау;
  2. отын жеткізушілер алдындағы берешекті азайту, коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешегін төмендету;
  3. елді мекендердің білім беру, денсаулық сақтау, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін, әлеуметтік және мәдени сала объектілерін жылумен жабдықтау жүйесіне уақтылы қосуды қамтамасыз ету;
  4. еліміздің тіршілік үшін өте маңызды коммуналдық объектілерін, әсіресе коронавирустік жағдайды ескере отырып, денсаулық сақтау объектілерін дербес электрмен жабдықтаудың резервтік көздерімен қамтамасыз ету;
  5. жылыту кезеңінде электр станцияларына, қазандықтарға және өңір халқының қажеттіліктеріне көмір мен мазуттың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету қажет.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі алдағы 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына сапалы және уақтылы дайындалу мақсатында жұмыс жоспарын бекітті, оған сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің 100% дайындығын қамтамасыз етуі және 2021 жылғы 15 қазанға дейін барлық коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала объектілерін, тұрғын үйлерді дайындауды аяқтауы және барлық дербес жылу көздерін отынның нормативтік қорымен қамтамасыз етуі қажет болды.

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінен бастап Президент Әкімшілігімен бірлесіп өңірлердің алдағы жылу беру маусымына дайындығын тексеру жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы кезеңде білім беру объектілерінің дайындығы 99% құрайды.

Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері білім беру объектілеріндегі жұмыстарды аяқтау бойынша шұғыл шаралар қабылдауы қажет.

Бүгінгі күні денсаулық сақтау объектілерінің дайындығы 99% құрайды.

Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері объектілердің жылу беру маусымына дайындығы бойынша жұмысты аяқтауы қажет.

Республика бойынша 48 мыңнан астам тұрғын үйді жөндеу жоспарланған, бүгінгі күні дайындық 94% құрайды.

Жоспардан 4 өңір артта қалып отыр, бұл Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы.

Дербес қазандықтар бойынша әкімдіктер 11 мыңға жуық дербес қазандықты жөндеуді жоспарлаған, олардың 10 мыңнан астамы дайындалды, бұл жоспардан 99%.

Жылу желілер бойынша жоспарланған шамамен 4 мың км жылу желілерінің 3,8 мың км астамы немесе 96% жөнделді. Жоспардан 4 өңір артта қалып отыр.

Сумен жабдықтау және су бұру бойынша шамамен 14 мың км желілерді жөндеу жоспарланған, іс жүзінде 13,6 мың км немесе 99% жөнделді.

«Әкімдіктер жылу беру маусымына инженерлік инфрақұрылымды, әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үйлерді уақытылы дайындау бойынша шараларды күшейтуі қажет», — деді Б. Атамқұлов.

Дербес қазандықтар үшін алдағы жылу беру маусымына отынға деген қажеттілік шамамен 3 млн тонна көмір мен 68 мың тонна мазутты құрайды.

Бүгінгі күні 2,6 млн тонна көмір және 60 мың тонна мазут дайындалды.

Көмір сатып алу Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, мазут сатып алу Ақмола, Түркістан және Ақтөбе және Қызылорда облыстарында төмен екені байқалады.

«Дербес қазандықтарға отынды уақытылы сатып алу және жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет» — деді Б. Атамқұлов.

Министрлік апта сайын халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету бойынша мониторинг  жүргізіп отыр.

Көмір өндіруші компаниялардың жедел деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-тамызда шамамен 68 млн тонна көмір өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,5% құрайды.

Ірі көмір компаниялары бөлінісінде «Богатырь көмір», «Шұбаркөл көмір» және «Қаражыра» бойынша өндірудің өсуі байқалады.

«Жалпы, барлық өңірлерде жеткілікті мөлшерде көмір қоры жинақталған, дүрлікпе мен тапшылық болмайды. Теміржол көлігі паркі көмірді толық көлемде тасымалдауды қамтамасыз етеді» — деді Б. Атамқұлов.

Әкімдіктердің деректері негізінде Министрлік 2021-2022 жылдар кезеңіне арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір өнімдерінің қажеттілік жоспарын қалыптастырды.

Осы жоспарға сәйкес тұтыну көлемі шамамен 9,2 млн тоннаны құрайды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 2,8 млн тонна, халыққа – 6,4 млн тонна.

2021 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша қажеттілік жоспарына сәйкес көмір қорымен қамтамасыз ету мыналарды құрайды: коммуналдық-тұрмыстық секторды қамту – 73%, халықты қамту – 60%.

Министр көмір бағасы нарықтық қатынастарда қалыптасатынын және мемлекет тарапынан реттелмейтінін айтты.

Әкімдіктердің ақпараты бойынша өңірлердегі көмірдің құны тоннасына 5 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін өзгереді, бұл ең алдымен көмірдің маркасына, өндіру шығындары мен жеткізу қашықтығына байланысты.

«Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеуді жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. Бүгінгі күні биржалық комитеттің хаттамасымен коммуналдық-тұрмыстық көмірді тауар биржалары арқылы өткізу бойынша секциялық қағидалар бекітілді», — отметил Б. Атамкулов.

Министрлік өңірлік операторларға қойылатын талаптар бөлігінде ұсынымдар әзірледі.

Осы ұсынымдар негізінде әкімдіктер өңірлік операторларды анықтады, олар қазіргі уақытта сауда-саттыққа делдалдарсыз тікелей қатысады және көмірді соңғы тұтынушыға, яғни халыққа сатады.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 14,4 млрд теңгені құрайды.

Министр 4 өңірде ең көп дебиторлық берешек барын айтты.

Жалпы, жылу беру маусымына дайындық бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізілуде және министрліктің тұрақты бақылауында.

Алдағы жылу беру маусымына уақытылы дайындалу мақсатында әкімдіктер:

  • белгіленген мерзімде білім беру, денсаулық сақтау объектілерін, тұрғын үйлерді және елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дайындау бойынша барлық жөндеу жұмыстарының орындалуына бақылауды қамтамасыз етуі;
  • көмір тапшылығын болдырмау мақсатында көмір жеткізушілерімен белсенді өзара іс-қимыл жасауы;
  • монополияға қарсы ведомствоның аумақтық бөлімшелерін тарту арқылы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір бағасының заңсыз өсуін болдырмауы;
  • дербес қазандықтар үшін отынды уақтылы дайындау және қолда бар дебиторлық берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдауы тиіс.

Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбектің айтуынша, облыс аумағында жылыту маусымына дайындық аяқталды.

Қарағанды, Балқаш және Жезқазған қалаларының станцияларында кестеге сәйкес 12 қазандық пен 7 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды.

«АрселорМиттал Теміртау» 2-ші жылу орталығы жылыту маусымында бес қазандықпен кіреді. Бұл температураны ұстап тұруға жеткілікті. Алтыншы қазандық ағымдағы жылдың  10 қарашасына дейін іске қосылады», — деді Ж. Қасымбек.

Теміртау қаласының 2-ші жылу орталығының жаңа № 7 қазандығының құрылысы бойынша әкім бүгінгі күні Подольск машина жасау заводынан станцияға жабдықтарды жеткізу жүргізілуде екенін айтты. Мердігер ұйым бас ғимараттың құрылыс жұмысын жүргізуде.

Жаңа қазандықты іске қосу 2022 жылдың қазан айында жоспарланып отыр.

Станцияларда отын қоры бар, жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

Әкімнің айтуынша, тіршілікті қамтамасыз ету, әлеуметтік-мәдени тұрмыстық және тұрғын үй қоры объектілерін дайындау бойынша жоспарланған жұмыс көлемдері толығымен аяқталды. Қазіргі уақытта жылумен жабдықтау желілерін толтыру және опрессовка бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстарды ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар ол облыс аумағында жылыту маусымын ауа райына жағдайына байланысты қыркүйек айының соңында, қазан айының басында бастау жоспарланып отырғанын жеткізді.

Өз кезегінде әкім Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысында қазіргі уақытта жылыту маусымына дайындық бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты.

Облыстың энергия көздерінде жоспарланған 30 негізгі жабдықтың 16-сы жөнделді, 11-і жөнделуде, үшеуінде жөндеу мерзімі келген жоқ.

«Қазақстан алюминийі» жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары бойынша аздаған кешігу бар, бірақ ол жылыту маусымының өтуіне әсер етпейді.

Сонымен қатар, облыстың энергия көздерінің көмір қоймаларында 1,1 млн тонна көмір және 16,2 мың тонна мазут бар. Екібастұз ГРЭС-1-де және Екібастұз жылу электр орталығында артта қалушылық бар.

«Екібастұз ГРЭС-1-мен «Восточный» разрезінен қосымша көмір жеткізуге шарт жасалуда, бұл отынның нормативтік 10 тәуліктік қорын қамтамасыз етеді», — деді Ә. Сқақов.

Екібастұз жылу электр орталығы бойынша берешекті өтеу мәселесі банктермен қазан айының соңына дейін шешіледі. Қажетті 10 тәуліктен артық қор қыркүйектің соңына дейін қамтамасыз етілетін болады.

Қазіргі уақытта облыста 1 724 км электрмен жабдықтау желілері, 704 қосалқы станция, 12,8 км жылумен жабдықтау желілері, 14,1 км сумен жабдықтау және су желілері жөнделді. Жұмыстар кестеге сәйкес жүруде.

«Бұдан басқа, бюджет қаражаты есебінен №42 жылу магистралінің құрылысы бітті және №31 жылу магистралінің құрылысы аяқталуда. Олар Дачный, Усольский шағын аудандары мен Павлодар қаласының орталық бөлігінің проблемалы учаскелерін қажетті жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді Ә. Сқақов.

Облыс тұрғындарын коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету әкімдіктің ерекше бақылауында. Бүгінге тұрғындар шамамен 256 мың тоннаны немесе 60% дайындады.

Қалалар мен аудандардағы отын базаларында қосымша 14,7 мың тонна көмір қоры бар. 

Әкімнің айтуынша, блыста көмір тапшылығы жоқ, көмір еркін сатылымда.

Жылу беру маусымының басталуына барлық автономды қазандықтар, білім беру және денсаулық сақтау объектілері дайын. Әлеуметтік объектілерге көмірді тасып жеткізу мерзімде қамтамасыз етілуде – бүгінге 101 мың тонна немесе 68,4% жеткізілді.

Облыста 2176 көппәтерлі тұрғын үй немесе 91%-ы дайын.

Жылуға бірінші кезекте білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілер қосылады, ауа райына байланысты қосу 16 қыркүйекке жоспарланды.

«Жылу беру маусымына дайындық облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында», — деді Ә. Сқақов. 

 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.