Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Дүйсенбі, 13 Қыркүйек 2021, 19:33:58

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен негізгі әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес өткізді.

Білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму министрлері әлеуметтік саланың негізгі бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндады. Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындауға ерекше назар аударылды.

Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес бүгінде республикада жалпы контингенті 250 мың баланы құрайтын 147 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Олардың ең көп саны Алматы (50), Маңғыстау (16) облыстарында, Шымкент қаласында (14) орналасқан.

Вице-премьер үш ауысымды оқыту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын жедел шешудің маңыздылығын атап өтті. Ол үшін оңтайлы шешім – жылдам тұрғызылатын аз шығынды модульдік мектептер салу.

Денсаулық сақтау саласында жоғары білікті кадрлар тапшылығы, ауруханаларды қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру проблемалары өзекті күйінде қалып отыр. Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің әлеуметтік қолдау шараларымен төмен қамтылуы Түркістан облысында 7%, Ақтөбе облысында 12%, Алматы облысында 13% және Павлодар облысында 18% құрайды.

Е. Тоғжанов медицина кадрларын даярлауға гранттар санын көбейтуді, барлық жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етуді, оған қосымша қажеттілікті анықтау үшін медициналық жабдықтарға егжей-тегжейлі инвентаризация жүргізуді тапсырды.

Бұқаралық спорт саласында балаларды мемлекеттік спорттық тапсырыспен қамтудың ең төмен көрсеткіштері Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қостанай облыстарында байқалды.

Премьер-Министрдің орынбасары халықты, бірінші кезекте балаларды бұқаралық спортпен қамтуды ұлғайтуға, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін, мәдениет объектілерін салуға, кітапханалар мен мұрағаттар жұмысын жаңғыртуға ерекше күш салу керектігін атап өтті.

Вице-премьер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің З0 жылдығын мерекелеуге бүкіл қоғамды тарту, сондай-ақ іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға азаматтардың қатысуы үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ әкімдіктердің ақпаратын тыңдаған Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов жергілікті жерлерде қаржыландырудың қажетті көлемін қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік сипаттағы өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Кеңес бағдарламасы шеңберінде өңірлер әкімдерінің орынбасарлары салынып жатқан 800 төсектік көпбейінді университет ауруханасының және BINOM жаңа форматтағы мектебінің тұсаукесеріне қатысты, сондай-ақ тез тұрғызылатын модульдік мектептер салу арқылы жаңа оқу орындарын құрудың оңтайлы нұсқалары көрсетілді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.