Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев

Сейсенбі, 14 Қыркүйек 2021, 11:14:09

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, биылғы жылдың тамыз айында сыртқы қаржы және тауар нарықтарындағы, сондай-ақ ішкі экономикадағы ахуал тұрақты болып қалды. Бұл туралы қаржы реттеушісінің басшысы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтты.

«Әлемдегі жоғары іскерлік белсенділік аясында тауарларға сұраныстың артуы бағаның өсуіне әсер ететін ұсыныс мүмкіндіктерінен асып түсуде. Нәтижесінде инфляциялық процестер тұтыну нарықтарында сақталып отырған теңгерімсіздіктер аясында дамыған елдерде, сол сияқты дамушы елдерде де бұрынғысынша жеделдей түсуде», — деді ҚР ҰБ басшысы. 

Азық-түлік нарықтарындағы теңгерімсіздіктер ең көп әсер етуде. Биылғы тамызда 2 ай баяулағаннан кейін әлемдегі азық-түлік бағасы қайта өсуін жалғастырды. ФАО азық-түлік бағаларының индексі жылдық мәнде 32,9%-ке ұлғайып, 127,4-ке жетті, бұл қант, өсімдік майлары мен дәнді дақылдар бағасының айтарлықтай көтерілуіне байланысты орын алды.

Бидай дақылдарынан алынатын астық түрлерінің нашарлауына байланысты дәнді дақылдарға әлемдік баға индексі 129,8-ге дейін, өсімдік майларына әлемдік баға индексі ұсыныстың қысқаруы және сұраныстың өсуі нәтижесінде 165,7-ге дейін, қантқа әлемдік баға индексі Бразилиядағы құрғақшылық салдарынан 2017 жылғы ақпаннан бастап ең жоғарғы баға – 120,1-ге дейін өсті.

Азық-түлік нарықтарында сақталып отырған теңгерімсіздік әлемдегі, тиісінше Қазақстандағы инфляция динамикасына теріс әсер етуде. Бүкіл әлемдегі өндірушілер шикізат пен дайын өнімнің жеткізілімдері мен жоғары бағаларының сақталып отырған проблемалары туралы хабарлады. 

Сұраныстың айтарлықтай өсуі аясында өндірушілер негізгі компоненттердің жетіспеушілігіне және шикізат тауарлары бағасының өсуіне тап болып, өнімді тасымалдау мүмкіндігі үшін бір-бірімен бәсекелесуге мәжбүр болды. Бұл фрахт ставкаларының рекордтық деңгейге дейін өсуіне, сондай-ақ экспорттаушылар бағасының жоғарылауына алып келді. Контейнерді жөнелту құны 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,4 есе өсті, бұл бағаның алдағы уақытта көтерілетінін білдіреді. Осыған орай өндірушілердің бағасы Америка құрама штаттарында 7,7%, Еуроодақта 12,2%, Қытайда 9% ең жоғары мәндерге жетті.

Қазақстандағы жеткізулер мен шикізат бағасының жоғары болу проблемасына байланысты өндірушілер бағасының жылдық өсімі биылғы шілдеде 14,2%-ке жетті. Қазақстандағы экономиканы қалпына келтіру дайын өнімге сұраныстың өсуі аясында өндірістік қуат көздері жүктемесінің, өндіріс көлемінің өсуіне әкеп соғады. Ұлттық банк жүргізетін нақты сектор кәсіпорындарының пікіртерімі кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныстың өсуін көрсетеді, ол дайын өнім бағасының тез арада үдей түсуіне жалғасады.

Жеткізу тізбегіндегі дағдарыс 2022 жылдың ортасына дейін порттар жұмысының шамадан тыс болуына және контейнерлердің жетіспеушілігіне байланысты ұзаққа созыла бастады.

Қазақстанда инфляцияның өсуі барынша орнықты сипатқа ие болуда. Биылғы сәуірден бастап тамыз аралығында жылдық инфляция 7%-тен 8,7%-ке дейін жылдамдады. Бағаның ай сайынғы өсуі 2008 жылдан бері алғаш рет тамызда ең жоғары болды. 

Маусымдық тазартылған базалық инфляция, яғни көкөністер мен жемістер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қызметтері мен энергия ресурстары бағасының өсуін есепке алмағандағы инфляция тарихи орташа мәндерден 25%-ке жоғары болды және орнықты инфляциялық процестердің қалыптасуын көрсете отырып, 0,75% болды.

Тұтыну бағасының жиынтық индексінің 51%-ін құрайтын азық-түлік инфляциясы тарапынан бағаларға негізгі қысым көрсетіледі. Оның жылдық өсуі бір айда 0,4 пайыздық тармаққа жеделдеп, осы жылғы тамызда 11,4%-ке жетті. 

Ет, көкөністер, май және қант бағасының өсуі байқалады. Осы тауарлардың азық-түлік компонентіне қосатын үлесі биылғы мамыр-тамызда 2,55 пайыздық тармақты құрады. Еттің қымбаттау факторларының арасында осы жылдың 7 айында жем-шөптің 25%-ке қымбаттауына байланысты әлемдік бағаның және ішкі өндірушілер бағасының өсуін атап өтуге болады. Жем-шөп дақылдарының құны ет өндірісінің өзіндік құнының 70%-ін құрайды.

Азық-түлікке жатпайтын инфляция тамызда 7,3%-ке дейін 0,1 пайыздық тармаққа өсті. Өндірушілер бағасының өсуі және сұраныстың қалпына келуі аясында жанар-жағармай бағасының өсуі жалғасуда, бұл киім-кешек және аяқ киім бағасының да өсуін жеделдетеді. Олардың азық-түлікке жатпайтын инфляцияға үлесі осы жылдың мамыр-тамыз айларында 0,94 пайыздық тармақты құрады. 

Ақылы қызметтер инфляциясы биылғы тамызда 6,6%-ке дейін 0,5 пайыздық тармаққа жеделдеді. Шекті тарифтердің көтерілуіне байланысты электр энергиясы бағасының өсуі 10,1%-ті құрады. Сұранысты қалпына келтіру аясында тұрғын үйді жалға алу бағасы, қоғамдық тамақтану, газ және жолаушылар әуе тасымалы бағасы өсті.

«Болжамды раундтың қорытындылары бойынша Ұлттық банк инфляцияны 7,5-8,5% дәлізінде күтуде, оның төменгі шегі инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешенін тиімді іске асыруды ескере отырып айқындалған. Халықтың табысы мен тұтынуының өсуі инфляцияға қарсы қысымның қосымша көзі болып табылуда», — деді Е. Досаев. 

Сұраныстың қалпына келуі биылғы екінші тоқсанда халықтың нақты табысының 1,5%-ке өсуі нәтижесінде тауар айналымының қайта жандануымен расталады. Өз кезегінде, биылғы екінші тоқсанда нақты мәнде қызметкерлер жалақысының 10,4%-ке жеделдеуі аясында үй шаруашылықтарын пайдалану өсуде.

Осылайша, инфляцияның өсу серпіні мен факторлары, экономиканың қалпына келу қарқыны және сәйкесінше сұраныс тарапынан күшейіп келе жатқан инфляцияға қарсы қысымды ескере отырып, Ұлттық банк биыл 13 қыркүйекте базалық ставканы 9,5%-ке дейін 0,25 проценттік тармаққа көтерді.

Биылғы тамызда Америка құрама штаттары Федералдық резервтер жүйесінің активтерді сатып алу бағдарламасын жақын арада тоқтату және дельта штаммына қатысты алаңдаушылық туралы белгілері салдарынан жаһандық инвесторлардың тәуекел-сентиментінің нашарлауына байланысты мұнай бағасының жоғары құбылмалылығы байқалды. Бір ай ішінде мұнай бағасы бір баррель үшін $73 дейін 4,4%-ке төмендеді. 

Экспорттаушылардың салық міндеттемелерін орындауы үшін шетел валютасын сатуы мұнай бағасының төмендеуі аясында теңгенің құбылмалылығын реттеді. Бір ай ішінде ұлттық валюта бір АҚШ доллары үшін 425,42 теңгеге дейін 0,2%-ке әлсіреді. 

«Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндетті сатуы шеңберіндегі сату және бюджетке трансферттерді жүзеге асыру үшін Ұлттық қордың қаражатын конвертациялау операциялары да теңгеге қолдау көрсетті. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономикалық белсенділіктің қалпына келуі және импорттың 9,2%-ке өсуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шетел валютасына сұранысты бір деңгейде ұстайды», — деді ол. 

Ұлттық қордың активтері биылғы тамыздың соңында $56,9 млрд болды. Биылғы тамызда 396 млрд теңгеге нысаналы және кепілдендірілген трансферттерді бөлу үшін $845 млн сатылды. 

Биылғы тамызда Ұлттық қорға түскен түсімдер 420 млрд теңге, оның ішінде шетел валютасында $506 млн немесе баламасында 215 млрд теңге болды.

Осы жылғы тамызда Ұлттық қордың инвестициялық кірісі оң қалыптасты және $316 млн немесе 0,56% болды. Тамыз айында акциялардың $431 млн немесе 2,52%-ке өсуі облигациялар мен алтын бағасының төмендеуін өтеді.

Жыл басынан бастап Ұлттық қордың инвестициялық кірісі негізінен акциялар нарығында өсуді жалғастыруына байланысты $2,3 млрд немесе 4,11% болды. 

Алтынвалюта резервтері бір айда $1,8 млрд ұлғайып, биылғы тамыздың соңында $36,8 млрд құрады. Алтын портфелі бір унция үшін $1 814 дейін 0,8%-ке төмендегеніне қарамастан, басым құқықты іске асыру шеңберінде алтын сатып алу есебінен $134 млн өсті. 

Еркін конвертацияланатын валютадағы активтер негізінен Халықаралық Валюта Қорынан арнайы қарыз алу құқықтарының $1,6 млрд сомасына түсуі және екінші деңгейдегі банктердің шетел валютасындағы корреспонденттік шоттары мен депозиттерінің өсуі есебінен $1,7 млрд өсті.

Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, жалпы халықаралық резервтер бір айда $1,8 млрд ұлғайып, $93,7 млрд құрады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері зейнетақы жинақтарын алу қарқынының төмендеуі аясында 52 млрд теңгеге немесе 0,4%-ке ұлғайып, биылғы тамыздың соңында 12,9 трлн теңгені құрады. Мысалы, қаражатты ай сайынғы алу көлемі ақпан айындағы 643 млрд теңгеден тамыз айында 118 млрд теңгеге дейін немесе 5,5 есе баяулады.

«Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша орындалған өтініштерінің саны 1,8 трлн теңге сомасына 449,3 мың болды, оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге – 1 765 млрд теңге немесе 97,9%», — деді қаржы реттеушісінің басшысы.

Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша 5,8% инфляция кезінде 7,6% деңгейінде кірістілік қамтамасыз етілді.

Осы жылдың басынан бастап банк жүйесіндегі депозиттер 25,2 трлн теңгеге дейін 14,1%-ке ұлғайды, оның ішінде заңды тұлғалардың салымдары – 13 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың салымдары 12,2 трлн тг өсті. Ұлттық валютадағы депозиттер көбінесе бөлшек салымдар есебінен 16,1 трлн теңгеге дейін өсті, шетел валютасындағы депозиттер 10,1%-ке немесе 9,1 трлн дейін көбінесе корпоративтік сектордың арқасында өсті. 

Соның нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі биылғы шілдеде 36% деңгейінде қалыптасты, бұл 8 жыл ішіндегі ең төменгі мән. Жеке тұлғалар депозиттерінің долларлануы 34,5%-ті құрады.

Биылғы жылдың басынан бастап кредиттік портфель 9,5%-ке өсті және 16 трлн теңге болды. Халықтың кредиттері 8,9 трлн теңгеге дейін 17,8%-ке, бизнеске кредиттер 7,2 трлн теңгеге дейін 0,8%-ке, оның ішінде шағын бизнеске 2,8 трлн теңгеге дейін 12,8%-ке ұлғайды. Экономиканың нақты секторына берілген кредиттік ресурстардың құны өткен жылғы шілдедегі 12%-тен 11,6%-ке дейін төмендеді.

Экономиканы қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда:

  • «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде биылғы 10 қыркүйекте екінші деңгейдегі банктер мен Агронесие корпорациясына 1,5 трлн теңгеге 3 986 өтінім келіп түсті, 1 трлн теңгеден астам сомаға 3 356 жоба мақұлданды, 880 млрд теңгеге 3 260 қарыз берілді. 

  • Кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы 

Жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы бойынша барынша зардап шеккен секторлардағы кәсіпорындарды қолдау шеңберінде биылғы 10 қыркүйекте екінші деңгейдегі банктерге 1 трлн теңгеден астам сомаға 10 884 қарыз берілді.

  • «7-20-25» бағдарламасы

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде биылғы 9 қыркүйекте банктер 500 млрд теңгеге 40 583 өтінімді мақұлдап, 369,9 млрд теңге сомасына 30 706 қарыз берді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
11 Қараша 2021, 08:24
А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, фармацевтика, өңдеу өнеркәсібі және АӨК
10 Қараша 2021, 12:16
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.11.2021
10 Қараша 2021, 12:00
2021 жылдың 10 айында Қазақстан экономикасының нақты секторындағы өсім 2,9%-ды құрады — ҚР ҰЭМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.