Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Бердібек Сапарбаев ана мен бала өлімі мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Дүйсенбі, 04 Қараша 2019, 18:18:30

Дүйсенбі күні, 4 қарашада, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев ана мен бала өлімін азайту мәселелеріне арналған селекторлық кеңес өткізді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров ағымдағы жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Оның мәліметтеріне сәйкес, соңғы үш жылдағы динамиканы талдау елімізде ана өлімін төмендету үрдісінің жоқтығын көрсетеді. Көрсеткіштердің өсуі Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады.

Сонымен қатар, соңғы үш жыл ішінде нәрестелер өлімі 4%-ға артқаны белгіленген. Өңірлер тұрғысынан динамиканың аса өсуі Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында байқалады.

Жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында ана мен бала өлімін азайту бойынша жоспарлар жүзеге асырылуда, олардың негізгі бағыттары — кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық жарақтандыру, медициналық көмекті стандарттау, цифрландыру және халықпен ақпараттық жұмыс жүргізу.

«Алайда, мониторинг аталған шараларды өңірлердің жеткіліксіз орындағанын көрсетеді. Мәселен, Алматы облысында мәлімделген 34 анестезиолог-реанималог дәрігердің тек 10 маманы, Қарағанды облысында 29 маманнан тек 1,, Ақмола облысында 30 маманның тек 4-і, Маңғыстау облысында 15 маманның тек 1-еуі тартылған. Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстарында қажеттілік болғанның өзінде неонатолог дәрігерлер тартылмаған, ал Қостанай облысында 9-дан 2-уі ғана», — деді К. Надыров.

Оның айтуынша, бірқатар өңірде балалар ұйымдарын медициналық жабдықтармен қамтамасыз етудің төмен деңгейі байқалады. Атап айтқанда, олар — Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы.

Сонымен қатар, кеңесте тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында медициналық мекемелердің дәрі-дәрмектер бойынша қарызын өтеу мәселелері талқыланды.

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының м.а. Берік Шәріптің айтуынша, еліміздің медициналық мекемелерінің Бірыңғай дистрибьютор алдындағы жалпы қарызы 19,5 млрд теңгені құрады, оның 17 млрд теңгесі — биылғы келісімшарт бойынша. 

Сондай-ақ, Атырау, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Түркістан облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары бейнеконференция байланысы арқылы кеңеске қатысып, сөз сөйледі. 

Баяндамаларды тыңдағаннан кейін Бердібек Сапарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Вице-премьер медициналық қызметтер саласындағы азаматтардың шағымдарына уақытылы жауап берудің, білікті кадрларды даярлау және медицина қызметкерлерінің біліктіліктерін үздіксіз арттырудың, материалдық-техникалық жарақтандырудың, жүкті әйелдердің тізілімін жүргізудің, ана мен бала өлімін азайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Біздің міндетіміз – азаматтарды қажетті дәрі-дәрмектермен уақытылы қамтамасыз ету. Ешқандай ақталу, сылтаулар болмауы керек! Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге осы жылдың 1 желтоқсанына дейін жинақталған қарыздарды өтеп, тиісті кестені жасауы керек. “СК-Фармация” келесі жылы дәрі-дәрмектердің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуі керек. Өткен жылдардағы барлық жіберілген қателіктер 2020 жылы қайталанбауы керек. Осы мәселені пысықтап, түбегейлі тоқтатыңыздар!», — деп түйіндеді Б. Сапарбаев.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте медициналық мекемелерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырған болатын.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Шілде 2021, 09:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №121
24 Шілде 2021, 11:38
А. Мамин Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті
23 Шілде 2021, 20:20
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселелерін қарады
23 Шілде 2021, 15:06
Жартыжылдық қорытындысы: Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні тұрақты өсім көрсетіп отыр
23 Шілде 2021, 10:44
Мұнай өндіру, мектептер салу және туризмді белсенді дамыту — Маңғыстау облысында қандай жобалар іске асырылып жатыр
23 Шілде 2021, 09:44
Қажмұқан Бекмұқашев ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
22 Шілде 2021, 18:49
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
22 Шілде 2021, 13:45
Биыл жол салуға бөлінген қаражат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмсалады — Маңғыстау облысының әкімі
22 Шілде 2021, 13:45
Алдағы қыс маусымына жем-шөп қорын құру үшін тиісті қаражат бөлінуде — Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
22 Шілде 2021, 13:34
С. Трұмов: халықаралық деңгейдегі туризм нысандарының салынуы облыс экономикасының дамуына зор серпін береді
21 Шілде 2021, 18:27
Е. Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
21 Шілде 2021, 15:38
А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары: туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым, АӨК, цифрландыру   
21 Шілде 2021, 12:07
Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды
19 Шілде 2021, 21:29
Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
19 Шілде 2021, 21:23
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелерін қарады
19 Шілде 2021, 18:20
Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
19 Шілде 2021, 15:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
16 Шілде 2021, 16:13
Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РЕСЕЙ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
14 Шілде 2021, 18:38
Ғабит Сыздықбеков ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
14 Шілде 2021, 17:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №429 Қаулысы
14 Шілде 2021, 17:20
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
14 Шілде 2021, 17:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №441 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №460 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №466 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №457 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №459 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы
13 Шілде 2021, 17:59
2021 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға өсті — Б. Сұлтанов
13 Шілде 2021, 16:15
Үкіметте 2021 жылы халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды
13 Шілде 2021, 16:08
Үкіметте Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
12 Шілде 2021, 19:10
ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады
12 Шілде 2021, 14:48
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
12 Шілде 2021, 12:08
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
11 Шілде 2021, 10:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №120
10 Шілде 2021, 16:55
ҚР Ұлттық банкі «цифрлық теңгені» енгізу бойынша пилоттық жобаны дайындап жатыр
10 Шілде 2021, 16:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Е. Қарашөкеевті таныстырды
09 Шілде 2021, 18:27
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді
09 Шілде 2021, 09:15
Қанат Ысқақов ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 20:36
Марат Қарабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 19:36
Е. Тоғжанов Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
06 Шілде 2021, 17:35
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады
04 Шілде 2021, 11:06
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №119
03 Шілде 2021, 19:26
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
02 Шілде 2021, 20:42
Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты
02 Шілде 2021, 17:22
А. Мамин ЕАДБ отырысын өткізді – Банктің 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді
02 Шілде 2021, 17:20
А. Мамин Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
02 Шілде 2021, 14:17
ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
02 Шілде 2021, 14:04
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Шілде 2021, 13:43
А. Мамин «Алтын Орда» көлік айрығын реконструкциялауды 2021 жылғы қазанда аяқтауды тапсырды
02 Шілде 2021, 13:08
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін Алматы метросының «Сарыарқа» және «Достық» станцияларының құрылысын аяқтауды тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.