Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның (ЖҒТК) кезекті отырысы өтті. 

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында өткен отырыс барысында 2017-2020 жылдарға арналған ғылымды дамытудың басымдықты бағыттары талқыланды, сонымен қатар аграрлық ғылым саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелерді іске асыру және индустриалды-инновациялық қызмет саласындағы жобаларды коммерцияландыруға грант беру мәселелері қаралды. 

Анықтама:

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия Үкімет Қаулысымен 2011 жылғы 20 сәуірде құрылды және ҚР Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу