Бақытжан Сағынтаев ТМЫК бас хатшысы Рамиль Сахиб оглу Гасановпен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) бас хатшысы Рамиль Сахиб оглу Гасановпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, туристік және көлік-логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобалар, сонымен қатар ТМЫК-қа мүше мемлекеттердің іскерлік орталарының Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысу мәселелері қаралды.

Анықтама:

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге 2009 жылы 3 қазанда Нахчыван қаласында (Әзербайжан Республикасы) Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 9-шы саммитінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қол қойылды.

ТМЫК мүшелері: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия. Хатшылықтың штаб-пәтері Стамбұл қаласында орналасқан.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу