Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мәселелері бойынша кеңес өткізді

Сенбі, 25 Қыркүйек 2021, 13:01:12

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық офисінде орталық мемлекеттік органдардың басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сапархан Омаров, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ағымдағы жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Азық-түлік бағасы – бұл әлеуметтік өзекті мәселе. Үкімет Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін, бірінші кезекте АӨК секторындағы құнды қалыптастырудың бүкіл тізбегі бойында бағаларды тұрақтандыру бойынша іске асырады», —  деді А. Мамин.

Негізгі аграрлық елдердегі, оның ішінде ҚР-дағы қолайсыз климаттық жағдайлар негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығының төмендеуіне алып келді. Осыған байланысты бағаның өсуі, сондай-ақ көрші елдер тарапынан ауыл шаруашылығы өніміне сұраныстың артуы байқалады.

Биыл 8 айда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 9,7% құрады. Соңғы айда бағаның 0,7 пайыздық тармаққа төмендеуі байқалады.

Инфляцияға қарсы ден қою шаралары аясында 2021 жылы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 87 млрд теңгеге (2020 жылы – 40 млрд теңгеге) ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл ретте сатып алынатын дақылдардың тізбесі 4-тен 9-ға дейін кеңейтілді: жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, рапс, зығыр, соя, қарақұмық. Аталған өнімдер ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін, оның ішінде ұн тарту кәсіпорындарына, құс және мал шаруашылығы шаруашылықтарына өткізу үшін пайдаланылатын болады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны төмендету туралы 68 хабарлама шығарды, 8 тергеу тағайындалды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында ӘМАТ-та сауда үстемесінен асып кетудің және сыйақы алудың 46 фактісі анықталды. Осы өңірлердің басшыларына шекті сауда үстемесінен асыра белгілеген сауда субъектілерін жауапкершілікке тарту жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.

Жалпы, Премьер-Министр әкімдіктер мен министрліктерге Инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенінің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Егін жинау маусымының аяқталуына байланысты әкімдіктерге «айналым схемасы» бойынша қосымша қаржыландыру бөлуді жеделдету және өңірлік тұрақтандыру қорларына бұрын жеткізілген азық-түлік көлемін сатып алуды жүзеге асыру тапсырылды. Бұл ретте форвардтық сатып алу шеңберінде астық жеткізу бойынша «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ алдында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету міндеті қойылды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
11 Қараша 2021, 08:24
А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, фармацевтика, өңдеу өнеркәсібі және АӨК
10 Қараша 2021, 12:16
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.11.2021
10 Қараша 2021, 12:00
2021 жылдың 10 айында Қазақстан экономикасының нақты секторындағы өсім 2,9%-ды құрады — ҚР ҰЭМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.