2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты

2021 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 30,4%-ға артып, $11,1 млрд құрады.

Салалар бөлінісінде шетелдік инвестициялардың ең көп өсімі өңдеу өнеркәсібінде – 57,2%-ға, саудада – 45,8%-ға, тау-кен өнеркәсібінде – 27,1%-ға, көлікте 20,4%-ға байқалады.

Қазақстан экономикасына капитал ағынының өсуі барлық негізгі инвестор елдер бойынша  байқалуда. Мәселен,  ТШИ ағыны Нидерландыдан $3,3 млрд (24,5%-ға өсу), АҚШ – $2,1 млрд (87,7%-ға өсу), Швейцариядан – $1,3 млрд (86,7%-ға өсу), РФ-тан – $704,9 млн (17,0%-ға өсу), ҚХР-дан – $508,7 млн (63,7%-ға өсу), Бельгиядан – $459,5 млн (4,3%-ға өсу), Түркиядан – $388,7 млн (79,9%-ға өсу), Оңтүстік Кореядан – $233,0 млн (33,1%-ға өсу) құрады.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары инвестициялық белсенділікті Атырау облысы – $3,6 млрд (15,4%-ға өсу), Алматы қаласы – $3,0 млрд (26,3%-ға өсу), ШҚО - $1,3 млрд (72,8%-ға өсу) көрсетті.

Оң динамика сондай-ақ Павлодар облысында – $514 млн (21,7%-ға өсу), Қостанай облысында – $496,4 млн (2,2 есе өсу), Ақтөбе облысында – $410,1 млн (53,2%-ға өсу), Нұр-Сұлтан қаласында – $308,6 млн (10,2%-ға өсу), Маңғыстау облысында – $302,9 млн (98,8%-ға өсу), Түркістан облысында – $137,8 млн (85,1%-ға өсу) Шымкент қаласында – $64,1 млн (22,4%-ға өсу) байқалып отыр.

Ел экономикасына шетелдік капитал мен технологияларды тарту Қазақстан Республикасы Үкіметінің басым міндеті.

Ұлттық экономиканы одан әрі әртараптандыру және оның өсу орнықтылығын арттыру жөніндегі мақсат шеңберінде Үкімет тікелей шетелдік инвестициялар ағынының қарқынын жылына $30 млрд-қа дейін жеткізу және 2025 жылға қарай негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ЖІӨ-ге шаққанда 30%-ға дейін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу