Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады

Сейсенбі, 28 Шілде 2020, 10:20:20

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда электронды сауданың дамуы туралы айтып берді.  

Б. Сұлтанов қазіргі уақытта көптеген адамдар онлайн сатып алудың тиімділігі мен ыңғайлығын түсініп, үйреніп жатқанын айтты. Әлбетте, бұл үрдіс одан әрі жалғасады.

«Бүгінде тұтынушылар тауар сапасына көбірек назар аударуда. Халықаралық есептерге сәйкес сауалнама жүргізілген тұтынушылардың 40%-ы тауарды брендтің сенімділігіне қарай таңдайды. Электрондық сауда саласындағы компаниялардың көпшілігі сатып алушыны тартудың негізгі факторлары ретінде тауарлар туралы деректердің өзектілігі мен тауарларды белсенді өңдеп сатып алушыға дейін жеткізуді атап өтуде. Басқа әлемдік трендтердің ішінде трансшекаралық онлайн-сауданы және логистиканы дамыту үшін елдер арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың күшеюін атап өту маңызды», — деді министр.

COVID-19 пандемиясы онлайн сауданың айтарлықтай өсуіне алып келді және B2C арналары бойынша сатуды арттырды. Интернет арқылы бөлшек сауда белсенділігінің артуы індеттің өршуі мен карантин кезеңінде орын алады. B2C арналары бойынша сатудың артуы әсіресе, дәрі-дәрмектерді, тұрмыстық заттарды және азық-түлік өнімдерін онлайн сатуда байқалады.

Қазақстанда 2 мыңнан астам интернет-дүкен жұмыс істейді. Алайда, табыс салығын  төлеуден босату түріндегі жеңілдіктерді алу үшін 601 интернет-дүкен тіркелген.

«Қазпочта» АҚ мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 1 жартыжылдықта электрондық сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады. Бұл бөлшек сауданың жалпы көлемінің 9,4% құрайды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 900 млрд теңгеге өсім болжануда. 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш бөлшек сауданың жалпы көлемінің шамамен 13% құрай отырып, 1,9 трлн теңгеге жетеді. Бұған дейін қойылған міндет 2025 жылға қарай жалпы бөлшек саудадағы электрондық сауданың үлесін 10%-ға дейін жеткізу болды. Алайда, ҚР СИМ 2025 жылға қарай электрондық сауда үлесінің нысаналы көрсеткішін 15%-ға дейін қайта қарауды бастады, бұл сауданы дамытудың 2021-2025 мемлекеттік бағдарламасында көрсетілетін болады.

Карантин кезінде онлайн сауда мен төлем операцияларын жүргізудің ұлғаюы байқалды. Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі 2,5 есеге ұлғайып, шамамен 7,5 трлн теңгені құрады.

Сонымен қатар Б. Сұлтанов электрондық сауда үлесінің өсуіне қарамастан, бізде әлі күнге дейін онлайн-желіге толық көшу үшін кедергілер бар екенін айтты. Олар - көлеңкелі экономиканың үлесінің жоғары болуы, банкаралық төлемдер, эквайринг бойынша комиссияның жоғары болуы, шағын орта кәсіпорындардың дайын еместігі және тауарларды уақтылы жеткізе алмау сияқты проблемалар.

Электрондық сауданың өсу қарқынын қолдау үшін нормативтік және техникалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру қажет.

Бірінші. Бастаушы және тәжірибелі кәсіпкерлерді интернет-платформаларда ілгерлету бойынша тікелей қолдау көрсетілді. Бүгін қазақстандық компанияларды Алибаба, Amazon, Яндекс, Озон, Shopify сияқты халықаралық онлайн сауда алаңдарына шығару бойынша елдік әріптестік пысықталы жатыр. Мысалы, Alibaba платформасына кіруге «Алтын жеткізуші» ретінде 50 компания іріктелді. Бұл премиум мәртебесі жаһандық аудиторияға қол жеткізуді, маркетплейс ішінде кешенді ілгерлету мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Екінші. Пандемия жағдайында жедел қарқынмен дамып жатқан қазақстандық цифрлық сауда алаңдарын қолдауға бағытталған шаралар қабылдануда.

Бүгінде нарықта 13 платформа жұмыс істейді. Kaspi, chocofamily, technodom, mechta және басқалары тәрізді маркетплейстердің 20-ға жуық тауарлары мен қызметтері бар.

Мысалы, ұлттық көшбасшы kaspi дүкенінің тапсырыстарының сомасы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсті.

«Электрондық сауданы одан әрі дамыту мақсатында электрондық сауданы жүзеге асырудан түскен кірістер жылдық жиынтық табыстың кемінде 40% құраған жағдайда, салық кодексіндегі жеке кәсіпкерлер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын төлеуден босату нормасы жөніндегі өзгерістерді қолдауды сұраймыз. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануды ынталандыру үшін Ұлттық банкпен бірлесіп банкаралық аударымдар комиссиясын төмендету, эквайринг мәселелерін пысықтау, сондай-ақ жаңа банктік емес төлем жүйелерін дамыту талап етіледі», — деді министр.

Үшінші. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның жаңа нормалары шеңберінде министрлік «бір терезе» қағидаты бойынша тұтынушылардан шағымдарды қабылдаудың Бірыңғай платформасын іске қосуды көздейді. Ол тұтынушыға өз құқықтарын қорғауға, сондай-ақ білімін және бизнес мәдениетін онлайн режимде жетілдіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша маркетплейс тақырыбы Дүниежүзілік сауда ұйымының, Еуразиялық экономикалық одағы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының күн тәртібіндегі тренд болып табылады.

Төртінші. Халықаралық сауда орталығымен (ITC) бірлесіп «Ready4Trade Central Asia» ауқымды 4 жылдық жобасы іске асырылуда. Оның мақсаты — Орталық Азияның бес елінің ішкі аймақтық және халықаралық саудасын дамытуды қолдау.

Бесінші. Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасында бірқатар шаралар қарастырылған. Олар: сауданы дамытудың мониторингі мен талдауының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін құру, электрондық сауда нарығының статистикалық есебін, талдамалық және маркетингтік зерттеулерін жетілдіру, электрондық платформаларды дамыту және кеңейту, фулфилмент орталықтарының желісін кеңейту, кәсіпкерлерді оқыту жөніндегі e-commerce орталықтарын ашу бойынша бірқатар шаралар көзделуде.

Сөз соңында Бақыт Сұлтанов электрондық сауда саласындағы негізгі трендтер сандық криптовалюталарды қолдану, омниканалды құралдарды дамыту, «уақытылы жеткізу» принципі бар роботтауды қолдану арқылы жеткізу және логистика, нақты болжау, терең талдау үшін үлкен деректерді пайдалану, қатысушыларға дербестендірілген қызметтерді қамтамасыз ету, транзакциялық комиссияларды азайту үшін блокчейн технологиясына трансшекаралық төлем жүйелеріне өту болып отырғаны байқалуда екенін жеткізді.

«Жоғарыдағы трендтерді ескере отырып, біз электрондық коммерцияның барлық қатысушыларын қолдау үшін толыққанды архитектурасын қалыптастырамыз және Қазақстандағы B2B мен B2C сегменттеріндегі көлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береміз», — деп түйіндеді министр.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
04 Қазан 2021, 11:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №677 Қаулысы
03 Қазан 2021, 09:47
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131
02 Қазан 2021, 14:05
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөнінде кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.