Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

«Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша 17 мың маман тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие алды

Сейсенбі, 03 Желтоқсан 2019, 09:49:24

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды. Агломерациялардың, моно- және шағын қалалардың, сондай-ақ даму әлеуеті жоғары ауылдардың даму мәселелері туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов баяндады. 

Жаңа бағдарламада басымдықтар қалалық өсу орталықтарын – төрт ірі агломерацияны және өңірлік урбандалған аймақтарды, сондай-ақ тірек және спутниктік ауылдарды дамытуға бағытталған. Қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда инфрақұрылымды дамыту үшін Өңірлік стандарттар жүйесі  енгізілетін болады. 

Ұлттық экономика министрі хабарлағандай, Бағдарламаның бірінші бес жылдығы осы жылы аяқталады. 4 ірі агломерацияның (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары мен оларға іргелес елді мекендерінің) халық саны 1 млн. адамға артты. Моноқалаларда сумен жабдықтау желілерінің тозуы 10%-ға және электр желілерінің тозуы 12%-ға төмендеді. 

«Бес жыл ішінде 17 мың маманға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген бюджеттік кредит берілді. Ауылдарды абаттандыру бойынша 8 мың жоба іске асырылды. 700 мыңға жуық ауыл тұрғындары үшін инфрақұрылым жақсарды. Аталған іс-шараларға барлығы 252 млрд. теңге бөлінді. 2014 жылдан бері инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 1,4 трлн  теңге бөлінді», — деді Р. Дәленов.

Оның айтуынша, бүгінде 17 өңірде 87 қала мен 6,5 мың ауыл бар. 2015 жылдан бастап урбандалу деңгейі 58,2%-ға дейін өсті. Миллион тұрғыны бар қалалар саны 3-ке жетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18 ірі қалада 1,5 есе артты.  

«Қазақстан-2050 Стратегиясы және Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың Стратегиялық жоспары шеңберінде өңірлік саясат басымдығы басқарылатын урбандалуды қамтамасыз ету болып табылады. Жаңа бағдарламада елдің дамуы үшін маңызды институционалдық жағдайлар айқындалған. Бұл – экономикалық өсу «орталықтарын» қалыптастыру, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, барлық өңірлерде базалық өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету», — деді Р. Дәленов.

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның урбандалу деңгейі ең жоғары – 58,%, алайда, ол Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда төмен. Ол елдерде бұл көрсеткіш  77% құрайды. Урбандалу деңгейін 1%-ға арттырғанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 0,12% құрайды. Сәйкесінше, урбандалу деңгейі жоғары болған сайын халықтың табысы да жоғары болады.

Бағдарламаның ерекшелігі – өсу «орталықтарын» дамыту, оларды басым түрде қаржыландыру болып табылады. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, кешенді жоспарлар және стратегиялар синхрондалатын болады. Кешенді іс-шараларды іске асыру есебінен еңбек, қаржы ресурстарының экономикалық шоғырлануына қол жеткізілетін болады. 

Ауылдық өндірушілер үшін ауқымды нарық қалыптастырылады, шикізаттық емес жалпы ішкі өнімнің өсуі қамтамасыз етіледі. Көлік байланысы жақсарады.Бұл барлық өңірлердің өсуі үшін синергиялық әсер береді. 

Бағдарламаның жаңа бағыттары айқындалған:

  • Урбандалған аймақтар арқылы өсу орталықтарын дамыту. 
  • «Ауыл – Ел бесігі» шеңберінде тірек және спутниктік ауылдарды жаңғырту.
  • Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Өңірлік стандарттар жүйесін енгізу.

Бүгінде өсу орталықтары анықталған: 4 агломерация, 14 ірі урбандалған аймақ, 18 шалғайдағы моноқалалар мен шекара маңындағы шағын қалалар. 

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауыл тұрғындарының 90% немесе 7 млн адам тұратын 3 477 ауыл жаңғыртылады. Адамдар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.  Ауылдардың аудан және облыс орталықтарымен көліктік байланысы жақсаратын болады.

Қалаларда басқарылатын урбандалу арқылы ауқымды нарық дамиды және еңбек ресурстарының мобильдігі үшін жағдайлар жасалады. Өңірлік стандарттар жүйесі арқылы қалалар мен ауылдарды дамыту процесін жүйелендіру халықтың өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға мүмкіндік береді.

Барлығы 1,3 трлн теңге бөлу көзделеді, оның ішінде ауылдарды дамытуға 2026  жылға дейін 900 млрд теңге бөлу туралы мәселе қосымша пысықталуда. 

«Урбандалу деңгейін 62%-ға дейін жеткізу жоспарланады. Урбандалу жалпы ішкі өнімді 0,52%-ға қосымша арттыруға мүмкіндік береді. Өңірлік теңсіздіктер қысқарады. Халықтың нақты ақшалай табыстары 25%-ға өседі. Бағдарламаның негізгі нәтижесі қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда тұратын азаматтардың әл-ауқатын арттыру болады», — деп түйіндеді Р.  Дәленов.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Шілде 2021, 17:55
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бірқатар қаласында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады
27 Шілде 2021, 15:04
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Өзбекстанның көлік министрі И. Махкамовпен кездесті
26 Шілде 2021, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 шілдедегі №493 Қаулысы
26 Шілде 2021, 17:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №489 Қаулысы
26 Шілде 2021, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Астрахан облысының делегациясын қабылдады
26 Шілде 2021, 15:58
Қазақстан мен Eni баламалы энергия көздерін дамытады
25 Шілде 2021, 09:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №121
24 Шілде 2021, 11:38
А. Мамин Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті
23 Шілде 2021, 20:20
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселелерін қарады
23 Шілде 2021, 19:40
Бүгінгі таңда Қазақстанда 8 млн доза вакцина салынды — ҚР ДСМ
23 Шілде 2021, 15:06
Жартыжылдық қорытындысы: Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні тұрақты өсім көрсетіп отыр
23 Шілде 2021, 10:44
Мұнай өндіру, мектептер салу және туризмді белсенді дамыту — Маңғыстау облысында қандай жобалар іске асырылып жатыр
23 Шілде 2021, 09:44
Қажмұқан Бекмұқашев ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
22 Шілде 2021, 18:49
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
22 Шілде 2021, 13:45
Биыл жол салуға бөлінген қаражат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмсалады — Маңғыстау облысының әкімі
22 Шілде 2021, 13:45
Алдағы қыс маусымына жем-шөп қорын құру үшін тиісті қаражат бөлінуде — Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
22 Шілде 2021, 13:34
С. Трұмов: халықаралық деңгейдегі туризм нысандарының салынуы облыс экономикасының дамуына зор серпін береді
21 Шілде 2021, 18:27
Е. Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
21 Шілде 2021, 15:38
А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары: туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым, АӨК, цифрландыру   
21 Шілде 2021, 12:07
Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды
19 Шілде 2021, 21:29
Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
19 Шілде 2021, 21:23
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелерін қарады
19 Шілде 2021, 18:20
Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
19 Шілде 2021, 15:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
16 Шілде 2021, 16:13
Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РЕСЕЙ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
14 Шілде 2021, 18:38
Ғабит Сыздықбеков ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
14 Шілде 2021, 17:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №429 Қаулысы
14 Шілде 2021, 17:20
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
14 Шілде 2021, 17:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №441 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №460 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №466 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №457 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №459 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы
13 Шілде 2021, 17:59
2021 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға өсті — Б. Сұлтанов
13 Шілде 2021, 16:15
Үкіметте 2021 жылы халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды
13 Шілде 2021, 16:08
Үкіметте Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
12 Шілде 2021, 19:10
ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады
12 Шілде 2021, 14:48
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
12 Шілде 2021, 12:08
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
11 Шілде 2021, 10:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №120
10 Шілде 2021, 16:55
ҚР Ұлттық банкі «цифрлық теңгені» енгізу бойынша пилоттық жобаны дайындап жатыр
10 Шілде 2021, 16:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Е. Қарашөкеевті таныстырды
09 Шілде 2021, 18:27
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді
09 Шілде 2021, 09:15
Қанат Ысқақов ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 20:36
Марат Қарабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 19:36
Е. Тоғжанов Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
06 Шілде 2021, 17:35
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады
04 Шілде 2021, 11:06
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №119
03 Шілде 2021, 19:26
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.