ҚР Үкіметі астық жинау қортындыларын және астық нарығындағы жағдайды қарастырды

Бүгін Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен және Парламент депутаттарының қатысуымен селекторлық режимде астық жинау және астық нарығы жағдайының қортындылары қаралды.

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков хабарлағандай, «бүгінгі таңда республика бойынша 15,6 млн. га немесе астық жинау алқаптарының 99,3% жиналған. 13,3 ц/га түсімділікпен бастапқы салмағында 20,8 млн тонна бастырылған. Жүгеріні (1,3 мың га) қосқанда 114,6 мың га дәнді дақылды жинау қалды. Майлы дақылдар алқаптардың 73%, қант қызылшасы – 83%, көкөніс-бақша және картоп – 97% жиналған. Мақта жинау аяқталды».

А.Мамытбековтың айтуынша, «ағымдағы жылы түсмділік соңғы онжылдықта дәнді дақылдар бойынша орташадан 11%-ға (0,7ц/га-ға), майлы дақылдар бойынша – 41%-ға (2,6 ц/га-ға), картоп – 17%-ға (26,1 ц/га-ға), көкөністер – 11%-ға (23 ц/га-ға) артқан. Күріш бойынша рекордтық көрсеткішке – 50 ц/га-ға, мақта өсімдігі бойынша – 27 ц/га-ға, дәнді дақылдар бойынша: Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында қол жеткізілген».

А.Мамытбеков ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәлімдеп, «көктемгі егісті қаржыландыруға «ҚазАгро» холдингінің жинауына бюджеттік несие қаражатынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге 53,2 млрд. теңге берілді, саланы қолдауға шамамен 39 млрд. теңге субсидия бағытталғанын» хабарлады.

«Астық экспорты көлемдерінің артуы тенденциясын» атап өткен министр қазан айында 1 млн. тоннаға жуық астық пен ұн экспортқа шығарылды, бұл ағымдағы жылдың қыркүйегінен 62%-ға артық және өткен жылдың қазанына қарағанда 44%-ға артық деді. Ұн экспорты қыркүйекпен салыстырғанда 65%-ға өсті. Экспорттағы ұнның үлесі 40% дейінді құрайды.

Министр сонымен қатар зиянкестермен және ауыл шаруашылығы ауруларымен күрес, топырақтың құнарлылығын арттыру, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу технологиясын сақтау, егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша іс-шаралар туралы мәлімдеді.

Аталған тақырып бойынша Қостанай облысының әкімі Н.Сәдуақасовтың, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.Ескендіровтің, Азық-түлік корпорациясының басқарма төрағасы Н.Оспановтың, Фермерлер одағының президенті А.Дариновтың сөздері тыңдалды.

Талқылауды қортындылай келе, Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне «астық өндіруде жаңа технологияларды және озық техниканы енгізу мәселелерінде жеткіліксіз белсенділікке» нұсқап, «ауа райының келеңсіздігіне қарамастан жұмыс нәтижесі тұрақты түсім болу тиістігін» басып айтты. Ол, сондай-ақ, «егіс алқаптарын әртараптандыру жеткіліксіз қарқынмен жүргізілуде. Қазіргі уақытта негізгі астық өсіретін өңірлерде бидайдың үлесі ғылыми негізделген 45-50% орнына шамамен 80% құрайтынын» атап өтті.

С.Ахметов АШМ-не «ҚазАгро», облыс әкімдерімен бірге жиналған астықтың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданылған. «Өңірлердегі ұсыныстардың барлығын мұқият қарап, ішкі нарықта, сондай-ақ экспортта өткізу бойынша шаралар қолдану қажет», - деп тапсырды Үкімет басшысы. Сондай-ақ, ол егіс алқаптарын әртараптандыру, ылғал үнемдейтін технологияларды енгізу, мал шаруашылығының жемшөптегі сұранысын, астықтың мемлекеттік ресурстары есебінен қамтамасыз ету қажеттігін басып айтты.

С.Ахметов әкімдерге «1 сұрыпты ұнға және қоғамдық нанға бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін тұрақты жеке бақылауда ұстауды» және «ауыл шаруашылығы құрылымдарына астықты астық қабылдау орындарына орналастыруға, тұқымдарды өңдеуге және тазалауға көмектесуді» тапсырды. «Ең бастысы өсірілген түсімді сақтап, бидайдың экспорттық әлеуетін қамтамасыз ету» деп қортындылады С.Ахметов.

Отырыста, бұдан өзге, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін арттыру қажеттігіне назар аударды», - деді Премьер-Министр және «жолдардағы апаттылықты және өлім-жітімді азайту бойынша шаралар жетіспеушілігін» атап өтті.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәселені ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндады. Ведомство басшысы апаттылық себептерін және оларды жою шаралары туралы айтты. Министрдің айтуынша, ЖКО-ның 80%-нан көбі жүргізушілердің кінәсінен орын алады. Сонымен, ЖКО-ның 78%-нан көбі қалаларда және елді мекендерде, 14% - республикалық маңызы бар жолдарда, 7% - жергілікті маңызы бар жолдарда.

Министр көлік тәртібін күшейтуді жол-патрульдік полициясы жұмысының нәтижелілігін арттыру, қызметкерлердің кәсіби дайындығын жақсарту, қызмет атқаруды бақылауды күшейтімен байланыстырады.

Оның сөзіне қарағанда, 1 қарашадан бастап «әмбебап полицейлер» өз қызметіне кірісті, ЖКО-ның топографиялық талдауы енгізілуде, әкімшілік тәжірибе күшейтіліп жатыр. Жүргізушілердің міндеттілігін қатуландыру «Жол қозғалысы туралы» заң жобасында көрсетілген. Жаңа ҚК жобамсында мас күйінде көлік жүргізу қылмыстық айып бөліміне көшіріледі.

Жолдардағы жоғары апаттылық себептерінің арасында министр көше-жол желісінің елдің автопаркінің өсуіне сәйкеспеушілігін, төмен өткізгіштік қабілетін, республикалық маңыздағы жолдардың қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайын атады. Ол сондай-ақ, жүргіншілер өткелдерін орналастыруға, көлік тораптарын салуға, жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге байланысты мәселелерді шешу қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, ол жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігін жақсарту, жүргізуші кадрларды дайындау жүйесін жетілдіру, сапасыз жүргізушілерді дайындауда оқу орын ұйымдарының жауапкершіліктері мәселесіне тоқталды.

Аталған мәселе бойынша көлік және коммуникация министрі А.Жұмағалиев, төтенше жағдайлар министрі В.Божко, денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова, Жамбыл облысының әкімі Қ.Бозымбаев тыңдалды.

Талқылауды қортындылай келе, Үкімет басшысы ІІМ-не облыс әкімдерінің, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік ІІД ұсыныстарын жинап, сәйкес заң жобаларында ескерілуі тиіс нақты жүйелік шаралар әзірлеуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу