Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

Бейсенбі, 22 Шілде 2021, 18:49:37

2021 жылғы 21-22 шілдеде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, оның барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.

Үкімет басшысы «Ақтөбе» индустриялық аймағында орналасқан «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС зауытын аралады. Кәсіпорынның қуаты – жылына 5 млн м² керамогранит пен керамикалық плитка. Жобаға салынған инвестиция көлемі 9,2 млрд теңгені құрайды, оны осы жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Кәсіпорында 200-ден астам жұмыс орны құрылды.

А. Мамин өндірістік қуаты жылына 122 рентген аппараты мен кешенін құрайтын «Ақтөберентген» АҚ зауытының жұмысымен танысты. Өнімнің бір бөлігі Ресейге, Өзбекстанға, Тәжікстанға және Қырғызстанға экспортталады.

Биыл мемлекеттік қолдау шараларымен Ақтөбе облысының 3,3 мыңнан астам ШОБ субъектісі қамтылады. Үкімет басшысы «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС тігін фабрикасының жұмысымен танысты, онда 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жыл сайын 1,2 млн-ға дейін өнім шығарады. Арнайы киімдердің, қорғаныш құралдарының, арнайы киімдерді шығаруға арналған жылытқыштардың кең номенклатурасының өндірісі жолға қойылған.

Премьер-Министр өңірдің энергетикалық әлеуетінің дамуын тексерді. А. Мамин «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ға барды, онда қазіргі уақытта кәдеге жаратушы қазандығы бар, қуаты 57 МВт газ турбиналық қондырғысының құрылысы жүріп жатыр. Жобаны іске асыру станцияның қуатын 175 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстарды 2021 жылғы желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

Қарғалы ауданының Бадамша кентінде Асқар Мамин «Arm Wind» ЖШС жел электр станциясының жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта жел электр станциясының екінші кезегінің құрылысы жүргізілуде. Станция жыл сайын сағатына 400 МВт жуық электр энергиясын өндіретін болады. Екінші кезегінің инвестиция көлемі $85 млн құрайды, аяқтау мерзімі – биылғы жылдың қыркүйек айы.

Асқар Мамин «Ақтөбе – Атырау – Астрахань»  республикалық автожолын реконструкциялау барысын тексерді. Биыл «Ақтөбе – Қандыағаш» учаскесінде жол қозғалысы ашылады, «Қандыағаш – Мақат» автожолының учаскесі осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Премьер-Министр тас жолды қайта жаңарту жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Үкімет басшысы Ақтөбе қаласындағы «Батыс-2» шағын ауданының салыну барысымен танысты, оның құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Шағын ауданның жалпы аумағы 535 га құрайды. Биыл өңірде 1 млн м² астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Мәртөк ауданында Асқар Мамин «Мilker» ЖШС жем-шөп түйіршіктерін өндіру зауытын аралады. Инвестициялық жобаның құны 700 млн теңгені құрайды, кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына жоңышқа пішенінен 12 мың тонна түйіршіктелген құрама жем. Дайын өнім Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де, атап айтқанда, Қытайда, Ресейде, Иранда және Біріккен Араб Әмірліктерінде зор сұранысқа ие.

Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Ақтөбе облысының балық саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасы таныстырылды. 10 жыл ішінде салаға 37 млрд теңге жеке инвестиция тарту, 400-ден астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, шаруашылықтар санын 72 субъектіге дейін арттыру жоспарланған.

«Green Capital Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешенін аралау барысында Премьер-Министрге жылыжай өнімдерін өндіру бойынша қазіргі жағдай және осы саланы одан әрі дамыту перспективасы таныстырылды. Соңғы үш жылда Ақтөбе облысында 8 жаңа жылыжай іске қосылды. 2025 жылға дейін жалпы сомасы 17 млрд теңге болатын тағы екі ірі жобаны іске асыру көзделген. Бұл жылыжай өнімдерін өндіру көлемінің 40%-ға өсуін қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға – 997,2 млрд теңгеге дейін өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 116,9 млрд теңгені (+2,6%), құрылыс жұмыстарының көлемі – 76,9 млрд теңгені (+5,4%) құрады, 366,5 мың шаршы метр тұрғын үй (+4,1%) пайдалануға берілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі 11,9% құрады, 292,8 млрд теңге тартылды. 2021 жылдың соңына дейін 125,7 млрд теңге сомасына 31 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
23 Қыркүйек 2021, 19:26
Президент тапсырмаларын іске асыру аясында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жалғасуда — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 19:07
ЕТЖ артуының жалпы әсерін кемінде 3,5 млн қызметкер байқайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 18:50
Салықтар мен төлемдер бойынша нақты жүктеме 2023 жылдан бастап төмендетіледі — ҰЭМ
23 Қыркүйек 2021, 18:47
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
23 Қыркүйек 2021, 18:45
Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде енгізілген ақпараттық жүйе ШОБ-ты мемлекеттік қолдаудың 79 шарасын қамтиды — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 17:43
2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14%-ға дейін қысқарады — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 17:28
ҚР Үкіметі 64 шарадан тұратын инфляцияға қарсы әрекет ету кешенін қабылдайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 15:49
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды
23 Қыркүйек 2021, 12:52
А. Мамин ЕҚДБ президенті О. Рено-Бассомен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
21 Қыркүйек 2021, 16:34
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
21 Қыркүйек 2021, 12:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2021
21 Қыркүйек 2021, 12:07
2025 жылға қарай Екібастұз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бес есе өседі — Ә. Ерғалиев
21 Қыркүйек 2021, 11:11
ВАК отырысында карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешім қабылданды
21 Қыркүйек 2021, 10:42
Қазақстанда егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары — Е. Қарашөкеев
21 Қыркүйек 2021, 09:39
Үкімет Екібастұз қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
21 Қыркүйек 2021, 09:28
Қазақстан ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және астық экспортының әлеуетін сақтайды — А. Мамин 
20 Қыркүйек 2021, 16:03
21 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2021, 14:57
А. Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:37
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қыркүйек 2021, 09:44
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №128
10 Қыркүйек 2021, 22:55
Республикалық штабта Алматыдағы КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал қаралды
10 Қыркүйек 2021, 17:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
10 Қыркүйек 2021, 16:56
Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай ауданына барды
10 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевті таныстырды 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.