Наталья Пан ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Пан Наталья Виссарионовна басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Наталья Пан 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, «Болашақ» Қарағанды актуалды білім беру институтын, 2016 жылы Колумбия университетін (АҚШ) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нормативтік-құқықтық жұмыс департаментінің бас маманы болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде, Әділет министрлігінде еңбек еткен. 

2016-2017 жылдары — ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР әділет вице-министрі қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу