Қорғаныс министрі

Руслан Фатихұлы Жақсылықов

1966 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

1987 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін, 1996 жылы М. В. Фрунзе атындағы Әскери академияны, 2004 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын тәмамдаған. 

1987-2006 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері взвод командирінен бригада командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2006-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.

2007-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – Ішкі әскерлер бас штабының бастығы.

2008 жылғы қыркүйектен бастап — ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің қолбасшысы.

2013 жылғы қаңтардан бастап — ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің бас қолбасшысы.

2014-2021 жылдары — ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.

2021 жылғы қыркүйектен бастап — ҚР ішкі істер министрінің орынбасары.

2022 жылғы 19 қаңтарда Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 3 сәуірде Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу