Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «31» тамыздағы № 507 қаулысы

Жарияланды: Сәрсенбі, 31 Тамыз 2016

«Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40,522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде: 16-тармақта: «орталық аппараттың функциялары:»: мынадай мазмұндағы 129-1) тармақшамен толықтырылсын:

«129-1) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;»;

139) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«139) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға ниет білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту;»;

140) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 143-1), 143-2), 143-3), 143-4); 143-5) және 143-6) тармақшалармен толықтырылсын:

«143-1) асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулығының жай-күйі туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, нысанын бекіту;

143-2) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту;

143-3) Баланы қабылдайтын отбасылар туралы ережені бекіту;

143-4) қабылдаушы ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларын және мөлшерін бекіту;

143-5) Бала қонақтайтын отбасылар туралы ережені бекіту;

143-6) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын бекіту;»;

«ведомстволардың функцияларында:»

47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«47) бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын және бала қонақтайтын отбасылардың мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;»;

мынадай мазмұндағы 47-1), 47-2), 47-3) және 50-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«47-1) бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеуден өткізу;

47-2) бала асырап алу жөніндегі агенттік өкілдігін аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді, аккредиттеу мерзімін ұзарту(ұзартудан бас тарту), бала асырап алу жөніндегі филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызмет етуін тоқтата тұру, қызмет етуін қайтадан қолданысқа енгізу және тоқтату туралы дәлелді шешімдерін беру;

47-3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру мен пайдалану бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының қызметін үйлестіру;»

«50-1) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу бойынша қызметін үйлестіру;».

2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін               1-тармақтың он екінші, он үшінші, он төртінші және жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күніненбастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                  К. Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
26 Қазан 2021, 18:28
«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанды қалай өзгертіп жатыр: заманауи автомагистральдар және жаңа бағыттардың ашылуы
26 Қазан 2021, 10:54
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.10.2021
26 Қазан 2021, 10:42
Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді — С. Шәпкенов
26 Қазан 2021, 10:32
ҚР-да соңғы екі айда КВИ-мен сырқаттанушылық 4,5 есеге, өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді — А. Цой
26 Қазан 2021, 09:55
2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 1 млн-нан астам қазақстандық қамтылды
26 Қазан 2021, 09:43
А. Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды
25 Қазан 2021, 20:06
Е. Тоғжанов ғылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
25 Қазан 2021, 15:16
А. Мамин Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары М. Варгамен екі елдің ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады
25 Қазан 2021, 10:50
26 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Қазан 2021, 09:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №134
23 Қазан 2021, 17:58
Ә. Смайылов қаржыгерлер аллеясының ашылу рәсіміне қатысты
23 Қазан 2021, 12:31
Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырудың маңызы зор — А. Мамин
23 Қазан 2021, 09:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 қазандағы №736 Қаулысы
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.