Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы

Жарияланды: Дүйсенбі, 12 Сәуір 2021

«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы №502 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы №502 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №36-37-38, 250-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесі мынадай кезеңдердi қамтиды:

1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мақұлдауы;

2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау;

3) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеу және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауы;

4) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзiрлеу.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау»;

5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, алдыңғы жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық нәтижесін бағалау негізінде айқындалады.

Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, алдыңғы жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық нәтижесін бағалау негізінде айқындалады.

6. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

7. Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін:

1) ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ведомстволық бюджеттік комиссия мақұлдаған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;

стратегиялық жоспарлар жобаларының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қаржылық қажеттіліктің есеп-қисабын;

2) ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.

Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың нәтижелеріне бағалау жүргізілген жағдайда бағалау нәтижелері қоса беріледі.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстарды ұлғайту жөніндегі жаңа бастамаларына арналған шығыстарды жоспарлау алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстарының қаражатын қайта бөлу есебінен жүзеге асырылады.»;

14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін есепке ала отырып:

1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету, нысаналы индикаторларға қол жеткізілу дәрежесі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы тұрғысынан стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды жобаларын;

2) нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалар нәтижелері көрсеткіштерінің стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілу дәрежесі тұрғысынан стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарайды.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытындыларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жібереді.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып пысықтайды және осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және бюджеттік бағдарламалардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының дерекқоры да пайдаланылады;

2) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан;

3) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

15. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылары стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары және Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының қарауына бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар енгізеді.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттік өтінімі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қарау үшін жіберіледі, ол оған қорытынды дайындайды және өзгерістер енгізбей республикалық бюджеттің жобасына енгізеді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді Республикалық бюджет комиссиясы қарайды.

Республикалық бюджет комиссиясы Қағидалардың 14-тармағында және осы тармағында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар тұжырымдайды.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейінгі мерзімде:

1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың пысықталған жобалары мен бюджеттік өтінімдерді;

2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынады.

Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейiнгi мерзiмде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың пысықталған жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заңның жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзедi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар мен материалдарды ұсынады:

1) республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы;

2) екі есепті қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне борыштың түрлері бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жай-күйі туралы деректер;

3) екі есепті қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне түрлері мен нысандары бойынша тартылған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар туралы деректер;

4) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік;

5) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау шеңберінде енгізген ұсынымдарын ескеру туралы ақпарат қамтылған түсіндірме жазба.

Түсіндірме жазбаға бюджеттік инвестициялардың, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар бөлінісінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бағытталған инвестициялардың тізбесі қоса беріледі;

6) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің құжаттары, оларда:

орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобалары немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары;

бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобалары;

бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерін бағалау;

мыналар:

ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасы;

жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;

бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы;

бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы;

есепті екі қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуының және қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің сипаттамасы, сондай-ақ жоспарлы кезеңге жоспарланған бюджет қаражаты көлемінің алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бюджет қаражатының көлемінен ауытқуы туралы мәліметтер (себептері, салдары);

республикалық бюджет жобасында жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және (немесе) бюджеттік кредиттер беруге бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есепті екі қаржы жылындағы қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері туралы мәліметтер;

алдыңғы қаржы жылдарында республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген және пайдаланылған шығыстар көрсетіле отырып, жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген басталған (жалғасып жатқан) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпарат бар түсіндірме жазба қамтылады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                         А. Мамин


Жаңалықтар тізбегі
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
04 Қазан 2021, 11:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №677 Қаулысы
03 Қазан 2021, 09:47
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131
02 Қазан 2021, 14:05
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөнінде кеңес өткізді
01 Қазан 2021, 18:46
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.