Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы

Жарияланды: Бейсенбі, 14 Қаңтар 2021

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы №415 қаулысына  өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы№ 415 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №21, 267-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілгенҚазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында құрылды.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:

1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiружөнiндегi шараларды жүзеге асыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау;

2) мемлекеттiк органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, жөніндегі қызметін жетілдіруге,сондай-ақ оларды әлеуметтік оңалтуғабағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлеу;

3) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, күтіп-бағу жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысу;

4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен қараудың жай-күйін зерделеу және осы мәселелер бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;

5) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желiсiн дамытуға жәрдем көрсету және олардың қызметiнiң мониторингiн қамтамасыз ету;

6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжiрибесiн жинақтаужәне тарату, оларға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;

7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдау және жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша олардың арасында ақпарат алмасуды ұйымдастыру;

8) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған не арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға мүдделі органдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ өмірде қиын жағдайдажүрген кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыру;

9) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы жөнінде жүргiзiлген жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру;

10) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметіне мониторингті жүзеге асыру;

11) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіру.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Комиссияның құқықтары»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Комиссияның:

1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар, ұсыныстар тұжырымдауға;

2) мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

3) мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есептерін тыңдауға және олардың арасында жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастыруға;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар тұжырымдау үшін уақытша немесе тұрақты жұмыс істейтін жұмыс топтарын ұйымдастыруға;

5) мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларын белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру бойынша жұмыстың жай-күйі мен кемшіліктері туралы хабардар етуге;

6) жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен қалпына келтіруде өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар.»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Комиссия отырысы Комиссия төрағасының не оның орынбасарының (төрағаның тапсырмасы бойынша) басшылығымен тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі. Шұғыл шешім қабылдау және дағдарыстық жағдайларға ден қою қажет болған жағдайларда төрағаның шақыруы бойынша кезектен тыс отырыс өткізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

«14-1. Комиссияның шешімдері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың есептілігі Комиссия қызметіне мониторинг жүргізу үшін жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберіледі.»;

5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-тарау. Комиссияның қызметін тоқтату».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   А. Мамин

Қосымша


Жаңалықтар тізбегі
26 Қазан 2021, 18:28
«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанды қалай өзгертіп жатыр: заманауи автомагистральдар және жаңа бағыттардың ашылуы
26 Қазан 2021, 10:54
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.10.2021
26 Қазан 2021, 10:42
Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді — С. Шәпкенов
26 Қазан 2021, 10:32
ҚР-да соңғы екі айда КВИ-мен сырқаттанушылық 4,5 есеге, өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді — А. Цой
26 Қазан 2021, 09:55
2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 1 млн-нан астам қазақстандық қамтылды
26 Қазан 2021, 09:43
А. Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды
25 Қазан 2021, 20:06
Е. Тоғжанов ғылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
25 Қазан 2021, 15:16
А. Мамин Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары М. Варгамен екі елдің ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады
25 Қазан 2021, 10:50
26 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Қазан 2021, 09:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №134
23 Қазан 2021, 17:58
Ә. Смайылов қаржыгерлер аллеясының ашылу рәсіміне қатысты
23 Қазан 2021, 12:31
Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырудың маңызы зор — А. Мамин
23 Қазан 2021, 09:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 қазандағы №736 Қаулысы
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.