Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №946 Қаулысы

Қостанай облысының білім беру ұйымдарына атау беру және атауларын өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ыбырай Алтынсариннің есімі берілсін.

2. Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Димитров атындағы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                               А. Мамин

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу