30 Мамыр 2019, 01:43
«Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. Халықты қалыптасқан жағдай туралы құлақтандыруды және хабардар етуді ұйымдастыру* ЖАО, ІІМ, АҚДМ, ЦДҚАӨМ С + 1 ақпаратты халыққа жеткізу
4. Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерін төтенше жағдай режиміне ауыстыру* ІІМ, ДСМ, ҰЭМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, АҚДМ, ЦДҚАӨМ, ЖАО С + 1 орталық атқарушы органдардың бұйрықтары/ ЖАО шешімдері
»;
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6. Жедел штабты өрістетуді және қауырт желі телефонының жұмысын ұйымдастыру* ІІМ, ДСМ, ҰЭМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, АҚДМ, ЦДҚАӨМ, Қорғанысмині, ЖАО С + 1 Жедел штабтың және қауырт желі телефонының жұмысы
»;
реттік нөмірлері 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
10. Төтенше жағдай аймағында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу* ІІМ, ЖАО, ДСМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, Қорғанысмині С + 2 авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар
11. Бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасқан ахуалды уақтылы және шынайы жария ету жөніндегі іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету* АҚДМ, ЖАО С + 2 бұқаралық ақпарат құралдарын үйлестіру
»;
реттік нөмірі 17, 18 және 19-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
17. Зардап шеккен халықты теміржол, әуе, өзен және автомобиль көлігімен тасымалдауды қамтамасыз ету* ИИДМ, ЖАО, ІІМ С + 3 зардап шеккен халықты қауіпсіз аймаққа жеткізу
18. Химиялық, радиациялық және өртке қауіпті объектілердегі, сондай-ақ су айдындары мен бөгендердегі авариялардан болатын зиянға жол бермеу және азайту бойынша іс-шаралар өткізу** ЖАО, ЭМ, ИИДМ, ІІМ, АШМ, Қорғанысмині С + 4-6 қауіпті объектілердегі алдын алу шаралары
19. Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу үшін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, сондай-ақ басқа да тартылатын күштерді төтенше жағдай аймағына көшіру** ІІМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері С + 4-48 төтенше жағдай аймағына көшіру
»;
реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
25. Мемлекеттік материалдық резервтің және ІІМ жедел резервінің материалдық құндылықтарын броньнан шығару * ІІМ, ЦДҚАӨМ, ЖАО қажеттілік болғанда ІІМ бұйрығы
»;
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі;
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
ВАМК – Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия;
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
ЖАО – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) (аумағында төтенше жағдай орын алған) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ЦДҚАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
С+ – төтенше жағдайдың пайда болуы туралы сигнал келіп түскен сәттен басталған уақыт;
+0,30+1 – сигнал түскен сәттен бастап іс-қимылдың басталу уақыты (минут) және іс-қимылдың аяқталу уақыты (сағат).»;
көрсетілген қаулымен бекітілген өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. Халықты қалыптасқан жағдай туралы құлақтандыруды және хабардар етуді ұйымдастыру* ЖАО, ІІМ, АҚДМ, ЦДҚАӨМ С + 1 ақпаратты халыққа жеткізу
4. Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерін төтенше жағдай режиміне ауыстыру* ІІМ, ДСМ, ҰЭМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, АҚДМ, ЦДҚАӨМ, ЖАО С + 1 орталық атқарушы органдардың бұйрықтары/ ЖАО шешімдері
»;
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6. Жедел штабты өрістетуді және қауырт желі телефонының жұмысын ұйымдастыру* ІІМ, ДСМ, ҰЭМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, АҚДМ, ЦДҚАӨМ, Қорғанысмині, ЖАО С + 1 Жедел штабтың және қауырт желі телефонының жұмысы
»;
реттік нөмірлері 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
10. Төтенше жағдай аймағында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу* ІІМ, ЖАО, ДСМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, Қорғанысмині С + 2 авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар
11. Бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасқан ахуалды уақтылы және шынайы жария ету жөніндегі
іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету* АҚДМ, ЖАО С + 2 бұқаралық ақпарат құралдарын үйлестіру
»;
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
14. Халықты және тартылатын күштердің жеке құрамын инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу бойынша хабардар етуді ұйымдастыру***** ДСМ, ЖАО, АҚДМ С + 2 инфекциялық және паразиттік ауруларың алдын алу бойынша хабардар ету
»;
реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
17. Халықты және тартылатын күштердің жеке құрамын эпизоотияның алдын алу бойынша хабардар етуді ұйымдастыру****** АШМ, ЖАО, АҚДМ С + 2 эпизоотияның алдын алу бойынша хабардар ету
»;
реттік нөмірлері 20 және 21-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
20. Жол ұйымдарының көлік магистральдарындағы авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуін ұйымдастыру*** ЖАО, ИИДМ, ІІМ С + 2 көлік магистральдарындағы авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар
21. Күшті әсер ететін улы және радиоактивті заттармен зақымдану көздерін оқшаулауды және залалсыздандыруды жүргізу**** ЖАО, ИИДМ, Қорғанысмині, ЭМ С + 2 оқшаулауды және залалсыздандыруды қамтамасыз ету
»;
реттік нөмірлері 26, 27 және 28-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
26. Зардап шеккен халықты теміржол, әуе, өзен және автомобиль көлігімен тасымалдауды қамтамасыз ету* ИИДМ, ЖАО, ІІМ С + 3 зардап шеккен халықты қауіпсіз аймаққа жеткізу
27. Химиялық, радиациялық және өртке қауіпті объектілердегі, сондай-ақ су айдындары мен бөгендердегі авариялардан болатын зиянға жол бермеу және азайту бойынша іс-шаралар өткізу** ЖАО, ЭМ, ИИДМ, АШМ, ІІМ, Қорғанысмині С + 4-6 қауіпті объектілердегі алдын алу іс-шаралары
28. Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, сондай-ақ басқа да тартылатын күштерді төтенше жағдай аймағына көшіру** ІІМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері С + 4-48 төтенше жағдай аймағына көшіру
»;
реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
32. Мемлекеттік материалдық резервтің және ІІМ жедел резервінің материалдық құндылықтарын броньнан шығару * ІІМ, ЦДҚАӨМ, ЖАО қажеттілік болғанда ІІМ бұйрығы
»;
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі;
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
ВАМК – Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия;
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
ЖАО – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) (аумағында төтенше жағдай орын алған) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ЦДҚАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
С+ – төтенше жағдайдың пайда болуы туралы сигнал келіп түскен сәттен басталған уақыт;
+0,30+1–сигнал түскен сәттен бастап іс-қимылдың басталу уақыты (минут) және іс-қимылдың аяқталу уақыты (сағат).».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу