Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы №581 Қаулысы

Жарияланды: Жұма, 30 Мамыр 2014

«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

         «1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (ерекше бөлiм), 1997 жылғы               13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі, «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы               16 шілдедегі және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкiметiҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті және оның аумақтық органдары жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.»;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесі:

мынадай мазмұндағы 33-1, 33-2, 33-3 және 33-4-тармақтармен толықтырылсын:

         «33-1. Экономикалық орынды болса және мемлекеттік меншікке қабылданғаннан кейін нысаналы пайдалану мүмкіндігі болса, мүлік мемлекеттік меншікке өтеусіз қабылданады.

33-2. Мүлікті мемлекеттік меншікке өтеусіз беру кезінде экономикалық орындылығының және оны нысаналы пайдалану мүмкіндігінің негізгі критерийлері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүліктің тиесілігінің белгіленген нормативтері мен лимиттері (автокөлік құралдары мен жылжымайтын мүлік үшін) шегінде мемлекеттік органдардағы берілетін мүлікке қажеттілікті айқындау;

2) мүлікті нысаналы пайдалану мүмкіндігін айқындау және мемлекеттік органдарда өндірістік қажеттіліктің болуы;

3) берілетін мүліктің қаржылық қамтамасыз етілуі, сондай-ақ қабылданатын мүлікті ұстау және пайдалану бойынша қаржылық шығындар болып табылады.

33-3. Мүлікті республикалық мемлекеттік меншікке өтеусіз беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) уәкілетті органның аумақтық органы құқық белгілейтін құжаттар (бұдан әрі – құқық белгілейтін құжаттар) мен мүліктің құнын растайтын мәліметтерді қоса бере отырып, мүлікті республикалық меншікке өтеусіз беру туралы ұсыныспен уәкілетті органға жүгінеді;

2) уәкілетті орган құқық белгілейтін құжаттарды қоса бере отырып, мүлікті республикалық мемлекеттік меншікке өтеусіз беру туралы ұсыныспен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді;

3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органның өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде орталық атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – орталық мемлекеттік органдар) мүлікті республикалық мемлекеттік меншікке өтеусіз беру туралы қолда бар ұсыныс жөнінде хабарлайды;

4) орталық мемлекеттік органдар тиісті ұсынысты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мүлікті республикалық мемлекеттік меншікке өтеусіз беру қажеттілігі (қажеттілігінің жоқ екені) туралы қорытындыларды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

5) орталық мемлекеттік органның қорытындысында көрсетілген мүлікті бекіту болжамдалған мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – мемлекеттік заңды тұлға) көрсетілуі тиіс;

6) орталық мемлекеттік органдар мүлікті республикалық мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттілігі туралы қорытынды берген және аталған қорытындылар осы Ереженің 33-2-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, мүлікті республикалық мемлекеттік меншікке өтеусіз беру туралы шешімді мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды.

Екі немесе одан да көп мемлекеттік орган бір мезгілде мүлікті республикалық мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттілігі туралы қорытынды берген кезде өз қорытындысын бұрын берген мемлекеттік органдар басымдыққа ие болады.

Мүлікті республикалық мемлекеттік меншікке өтеусіз беру туралы шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде қабылдау-беру актісі (табыстау актісі) ресімделеді, оған уәкілетті органның аумақтық органы мен мемлекеттік заңды тұлғаның уәкілетті лауазымды адамдарды қол қояды және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары бекітеді;

7) орталық мемлекеттік органдар мүлікті республикалық мемлекеттік меншікке өтеусіз қабылдау қажеттілігінің жоқ екені туралы қорытынды берген жағдайда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органға мүлікті республикалық мемлекеттік меншікке өтеусіз қабылдаудан бас тартуды жазбаша түрде жолдайды.

33-4. Мүлікті коммуналдық мемлекеттік меншікке өтеусіз беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға және коммуналдық мемлекеттік мекемелерге (бұдан әрі – коммуналдық заңды тұлға) мүлікті коммуналдық меншікке өтеусіз беру мүмкіндігі туралы хабарлайды;

2) коммуналдық заңды тұлға тиісті ұсынысты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға мүлікті коммуналдық меншікке өтеусіз беру қажеттілігі (қажеттігінің жоқ екені) туралы қорытынды жібереді;

3) коммуналдық заңды тұлғалар мүлікті коммуналдық мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттілігі туралы қорытынды берген және аталған қорытындылар осы Ереженің 33-2-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган мүлікті коммуналдық мемлекеттік меншікке өтеусіз беру туралы шешім қабылдайды.

Екі немесе одан да көп коммуналдық заңды тұлға бір мезгілде мүлікті коммуналдық мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттілігі туралы қорытынды берген кезде өз қорытындысын бұрын берген тұлғалар басымдыққа ие болады.

Мүлікті коммуналдық меншікке өтеусіз беру туралы қаулы шыққаннан кейін күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде мүліктің орналасқан жері бойынша коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган мен коммуналдық заңды тұлғаның арасында мүлікті қабылдау-беру актісі (табыстау актісі) ресімделеді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі              К. Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
07 Желтоқсан 2021, 19:40
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
07 Желтоқсан 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты
06 Желтоқсан 2021, 12:13
Асқар Жақыпбаев ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
05 Желтоқсан 2021, 09:26
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №140
04 Желтоқсан 2021, 12:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді
04 Желтоқсан 2021, 11:42
Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.