Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «30» сәуірдегі № 262 қаулысы

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»          2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының      10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері:

1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануын мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                    К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу