05 Қаңтар 2022, 11:43
«Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы №1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) мен Қордың тобына кіретін ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру тәртібін айқындайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қордың интернет-ресурсында орналастырылған қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтық, ұйымдық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын Қор қабылдайды.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесінде және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігінде:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
12. |
«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысында көзделген Қор объектілерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі есеп |
ттоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін |
ПӘ (келісу бойынша), ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша) |
»;
ескертпеде:
аббревиатуралардың толық жазылуында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын, мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандарында:
5 және 12-нысандар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу