Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» желтоқсандағы № 911 қаулысы

Жарияланды: Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2016

«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:

6-тармақтың екінші бөлігінің 4-1) тармақшасы алып тасталсын;

7-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) жарылғыш және улы заттарды сақтау жөніндегі заңды тұлғалардың объектілері;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарда:

1-тармақта:

мынадай мазмұндағы 67) және 68) тармақшалармен толықтырылсын:

«67) күзет бекеті – объектіні немесе оның бөлігін күзетуді қамтамасыз ететін полиция жасақшасы;

68) бақылау мұнарасы – күзетілетін объектінің/аумақтың периметрін бақылауға және дабыл сигналдарын беруге арналған құрылыс.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2.Осы талаптар қолданыстағы, жаңадан жобаланатын, реконструкцияланатын және техникалық қайта жабдықталатын жеке меншік және ведомстволық бағыныстылық нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерге қолданылады, сондай-ақ объектілерге қылмыстық қол сұғуға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында

оларды инженерлік-техникалық құралдармен және қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырудың нормаларын, тәртібі мен тәсілдерін белгілейді.

Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бұйрықтарына сәйкес көзделуі керек.

Күзетілетін адамдардың келуіне арналған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі осы талаптарды, олардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, күзет, режимдік және өзге де шаралардың көлемі мен ерекшелігін ескере отырып белгілейді.»;

4-тармақтағы «жылына» деген сөз «жарты жылда» деген сөзбен ауыстырылсын;

6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) В санаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың объектілері; жанар-жағармай, энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіруге және қайта өңдеуге байланысты объектілер, химия өнеркәсібінің объектілері; су шаруашылығы объектілері – гидротехникалық құрылыстар: гидротораптар, шлюздер, бөгеттер; су қоймалары, жарылғыш, улы, аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық және химиялық заттарды әзірлеу, өндіру, сынау және сақтау жөніндегі ұйымдардың объектілері мен оқшауланған үй-жайлары; тіршілікті қамтамасыз ету объектілері; ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті адамдарды стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан және зерттеуден өткізу жөніндегі ұйым;»;

11-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жарылғыш, аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық заттарды, иондаушы сәулелендіру көздерін, радиоактивті және қосарланған мақсаттағы материалдарды әзірлеу, өндіру, сынау бойынша жұмыстарды атқарумен айналысатын ұйымдардың объектілері мен үй-жайларының инженерлік-техникалық нығайтылуына «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтеріне, «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына, Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша арнайы талаптар қолданылады.»;

мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

«11-1. Жарылғыш заттардың жерүсті тұрақты қоймаларына қойылатын талаптар:

1)   су бұру арықтарының болуы тиіс;

2)   жолдар және келу жолдары таза және жарамды күйде ұсталуы тиіс;

3)   сақтау орындары олардың әрқайсысына еркін жақындауды және келуді қамтамасыз ететіндей орналастырылады;

4)   Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 11-қосымшасына сәйкес белгіленген қойма аумағы мен одан тыс жерлердегі бөлек сақтау орындарының, сақтау орындарының және түрлі ғимараттар мен құрылыстардың арасында белгіленген өртке қарсы ажыраулардан кем емес арақашықтықты ұстанады;

5)   қоймалар қоршалады және қоршаудан ені кемінде 50 метр тыйым салынған аймақ болады. Тыйым салынған аймақтың шекараларында қоршау және ескерту белгілері қойылады.

Қойма аумағына қарауыл мұнаралары, күзет иттеріне арналған үйшіктер, шамдары, прожекторлары бар мұнаралар (діңгектер, бағаналар), өртке қарсы құралдарды және жабдықтарды сақтауға арналған үй-жай, өртке қарсы су айдындары, өту үйшіктерін (бақылау-өткізу пунктін) орналастыруға жол беріледі.

Қойманың тыйым салынған аймағынан тыс қауіпті аймақ шегінде жарылғыш материалдарды жою және сынау полигоны, ыдыстарды өртеу, қарауыл үй-жайын, қоймаға қызмет көрсететін персоналға арналған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайды, механикаландыру құралдарына қызмет көрсету және толтыру пункттерін, қазандықтарды, отын қоймасын, су өткізу және кәріз сорғы станцияларын, трансформаторлық шағын станцияларды, дәретхана орналастыруға жол беріледі.

Қоршаудан ең жақын сақтау орнына дейінгі қашықтық – кемінде 40 метр, таулы жерлерде бұл қашықтықты азайтуға жол беріледі.

Қоршау темір бетон немесе металл торлы құрылымдардан (қалыңдығы кемінде 18 мм, арасындағы саңылау 100 мм-ден аспайтын сымнан жасалған), кірпіштен, металл табақтардан (қалыңдығы кемінде 2 мм), немесе тордан (диаметрі кемінде 5 мм және ұяшығының өлшемі 70 х 70 мм, бірақ ұяшығының өлшемі 150 х 150 мм болған кезде 10 мм артық емес арматурадан) жасалады.

Қоршау биіктігі кемінде 2,5 метр, қазуға төтеп беру тұрғысынан темір бетон цокольмен немесе жерге 200 – 400 мм қазылған арматуралық тормен күшейтілген болуы тиіс.

Қоршауда құлыппен бекітілетін қақпа мен есік орнатылады.

Қойманың және оның айналасындағы тыйым салынған аймақтың аумағы ағаштар мен бұталар, құрғақ шөп және басқа да оңай тұтанатын заттардан тазартылады.»;

мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:

«35-1. Елді мекендерден тыс өнеркәсіптік аймақта орналасқан А және В санатындағы объектілерде жердің бет-бедерін ескере отырып, бөлімшелер кемінде 50 метр жерден айналмалы шолу жасауды және бекеттің (объектінің) маңайына оқ атуды қамтамасыз ететін жертасаларды қазады.»;

53-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) периметрлік қоршау болған кезде ғимараттардың сыртқы эвакуациялық есіктерінде іштен кілтсіз ашылмайтын бекітулері болмауы тиіс;».

2.   Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                Б. Сағынтаев


Жаңалықтар тізбегі
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
04 Қазан 2021, 11:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №677 Қаулысы
03 Қазан 2021, 09:47
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131
02 Қазан 2021, 14:05
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөнінде кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.