05 Мамыр 2020, 10:20
«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №1270 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы24 желтоқсандағы №1270 қаулысына(Қазақстан РеспубликасыныңПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 582-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кадрлар құрамы, оның ішінде білім беру ұйымының басшыларына, педагогтеріне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуы;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу