Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы

Жарияланды: Бейсенбі, 14 Қаңтар 2021

«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі №423 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., №39-40-41, 215-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:

«4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:

«4.2. АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және АӨК субъектілеріне салық салудың оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету» деген кіші бөлімдегі:

кесте мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 4 және 5-жолдармен толықтырылсын:

«

4

Ет секторындағы «жасыл өсімге» және орнықтылыққа ықпал ететін сиыр етін өндіру мен өңдеуді қолдауға бағытталатын мемлекеттік шығыстардың үлесі

%

 

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, АШМ, Қаржымині

 

 

 

 

22,5

22,5***

 

 

5

«Сыбаға» бағдарламасына қатысатын және бордақылау алаңдарына бұқашықтар сататын шағын және орта фермерлік шаруашылықтардың саны

бірл.

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

 

 

 

 

5000

5000

 

 

                           

»;

мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

«*** Дүниежүзілік банктің 2022 – 2025 жылдарға арналған жобасында көзделген міндеттерді іске асыру келесі кезеңге арналған АӨК-ні дамыту жөніндегі құрылымдық бағдарламалық құжаттарды бекіту шеңберінде көрініс табатын болады.»;

«5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, оның алға қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар» деген бөлімде:

«5.2. АӨК субъектілері үшін қаржыландыру қолжетімділігін арттыру және АӨК субъектілеріне салық салудың оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:

қырық екінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

«Қазақстанның осы рейтингтегі позицияларын жақсарту үшін Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, жұмыс тобы құрылатын болады, оған рейтингтің барлық тақырыптық салалары бойынша өкілдер кіреді. Жұмыс тобы Қазақстанның позицияларын жақсарту жөніндегі шараларды әзірлейтін болады. Өз кезегінде Қазақстанның осы жобадағы позицияларының жақсаруы Қазақстанда агробизнес үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын растайды.

Мал шаруашылығы саласының дамуын қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік Банк Мал шаруашылығын орнықты дамыту жобасын (бұдан әрі – МОДЖ) іске асыру үшін қарыз беретін болады.

МОДЖ ауыл шаруашылығын субсидиялауды қоса алғанда, шағын фермерлерге қызмет көрсететін институттарды нығайтуға, қаржыландыруға, ветеринариялық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті жақсартуға, сондай-ақ жайылымдық алқаптарды басқаруды және мал шаруашылығы секторында парниктік газдар (ПГ) шығарындыларын түгендеу жүйесін жетілдіруге бағытталатын болады.

МОДЖ-ны іске асыру кезінде қаржы құралы – нәтижеге бағдарланған Бағдарлама (НББ немесе PforR) форматында Дүниежүзілік Банктің қарызын қолдану жоспарланып отыр.

МОДЖ-ны дайындау мен іске асыруда тиісті сапаны қамтамасыз ету мақсатында МОДЖ-ның үйлестіру кеңесі және мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, қаржылық және ғылыми институттар және мал шаруашылығы мен ветеринария саласындағы ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылатын болады.

МОДЖ-ның түйінді нәтижелері ветеринариялық қызметтер көрсету және жануарларды есепке алу жүйесін жетілдіру, бел ортасында фермер қамтылатын модельді ілгерілету, ет индустриясына арналған тиімді агроэкологиялық саясат болады.

Іске асырудың бірінші кезеңі осы Мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылады. МОДЖ жобасында көзделген міндеттерге қол жеткізу үшін НББ немесе PforR АӨК-ні дамыту жөніндегі келесі кезеңге арналған құрылымдық бағдарламалық құжаттарды бекіту шеңберінде көрініс табады.

Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі АӨК субъектілерінің қарсы міндеттемелерді орындау нәтижелері бойынша бағаланады.

АӨК-ні мемлекеттік қолдау шаралары жыныстық тиесілілігіне қарамастан, барлық АӨК субъектілері үшін тең жағдайда қолжетімді болады.

Дүниежүзілік банктің қаржылық қолдауы нәтижелер көрсеткіштерінің қаражатын игеруге байланыстырылған нәтижелерге (ҚИБН) қол жеткізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

МОДЖ мониторингін АШМ-ның операциялық бюджеті есебінен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілерден, техникалық сарапшылардан жасақталған Жобаны басқару қызметі (ЖБҚ) құрылады. Бұл ретте тиісті кәсіби, фидуциарлық, әкімшілік және техникалық біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі бар техникалық сарапшылар жалдау туралы келісімшарттар негізінде тартылады.

МОДЖ іске асыру кезеңінде қаражатты игеруге байланыстырылған индикаторларға (ҚИБИ) қол жеткізуді бағалау мақсатында АШМ-ның операциялық бюджеті есебінен бекітілген техникалық тапсырмаға сәйкес верификация жөніндегі тәуелсіз агентті және аудиторларды жалдау жүзеге асырылады.

МОДЖ-ны іске асыру шеңберінде Жануарларды бірдейлендірудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – БАЖ) әрі қарай жұмыс істеуі үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер әзірленеді, жеке ветеринариялық қызметтердің ілгерілеуін қамтамасыз ету үшін «Ветеринария туралы»
2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті заңға тәуелді актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау қағидалары етті мал шаруашылығымен айналысатын фермерлердің субсидия алуы үшін жасыл өсу және орнықтылығы қағидаттарына сәйкес келтіріледі.

Консультациялық көрсетілетін қызметтер мен оқыту бағдарламаларын айқындау үшін үздік ауыл шаруашылығы практикалары (ҮАШП), үздік мал шаруашылығы практикалары (ҮМШП) және үздік жайылымдарды басқару практикалары (ҮЖБП) бойынша ұсынымдарды қамтитын ауыл шаруашылығы консультацияларын және етті мал шаруашылығы секторындағы білімдерді беру әдіснамасын әзірлеу және қабылдау жолымен білім беруді ауқымды тарату бойынша консультация беру жүйесі құрылады.

Етті мал шаруашылығы секторынан шығатын ПГ шығарындыларын түгендеу жүйесінің Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы (КӨҮСТ) нұсқамасының 2-деңгейлі әдіснамасына сәйкес келуі үшін оны жетілдіру мақсатында АШМ ЭГТРМ-мен бірлесіп, Монреаль хаттамасымен реттелмейтін көздерден антропогендік шығарындылардың кадастры және ПГ-ны сіңірушілердің абсорбциясы туралы ұлттық баяндамаға енгізілетін, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Хатшылығына жіберілетін деректерді жинау рәсімдері жақсартылады.

МОДЖ-ны іске асыру қоршаған ортаға әсерін өсірмей ет бағытындағы мал шаруашылығының экспортқа бағдарланған секторын дамытуға және ұлғайтуға мүмкіндік береді.

МОДЖ-ны іске асыру үшін қарыз шеңберінде ҚИБИ-лар көзделеді.

ІҚМ-ның БАЖ-да тіркелуін көздейтін индикатор үшін мынадай ҚИБИ көзделеді:

  1. БАЖ-ды құру және оның жұмыс істеуі үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау. Мұндай жүйе жұмыс істейді және нысаны бойынша да, мәні бойынша да Банк үшін қанағаттанарлық болып табылады. Осы іс-шараны жүзеге асыру нәтижелері жобаны қаржыландырудың 9 196 мың еуроға тең лимитімен бағаланады;
  2. жануарларды бірдейлендіру жүйелерінде тіркелген барлық ІҚМ туралы деректерді БАЖ-ға көшіру. Осы іс-шараны жүзеге асыру нәтижелері жобаны қаржыландырудың 18 392 мың еуроға тең лимитімен бағаланады;
  3. қаражатты игеру формуласында көрсетілгендей, барлық жаңа ІҚМ басын БАЖ-да тіркеу. 2) тармақшаға сәйкес нәтижеде көзделген ауыстыру күнінен бастап 0 базалық мәнінен әрбір 60 000 басқа ұлғайғаны үшін –
    1 839,2 мың еуро. Осы іс-шараны жүзеге асыру нәтижелері жобаны қаржыландырудың 18 392 мың еуроға тең лимитімен бағаланады.

Шағын және орта фермерлік шаруашылықтарға жақсартылған және жаңғыртылған ветеринариялық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік беруді көздейтін индикатор үшін қаражаттың игерілуіне байланыстырылған мынадай нәтижелер көзделеді:

  1. «Ветеринария туралы» Заңға сәйкес МОДЖ-ның ветеринариялық қызметтердің әлеуетін нығайту жөніндегі бағдарламасы іс-шараларының аясында жүргізілген ХЭБ-тің ветеринариялық іс-шараларының тиімділігін GAP-талдау нәтижелері бойынша жасалған ұсынымдарға сәйкес жеке ветеринарлық қызмет көрсетуді ілгерілетуді қамтамасыз ету үшін тиісті заңға тәуелді актілерге нысаны бойынша да, мәні бойынша да Банк үшін қанағаттанарлық болып табылатын түзетулер енгізу. Осы іс-шараны жүзеге асыру нәтижелері жобаны қаржыландырудың 4 598 мың еуроға тең лимитімен бағаланады;
  2. тіркелген және оқып шыққан ветеринарлар санының қаражатты игеру формуласы бойынша айқындалғандай мөлшерде ұлғаюы. 0 базалық мәнінен тіркелген және оқып шыққан әрбір қосымша 500 ветеринар үшін –
    4 598 мың еуро. Осы іс-шараны жүзеге асыру нәтижелері жобаны қаржыландырудың 64 372 мың еуроға тең лимитімен бағаланады.

Шағын және орта фермерлік шаруашылықтардың иелерін қаражатты игеру формуласында көрсетілген мөлшерде және тәртіппен үздік практикаға оқытуды және сертификаттауды көздейтін индикатор шеңберінде. 0 базалық мәнінен оқытылған және сертификатталған әрбір қосымша 5 мың фермер үшін – 4 598 мың еуро. Осы іс-шараны жүзеге асыру нәтижелері жобаны қаржыландырудың
91 960 мың еуроға тең лимитімен бағаланады.

«Сыбаға» бағдарламасына қатысатын және бордақылау алаңдарына ІҚМ сататын шағын және орта фермерлік шаруашылықтардың санын қаражатты игеру формуласында айқындалғандай ұлғайту жөніндегі индикатор шеңберінде. 0 базалық мәнінен жануарларды бордақылау шаруашылықтарына сататын әрбір қосымша
1 000 фермер үшін – 4 598 мың еуро. Осы іс-шараны жүзеге асыру нәтижелері жобаны қаржыландырудың 91 960 мың еуроға тең лимитімен бағаланады.

Ет секторында «жасыл өсуді» қолдауға және орнықтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шығыстардың үлесін көздейтін индикатор үшін мынадай ҚИБН көзделеді:

  1. ауыл шаруашылығын субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оларға жасыл өсу мен орнықтылық қағидаттары негізінде фермерлер үшін қолайлылық өлшемшарттарын енгізу. Осы іс-шараны жүзеге асыру нәтижелері жобаны қаржыландырудың 9 196 мың еуроға тең лимитімен бағаланады;
  2. етті мал шаруашылығы секторына арналған жалпы мемлекеттік шығыстардағы сиыр етін өндіру мен өңдеудің орнықтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған мемлекеттік шығыстардың үлесін пайыздармен және қаражатты игеру формуласында көрсетілгендей ұлғайту. 20 % базалық мәнінен мемлекеттік шығыстар үлесінің әрбір қосымша 0,5 % ұлғайғаны үшін – 4 138,2 мың еуро. Осы іс-шараны жүзеге асыру нәтижелері жобаны қаржыландырудың
    82 764 мың еуроға тең лимитімен бағаланады.

ПГ шығарындыларын бақылау және ет секторындағы климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі міндеттемелердің қабылдануын көздейтін индикатор үшін мынадай ҚИБН көзделеді:

  1. ұлттық деңгейде (NDC) айқындалатын, нысаны бойынша және мәні бойынша Банк үшін қанағаттанарлық болып табылатын, ІҚМ секторы үшін нақты нысаналы көрсеткіштер мен іс-шараларды қамтитын жаңартылған салымды іске асыру шеңберіндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған жол картасын бекіту. Осы іс-шараны жүзеге асыру нәтижелері жобаны қаржыландырудың 22 990 мың еуроға тең лимитімен бағаланады;
  2. нысаны бойынша және мәні бойынша Банк үшін қанағаттанарлық болып табылатын мониторинг, есептілік және тексеру жүйесінің жұмыс істеуі. Осы іс-шараны жүзеге асыру нәтижелері жобаны қаржыландырудың 22 990 мың еуроға тең лимитімен бағаланады;
  3. 2022 – 2026 қаржы жылдарына арналған АӨК-ні дамыту бойынша келесі бағдарламалық құжатқа нысаны бойынша және мәні бойынша Банк үшін қанағаттанарлық болатын, жасыл өсу қағидаттары негізінде етті мал шаруашылығы секторының орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі тарауды қаржыландыруды қосу. Аталған іс-шараны жүзеге асыру нәтижелері жобаны қаржыландырудың
    22 990 мың еуроға тең лимитімен бағаланады.

Жылдар бойынша болжанатын (бағалау) сомалар:

 

Атауы

2021

2022

2023

2024

2025

Жиыны

Дүниежүзілік банктің қаржыландыру көлемі, мың еуро

69 889,6

157 251,6

69889,6

92 879,6

69 889,6

459 800,0

 

Бағдарлама мынадай компоненттер мен кіші компоненттерден тұрады:

1. Ветеринариялық қызметтер көрсету және жануарларды есепке алу жүйесін жетілдіру мынадай кіші компоненттерді қамтиды:

1.1 Есепке алу мен қадағалаудың бірыңғай жүйесі, оған мынадай іс-шараларды жүзеге асыру жолымен қол жеткізіледі:

қадағалаудың бірыңғай жүйесі үшін нормативтік құқықтық базаны қабылдау;

деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету және деректердің дұрыстығын тексеру хаттамаларын әзірлеу және енгізу;

 жануарларды есепке алудың ағымдағы жүйелерінің құрылымы мен өзара байланысын жетілдіру.

1.2. Ветеринариялық қызметтердің әлеуетін нығайту, оған мынадай іс-шараларды жүзеге асыру жолымен қол жеткізіледі:

шағын және орта фермерлік шаруашылықтардың инфекциялық емес ауруларды бақылау үшін ветеринариялық қызметтерге қол жеткізуімен байланысты реттеуші және институционалдық проблемаларды анықтау үшін ХЭБ PVS GAP-талдауын жүргізу;

ветеринариялық қызметтер көрсету үшін қарыз алушының саясатын, нормативтік құқықтық базасын және институционалдық құрылымын жетілдіру және қажет болған жағдайда заңнамаға түзетулер әзірлеу және

жеке ветеринариялық көрсетілетін қызметтер провайдерлерінің әлеуетін нығайту және белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін жеке ветеринарлардың ауруларды емдеу және олардың алдын алу жөніндегі қызметтер көрсету.

2. Фермерге бағдарланған қызметтер көрсету моделін ауқымды тарату мынадай кіші компоненттерді қамтиды:

2.1. Фермерлерге білім мен ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін беру, оған мынадай іс-шараларды жүзеге асыру жолымен қол жеткізіледі:

ауыл шаруашылығын жүргізу қағидаттарын қамтитын, климаттың өзгеруіне бейімделген жайылымдық жерлерді басқарудың және жануарларды күтіп-бағудың үздік практикасын әзірлеу;

фермерлерді оқытудың ауқымды таратылған бағдарламаларын іске асыру;

техникалық консультациялық көрсетілетін қызметтерді қолдау;

демонстрациялық шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы сараптамалық-консультациялық орталықтарының ұлттық желісін дамыту;

ЖҚШ фермерлері үшін дала мектептерінде оқыту бағдарламаларын өткізу;

етті бағыттағы ІҚМ өсіретін фермерлердің бордақылау алаңдарымен байланысын орнатуға техникалық көмек беру.

2.2. Бордақылау алаңдарымен байланысты жаңа шағын және орта фермерлік шаруашылықтарға мал басы үшін төлемдер және үлестік гранттар беру, оларға мынадай іс-шараларды жүзеге асыру жолымен қол жеткізіледі:

үздік практиканы енгізуге, өндірістік объектілерді салу мен жаңғыртуға, бордақылау алаңдарымен және қасапханалармен байланыс орнатуға көмек көрсету мақсатында ет бағытындағы ІҚМ өсіретін шаруа-фермер қожалықтарының жаңадан тіркелген иелеріне мал басы үшін төлемдер және үлестік гранттар беру;

ет бағытындағы ІҚМ өсіретін шаруа фермер қожалықтарының жаңадан тіркелген иелеріне асыл тұқымды ІҚМ импорты үшін «Сыбаға» бағдарламасына қол жеткізуге қолдау көрсету.

2.3. Көрсетілетін қызметтер мен жер ресурстарына қол жеткізу, оған мынадай іс-шараларды жүзеге асыру жолымен қол жеткізіледі:

жер ресурстарын тиімді пайдалануға арналған әлеуетті нығайту;

фермерлердің неғұрлым өнімді жайылымдарға қолжетімділігін жақсарту үшін әкімдіктердің қоғамдық жайылымдарды және суат орындарын басқару жөніндегі әлеуетін нығайту.

3. Етті мал шаруашылығы секторында тиімді «жасыл өсу» саясатын жүргізу мынадай кіші компоненттерді қамтиды:

3.1. Ет секторында жасыл экономика қағидаттарын нығайту саясаты, оған мынадай іс-шараларды іске асыру жолымен қол жеткізіледі:

2022-2026 қаржы жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламада етті мал шаруашылығы секторының жасыл өсу және орнықтылық қағидаттарын көрсету;

ет секторында жасыл өсу қағидаттарын қолданудың үздік практикасын ілгерілету мақсатында ауыл шаруашылығын қолдау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру.

3.2. ПГ-ның шығарындыларын мониторингтеудің, есептілігін және оларды тексерудің бірыңғай жүйесін құруға мынадай іс-шараларды жүзеге асыру жолымен қол жеткізіледі:

етті мал шаруашылығы секторындағы шығарындыларды азайту жөніндегі нақты нысаналы көрсеткіштерді ескере отырып, ұлттық деңгейде айқындалатын болжамды салымды жаңарту;

мал шаруашылығы секторы үшін климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі жоспарды қабылдау және қаржыландыру;

мал шаруашылығы секторында ПГ шығарындыларын мониторингтеу, есептілігі және оларды тексеру жүйесін құру және оның жұмыс істеуі.

көрсетілген Бағдарламаға 1-қосымшада:

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың
2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

«АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және АӨК субъектілеріне салық салудың оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету» деген 2-міндетте:

«Нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 4 және 5-жолдармен толықтырылсын:

«

4

Ет секторында «жасыл өсу» мен орнықтылыққа ықпал ететін сиыр етін өндіру мен өңдеуді қолдауға бағытталатын мемлекеттік шығыстардың үлесі

%

 

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, АШМ, Қаржымині

 

 

 

 

22,5

22,5***

 

 

5

«Сыбаға» бағдарламасына қатысатын және бордақылау алаңдарына бұқашықтар сататын шағын және орта фермерлік шаруашылықтардың саны

бірл.

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

 

 

 

 

5000

5000

 

 

»;

мынадай мазмұндағы «ескертпе» жолымен толықтырылсын:

«

ескертпе: *** 2022-2025 жылдарға арналған Дүниежүзілік банктің жобасында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы келесі кезеңге арналған АӨК-ні дамыту жөніндегі құрылымдық бағдарламалық құжаттарды бекіту шеңберінде көрініс табатын болады.

»;

«Іс-шаралар» деген бөлімде:

реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

20.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға жұмсалатын шығындар құнын, оның ішінде сиыр етін өндіру мен өңдеуді қолдауға бағытталатын шығыстарды субсидиялау

млн теңге

АШМ-ға ақпарат

жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

65 107

68 99

8

73 139

94 653,1

96 573,6

398 471

ЖБ*

255-053

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 31-1-жолмен толықтырылсын:

«

31-1.

«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына Дүниежүзілік банк қарызы шеңберінде ет секторындағы «жасыл өсу» және орнықтылықты қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес өзгерістер енгізу

 

АШМ-ның бұйрығы

2021 жылғы

тамыз

АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, ИИДМ, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

 

 

»;

реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

34.

Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілері шеккен шығыстардың бөлігін, оның ішінде сиыр етін өндіруді және өңдеуді қолдауға бағытталатын шығыстарды өтеу бойынша субсидиялау

млн теңге

АШМ-ға ақпарат

әрбір жарты жыл сайын

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

6 225

75 676

66 531

134 728

186 157

539 317

РБ*-дан НАТ

250-102

»;

реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

36.

АӨК
субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасын және технологиялық жабдықты сатып алуға арналған лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін, оның ішінде сиыр етін өндіру мен өңдеуді қолдауға бағытталған шығыстарды субсидиялау

млн теңге

АШМ-ға ақпарат

жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаны

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

15 609

21 306

43 120

66 072

97514

243 621

РБ*-данНАТ

250-106

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-1-жолмен толықтырылсын:

«

40-1.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы

№ 108 бұйрығына Дүниежүзілік банк қарызы шеңберінде

ет секторындағы «жасыл өсу» және орнықтылықты қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

АШМ-ның бұйрығы

2021

жыл

АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

 

 

»;

реттік нөмірі 44-жол алып тасталсын;

«Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру» деген 3-міндетте:

«Іс-шаралар» деген бөлімде:

реттік нөмірі 58-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«  

58.

Сұранысқа ие суармалы жерлердің гидромелиорациялық жүйелерін реконструкциялау және жаңғырту, оның ішінде:

млн теңге

объектіні пайдалануға қабылдау актілері

2017 – 2021 жылдардағы желтоқсан

ЭГТРМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХҚҰ қарызының сомасы

млн теңге


 


 


 

0

36 198

50 994

68 419

83779

239391

ХҚҰ

 

 

 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты

млн теңге

 

 

 

 

 

 

1000

1432

2432

шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты

 

 

 

РБ-дан қоса қаржыландыру

млн теңге


 


 


 

539

4 037

6 311

7 977

10 225

29 089

РБ*

241

 

 

РБ (жарғылық капиталды толықтыру), оның ішінде:

млн теңге


 


 


 


 


 

1 383

7 548

8 649

17 579

РБ*

241

 

 

а) ұдайы суару, оның ішінде:

млн теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХҚҰ қарызының соммасы

млн  теңге

 

 

 

0

36 198

50 994

68 419

83779

239391

ХҚҰ


 

 

 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты

млн теңге

 

 

 

 

 

 

1000

1432

2432

шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты

 

 

 

РБ-дан қоса қаржыландыру көзі

млн теңге


 


 


 

539

4 037

6 311

7 977

10 225

29 089

РБ*

241

 

 

б) көлтабандап суару, оның ішінде

млн теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХҚҰ қарызының сомасы

млн теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХҚҰ

 

 

 

РБ-дан қоса қаржыландыру

млн теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РБ*

241

 

 

РБ (жарғылық капиталды толықтыру)

млн теңге

 

 

 

 

 

1 383

7 548

8 649

17 579

РБ*

241

 

»;

«Су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру» деген 4-міндетте реттік нөмірі 93-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

93.

Су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру

млн теңге

ҰЭМ-ға ақпарат

жыл сайын, 2018 – 2022 жылдардағы 10 наурыз

ЭГТРМ, СІМ, ҰЭМ

134

166

227

260

137

923

РБ*

261

»;

«Нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету және өнімдер экспортын дамыту» деген 5-міндетте:

«Нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлімде:

реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1.

Агроөнеркәсіптік кешен өнімдері экспортының көлемі, оның ішінде:

млн АҚШ долл.

статдеректер

АШМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2026,8

2123,9

2388,5

2450,1

2650,1

3 135,3

3900

 

сиыр етін экспорттау көлемі

млн АҚШ долл.

статдеректер

АШМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

 

 

 

 

 

 

0,12

»;

«Іс-шаралар» деген бөлім:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 122-1-жолмен толықтырылсын:

«

122-1

«Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес тиісті заңға тәуелді актілерге жеке ветеринарлық қызметтер көрсету үшін қолайлы жағдай туғызатын және жеке ветеринарларға шағын және орта фермерлік шаруашылықтарға тиімді қызметтер көрсету үшін қажетті мүмкіндіктер мен құралдар беретін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

АШМ-ның бұйрығы

2021 жылғы

қыркүйек

АШМ

талап етілмейді

 

 

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 130-1-жолмен толықтырылсын:

«

130-1

Дүниежүзілік банк жобасы шеңберінде КӨҮСТ Нұсқамасының 2-деңгейіне сәйкес келетін ПГ шығарындыларының мониторингі, есептілігі және оларды тексеру (МЕТ) жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау

 

ЭГТРМ-ға ақпарат

2021 жыл

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

талап етілмейді

 

 

»;

«Аграрлық ғылымды, технологиялар трансфертін және АӨК субъектілерінің құзыреттілігі деңгейін дамытуды қамтамасыз ету» деген
6-міндетте:

«Іс-шаралар» деген бөлімде:

реттік нөмірі 133-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

133

АӨК субъектілерін өтеусіз негізде ақпаратпен қамтамасыз ету, оның ішінде Дүниежүзілік банк жобасын іске асыру шеңберінде етті мал шаруашылығы секторында ауыл шаруашылығы консультацияларын беру әдіснамасын әзірлеу

млн теңге

АШМ-ға

есеп

2017 -2021 жылдар

АШМ, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша)

461

674

707

732

758

3 331

РБ*

267-100

»;

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және АӨК-ге цифрлық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету» деген 8-міндетте:

«Іс-шаралар» деген бөлім:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 148-1 және 148-2-жолдармен толықтырылсын:

«

148-1

Дүниежүзілік банк жобасын іске асыру шеңберінде нормативтік құқықтық актілерге жануарлардың бірыңғай ақпараттық жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі үшін қажетті өзгерістер енгізу

 

АШМ-ның бұйрығы

2021 жылдың

3- тоқсаны

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, Әділетмині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

 

 

148-2

Дүниежүзілік банк жобасын іске асыру шеңберінде жануарларды бірдейлендіру жүйелерінде тіркелген ІҚМ туралы деректерді Бірыңғай ақпараттық жүйеге көшіру

 

пайдалануға қабылдау актісі

2021 жылдың

4- тоқсаны

АШМ, ЦДИАӨМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

талап етілмейді

 

 

».

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша) осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                       А. Мамин


Жаңалықтар тізбегі
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
04 Қазан 2021, 11:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №677 Қаулысы
03 Қазан 2021, 09:47
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131
02 Қазан 2021, 14:05
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөнінде кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.