Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «28» желтоқсандағы № 884 қаулысы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу
және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл
жоспарын бекіту және «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған
көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған
ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі
№ 753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45,
435-құжат; Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 1-2, 10-құжат; Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 37-38, 227-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік
және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі
бірлескен іс-қимыл жоспарында:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары 2016 жылғы
30 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды, жылжымайтын мүлік объектілері мен СОО пайдалануға беруді,
сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілеріне әрбір қатысушының салымына пропорционал меншік құқығын және СОО үлестік ортақ меншікті тіркеуді қамтамасыз етеді.»;

12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) 2016 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды, жылжымайтын мүлік объектілері мен СОО пайдалануға беруді, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілеріне әрбір қатысушының салымына пропорционал меншік құқығын және СОО үлестік
ортақ меншікті тіркеуді қамтамасыз ету;».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және
ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                          Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу