Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 шілдедегі №834  Қаулысы

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларынбекіту туралы

«2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына және «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауғаберілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалан қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналытрансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

3. Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері:

1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;

2) жартыжылдықтың қорытындылары бойынша ағымдағы жылғы
30 шілдеден кешiктiрмей және жылдың қорытындылары бойынша келесi қаржы жылының 15 ақпанынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде есептілікті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу