Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 454 қаулысы

Жарияланды: Сәрсенбі, 27 Қараша 2019

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларында:

 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

 «2-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану (орнату, орналастыру)» тәртібі;

2-тармақтың 5-1) тармақшасының екінші бөлігі алып тасталсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті, көпшілік
іс-шаралар және жеке іс-әрекеттер аясында елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, оның көлеміне қарамастан, ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ұлттық стандарттардың талаптарын бұза отырып пайдалануына жол берілмейді. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын қорлау  нысанасы ретінде пайдалана алмайды.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 4) тармақшаларында,
14-тармағында көрсетілген ғимараттарда тұрақты орнатылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылуы тиіс.»;

8-тармақ алып тасталсын;

10-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10-2. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібінің сақтауын қамтамасыз етеді.»;

мынадай мазмұндағы 13-2 тармақпен толықтырылсын:

«13-2. Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ғимараттарда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөлігінде) орналастырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ұлттық стандартқа сәйкес әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіреберістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуы тиіс.»;

14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын осы Қағидаларға сәйкес бір қабатты және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулет ерекшеліктерін ескереді және мынадай параметрлерді пайдаланады:»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин


Жаңалықтар тізбегі
25 Маусым 2021, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №428 Қаулысы
24 Маусым 2021, 19:37
Мемлекет басшысы «Lancaster Group Kazakhstan» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниевті қабылдады
24 Маусым 2021, 16:45
Асқар Мамин Қарағанды облысында инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексерді 
24 Маусым 2021, 16:11
Үкіметтің жүйелі қолдау шараларының арқасында Қазақстанда қой шаруашылығы саласының өсу көрсеткіштері 12% жетті
23 Маусым 2021, 20:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
23 Маусым 2021, 18:26
Мемлекет басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін қабылдады
23 Маусым 2021, 18:02
Қуаныш Ерғалиев ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды
23 Маусым 2021, 17:33
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Маусым 2021, 16:52
Ләззат Сүйіндік ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 
23 Маусым 2021, 08:44
Қ. Тоқаев ҚР ҚК әскерлерінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
23 Маусым 2021, 08:26
ВАК көшпелі отырысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық ахуалды қарады
22 Маусым 2021, 18:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №416 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №414 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №410 Қаулысы
22 Маусым 2021, 17:45
Гүлзат Көбенова ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болып тағайындалды
22 Маусым 2021, 15:59
ВАК Қазақстанның бас санитарлық дәрігеріне карантин режимі бойынша бірқатар қосымша шара қабылдауды ұсынды
22 Маусым 2021, 14:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин коронавирусқа қарсы вакцина алды
22 Маусым 2021, 12:50
Пандемия кезеңінде 500 мыңға жуық қазақстандық волонтерлік қызметке қатысты
22 Маусым 2021, 11:30
Қазақстанда мемлекеттік автобус парктерін толық жекешелендіру көзделген — С. Жұманғарин
22 Маусым 2021, 10:42
КВИ-мен ауыру көрсеткіші жоғары өңірлерде инфекциялық және реанимациялық төсек орындардың жүктемесі төмендегені байқалады — А. Цой 
22 Маусым 2021, 10:03
А. Мамин волонтерлік қозғалысты ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды
22 Маусым 2021, 09:54
Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарады
22 Маусым 2021, 09:46
А. Мамин елордада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды
21 Маусым 2021, 17:47
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады
21 Маусым 2021, 15:56
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі
21 Маусым 2021, 15:13
22 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
21 Маусым 2021, 13:10
А. Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет жұмысы туралы есеп берді
20 Маусым 2021, 14:40
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №117
20 Маусым 2021, 11:57
А. Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың жаңа стандарттарын енгізу туралы баяндалды
19 Маусым 2021, 10:16
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
18 Маусым 2021, 18:31
Қ. Тоқаев Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді ратификациялады
18 Маусым 2021, 18:27
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды
18 Маусым 2021, 18:24
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
18 Маусым 2021, 16:30
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарады
18 Маусым 2021, 10:29
Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
18 Маусым 2021, 09:26
Батырбек Әбділдин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
17 Маусым 2021, 21:10
Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
17 Маусым 2021, 21:00
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
17 Маусым 2021, 17:03
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
17 Маусым 2021, 09:06
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
16 Маусым 2021, 21:00
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
16 Маусым 2021, 20:20
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
16 Маусым 2021, 18:00
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты
15 Маусым 2021, 18:36
Бюджетті оңтайландыру, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру — қаржы министрі халық алдында есеп берді
15 Маусым 2021, 16:45
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
15 Маусым 2021, 16:43
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті В. Алекперовті қабылдады
15 Маусым 2021, 14:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №399 Қаулысы
15 Маусым 2021, 14:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №396 Қаулысы
15 Маусым 2021, 12:33
2021 жылғы маусым айында утилизациялық алымға «нөлдік мөлшерлеме» енгізілді — М. Мырзағалиев
15 Маусым 2021, 10:55
Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 16%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.