Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы №158 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi көрсететiн байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) «Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

3) «Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

4) «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.

2.«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi көрсететiн байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі №1152 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 69, 1004-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                   С. Ахметов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу