Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы №30 Қаулысы

«Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
10 ақпандағы № 120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2011 ж., № 19, 231-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасында:

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшiн тарихи шығындар сомасынан пайыздық ставкалар қолданылады. Пайыздық ставкалар пайдалы қазбалардың түрiне байланысты сараланады:

Көмiрсутек шикiзаты:

барлау және өндiру – 2%, өндiру – 3%.

Қатты пайдалы қазбалар (кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда):

барлау және өндiру – 2%, өндiру – 2,5%.

Жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда):

барлау және өндiру – 2,5%, өндiру – 4%.

Барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құны мынадай формула бойынша айқындалады:

Σгеол.ақпар.= Каек х Sкелісімш.аум.х Кт, мұнда:

Σгеол.ақпар. – геологиялық ақпараттың құны;

Каек – пайдалы қазбалардың түрлері бойынша айлық есептік көрсеткіш коэффициенті;

Sкелісімш.аум. – келісімшарт аумағының жалпы алаңы;

Кт – пайдалы қазбалардың түрлері бойынша түзету коэффициенті;

Айлық есептік көрсеткіш коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:

көмірсутек шикізаты – 310 АЕК;

қатты пайдалы қазбалар – 150 АЕК;

кең таралған пайдалы қазбалар – 100 АЕК;

жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда) – 50 АЕК.

Түзету коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:

көмірсутек шикізаты – 0,01;

қатты пайдалы қазбалар – 0,015;

кең таралған пайдалы қазбалар – 0,015;

жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда) – 0,015.

Барлауға құқықты алу кезінде айқындалған геологиялық ақпарат құны өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде айқындалатын геологиялық ақпарат құнына кірмейді.

Жер қойнауын пайдаланудан бос объекті бойынша геологиялық ақпарат сатып алынған жағдайда, ақпараттың бір бірлігінің құны бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С.Ахметов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу