Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 445 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

        

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1083 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 508-құжат):

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса берiліп отырған:

1) туындыларды көпшiлiк алдында орындау жолымен пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкалары;

2) туындыларды көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшін авторлық сыйақының ең төменгі ставкалары;

3) туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгі ставкалары;

4) дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығарғаны үшін авторлық сыйақының ең төменгi ставкалары бекiтiлсiн.»;

дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсаттарда қайта шығарғаны үшін авторлық сыйақының ең төменгi ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

2) «Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 68-құжат):

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты әзірлесін және бекітсін.»;

 

көрсетілген қаулымен бекітілген орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкалары:

мынадай мазмұндағы 3-бөліммен толықтырылсын:

«

3. Фонограммаларды орындаушының және фонограмма шығарушының келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығару

26.

Қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштерді дайындайтын адамдар  төлеуге тиіс фонограммаларды орындаушының және фонограмма шығарушының келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығару (жабдықтар мен материалдық жеткізгіштер бірліктерін өткізу бағасынан пайызбен алғандағы сыйақы ставкалары)

0,35

27.

Қайта шығару үшін пайдаланатын жабдықтармен материалдық жеткізгіштерді импорттайтын адамдар төлеуге тиіс фонограммаларды орындаушының және фонограмма шығарушының келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығару (жабдықтар мен материалдық жеткізгіштер бірліктерінің кедендік құнынан пайызбен алғандағы сыйақы ставкалары)

0,35

         »;

ескертпе алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

    2019 жылғы « 26 » маусымдағы  

№ 445 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 20 қазандағы

№ 1083 қаулысымен

бекітілген

 

 

Дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығарғаны үшін авторлық сыйақының ең төменгі ставкалары

 

Р/с

Дыбыстау-бейнелеу жеке мақсатта қайта шығару

Пайызбен алғандағы авторлық сыйақы ставкалары

1.

Қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтармен материалдық жеткізгіштерді дайындайтын адамдар төлеуге тиіс дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығару (жабдықтар мен материалдық жеткізгіштер бірліктерін өткізу бағасынан)

0,35

2.

Қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштерді

импорттайтын адамдар төлеуге тиіс дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығару (жабдықтар мен материалдық жеткізгіштер бірліктерінің кедендік құнынан)

0,35

 

_________________________________________________________

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу