Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №159 Қаулысы

Жарияланды: Бейсенбі, 26 Наурыз 2015

«Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1092 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын     өтеу қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 28 тамыздағы № 1092 қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 968-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру         енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын, оның
ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара
заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын
үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Ақшалай өтемақы төлеу балансында алушы тұратын қызметтік
тұрғын үй тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да
әскерлері мен әскери құралымдарының республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) басшысының бұйрығы негізінде
жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушыларына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік орган басшысының немесе басшысы орынбасарларының бұйрығы негізінде жүргізіледі.»;

6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) алушыда және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің
меншік құқығында Қазақстан Республикасының аумағында және тұрақты пайдалану құқығында осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан
берілген тұрғын үйдің болмауы.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Ақшалай өтемақы мөлшері алушының өзін қоса алғанда, бірге
тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің санынтиесілі пайдалы аудан
нормаларына (18 шаршы метр) және статистикалық жұмыстар жоспарына
сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми
сайтында жарияланатын деректеріне сәйкес орта есеппен алғанда республика бойынша ағымдағы жылғы қаңтардағы жаңа тұрғын үйді сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту жолымен айқындалады.»;

8-тармақтың екінші бөлігінде:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) аумақтық әділет органының анықтамасы (алушыда және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің бар-жоғы туралы);»;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) жергілікті атқарушы органның анықтамасы (алушыда және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің тұрақты пайдалануында осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар-жоғы туралы);»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды алушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушыларын
қоспағанда мемлекеттік мекемеге ұсынады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушылары белгіленген тәртіппен осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды алушы қызмет өткеретін қызметтік тұрғын үйді есепке алу функциясы
жүктелген бөлімшеге (бұдан әрі – бөлімше) ұсынады.

Мемлекеттік мекеме не бөлімше баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап
он бес жұмыс күнінен кешіктірмей алушы ұсынған құжаттарды тексеруді және оның нәтижелерін алушыға жеткізуді жүргізеді. Ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік мекеме не бөлімше оларды алушыға
пысықтауға қайтарады. Алушы қайтадан өтініш білдірген кезде баянат (өтініш) қайтадан тіркелген күні берілген деп есептеледі.

Ұсынылған құжаттарды тексеру нәтижелері белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының қарауына шығарылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушылары
ұсынған құжаттарды тексеру нәтижелері белгіленген тәртіппен алушы қызмет өткеретін мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиясының қарауына
шығарылады.

Мемлекеттік мекеменің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің алушысы қызмет өткеретін мемлекеттік органның
тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасы баянат (өтініш) тіркелген
күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей бекітіледі.

Мемлекеттік мекеменің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің алушысы қызмет өткеретін мемлекеттік органның
тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасы бекітілген күннен бастап он
жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,
басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілеріне
ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрықты мемлекеттік мекеменің басшысы, ал Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушыларына
ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрықты алушы қызмет өткеретін мемлекеттік органның басшысы немесе басшысының орынбасары шығарады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Ақшалай өтемақы төленген алушылар әскери қызметтен босатылған күннен бастап бір айдан кешіктірмей белгіленген тәртіппен қызметтік тұрғын
үйді тапсырады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Кадр қызметі ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрықтың көшірмесін алушының жеке ісіне қоса тіркейді және тиісті жазуды жүргізеді, ол қойылған қолмен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мастикалық мөрімен
расталады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік онкүн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

 


Жаңалықтар тізбегі
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
04 Қазан 2021, 11:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №677 Қаулысы
03 Қазан 2021, 09:47
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131
02 Қазан 2021, 14:05
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөнінде кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.