Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 тамыздағы №535 Қаулысы

Жарияланды: Сәрсенбі, 26 Тамыз 2020

«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 89-90, 636-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

6-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) арнаулы мемлекеттік органдар үшін әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру және бекіту үшін әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді ұсынады.»;

  1. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Қағидалардың 10-1-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурстық құжаттаманың мәтіндерін конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама), конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашудың қол қойылған хаттамаларын, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы, жіберу туралы және конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаларды тапсырыс берушілердің интернет-ресурсында және мемлекеттік сатып алу веб- порталында (бұдан әрі – веб-портал) орналастырмай жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«10-1. Арнаулы мемлекеттік органдардың конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуын қоспағанда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды (тауарлардың,

жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша қысқаша ақпарат) веб-порталда орналастыру жолымен жүзеге асырылады.

Бұл ретте әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру рәсімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидалардың 28-1, 28-2, 28-3, 28-4 және 29-1-тармақтарында көзделген талаптарды ескере отырып жүзеге асырады.»;

  1. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:

  1. тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін белгілеуі;
  2. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін айқындауы;
  3. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыруы және бекітуі;
  4. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын қалыптастыруы және оны бекітуге ұсынуы;
  5. тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі;
  6. тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілер тізімін бекітуі;
  7. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының веб-порталда жоспарланып отырған мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды орналастыруы;
  8. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының веб-порталда өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы өтінішхат берген әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыруы;
  9. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өтініш берген әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидалардың 29-1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруі;
  10. әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізілмеген әлеуетті өнім берушілерге олардың енгізілмеу себептерін көрсете отырып, веб-портал арқылы хабарлама жіберу;
  11. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауы;
  12. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ осындай әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізуі;
  1. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Қағидалардың 38 – 40-тармақтарында көзделген жағдайларда, конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі;
  2. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркеуі;
  3. конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеуі;
  4. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін әлеуетті өнім берушілерге не олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген олардың уәкілетті өкілдеріне жіберуі (ұсынуы);
  5. біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауы;
  6. конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыруы және алдын ала рұқсат ету туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі;
  7. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін жіберуі (ұсынуы);
  8. конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына және біліктілік талаптарына сәйкестендіру;
  9. конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер тізілімін қалыптастыруы және рұқсат беру туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі;
  10. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмелерін жіберуі (ұсынуы);
  11. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған мәліметтерді, конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында тіркеуі;
  12. конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы және салыстырып тексеруі (конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығаруы);
  13. конкурстық комиссияның конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеп, оған қол қоюы және оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге жіберуі;
  14. тапсырыс берушінің конкурс жеңімпазымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы.

Осы тармақтың 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген іс-шаралар арнайы мемлекеттік органдарға қолданылмайды.»;

3-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру және бекіту

  1. Осы Қағидалардың 28-1, 28-2, 28-3, 28-4, 29-1 тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің атына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жібереді.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтер пайдаланылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілерде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары белгіленген тәртіппен беретін мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмыстарды істеуге рұқсат болуға тиіс.

28-1. Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы веб-порталда жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды орналастырады. Хабарландыру мынадай ақпаратты қамтиды:

  1. тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың орналасқан жері;
  2. мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;
  3. тиісті орган бекіткен номенклатуралық анықтамалыққа сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің коды;
  4. әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішхаттарды қабылдау күні мен уақыты көрсетіледі.

Бұл ретте, әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішхаттарын қабылдау Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін (қоса алғанда) бір жұмыс күнін құрайды;

  1. жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы қысқаша сипаттама.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу Заңның 39- бабының 4), 9), 9-1), 31), 32) және 35) тармақшаларында көзделген жағдайларда хабарландыру орналастырылмай жүзеге асырылады.

Хабарландыруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтердің болуына жол берілмейді.

Хабарландыруды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы веб-порталда мемлекеттік сатып алуды өткізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын орналастырады.

28-2. Жоспарланып отырған мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өзін әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхат береді.

Берілетін өтінішхатта әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 29-1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды.

Әлеуетті өнім беруші әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішхатты осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде веб-порталда қалыптастырады.

28-3. Арнаулы мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алуын ұйымдастырушыны қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды өткізу басталғанға дейін екі жұмыс күні ішінде веб- порталда осы Қағидалардың 29-1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізе отырып, өтінішхат берген әлеуетті өнім берушілердің қатарынан олардың тізімін қалыптастырады.

Бұл ретте, егер өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы өтінішхат түспесе немесе екеуден аз әлеуетті өнім берушіден түссе не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізген осы Қағидалардың 29-1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін бір әлеуетті өнім берушіге рұқсат етілген жағдайда, хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін ұйымдастырушы толықтыруы мүмкін.

Өтініш берген және осы Қағидалардың 29-1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізіледі.

28-4. Арнаулы мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алуын ұйымдастырушыны қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің атына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жібереді.

Тізімге енгізілмеген әлеуетті өнім берушілерге олардың енгізілмеу себептері көрсетіліп, өтінішхатты қабылдамау туралы хабарлама жіберіледі.

Әлеуетті өнім берушілердің өтінішхатын қабылдамау туралы хабарлама осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушілердің тізімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жіберіледі.

  1. Атына хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді ескере отырып, тапсырыс беруші жасайды және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді.

Мемлекеттік сатып алу Заңның 7-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес өткізілген жағдайда, конкурсқа қатысуға шақырылатын әлеуетті өнім берушілердің тізімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жасайды және ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не тапсырыс берушінің жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын басқа лауазымды адам немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді.

29-1. Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін ұйымдастырушы мыналарды ескере отырып қалыптастырады:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары белгіленген тәртіппен беретін мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмыстарға рұқсат, ол өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәніне сәйкес болуы тиіс;
  2. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің болмауы;
  3. мемлекеттік сатып алу веб-порталында тиісті тіркеудің болуы.

Бұл ретте мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер пайдаланылатын жұмыстарға рұқсаттың болуы мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер пайдаланылатын мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде ғана міндетті.

Хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы веб-порталда қалыптастырады.

Әлеуетті өнім берушілердің тізімін ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді.

  1. Өндіру, қайта өңдеу, жеткізу және өткізу үшін әлеуетті өнім берушінің оларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығы талап етілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс беруші тиісті құқықтары бар әлеуетті өнім берушілер қатарынан конкурсқа қатысуға шақырылатын әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастырады.

Азық-түлік тауарларын және тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тапсырыс беруші конкурсқа қатысуға шақырылатын әлеуетті өнім берушілердің тізімін отандық тауар өндірушілер және/немесе отандық кәсіпкерлер қатарынан қалыптастырады.»;

31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтiнiм беруінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің атына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жібереді.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

Хабарламаға жауап ретінде әлеуетті өнім берушінің сұрау салуы бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін жібереді және конкурстық құжаттаманы алған тұлғаның орналасқан жері, пошта мекенжайы туралы мәліметтерді, сондай-ақ тұлға туралы басқа да мәліметтерді көрсете отырып, бекітілген конкурстық құжаттаманы ұсыну фактісінің хронологиялық тәртіппен тіркелуін қамтамасыз етеді.

32. Конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама

бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн қалғанда осы Қағидалардың 31-тармағында көзделген талаптарды орындауға міндетті.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарлама) қамтылған мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуге тиіс.»;

96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«96. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары тең болған жағдайда конкурс нысаны болып табылатын, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі мол әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия әрбір жылын ескере отырып, осы конкурста сатып алынатын тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесін ғана қарастырады.

Бағалары бірдей бірнеше әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын тіркелген конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.»;

осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Қағидаларға 1-1 және 1-2-қосымшалармен толықтырылсын;

Қағидаларға 12, 13 және 14-қосымшалар осы қаулыға 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                              А. Мамин


Жаңалықтар тізбегі
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.