Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 520 қаулысы

Жарияланды: Сенбі, 25 Тамыз 2018

«Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 863 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 863 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 704-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының теңiзшiсi жеке куәлiгiнiң үлгiсiнде және оны қорғауға қойылатын талаптарда:

5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«ТЖК-нің беткi жағы екi бөлiктен тұрады:

жоғарғы бөлiгi – көрнекi аймақ, онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы және мынадай жазулар орналастырылған:

Қазақстан Республикасы

Republic of Kazakhstan

ТЕҢIЗШIНIҢ ЖЕКЕ КУӘЛIГI

SEAFARER’S IDENTITY DOCUMENT

Түрi/Type

Мемлекет коды/Code of issuing State

№ ТЖК/SID’s №

Тегi/Surname

Аты, Әкесiнiң аты /Given names

Азаматтығы/Nationality

Жынысы/Sex

Туған күнi/Date of birth

Туған жерi/Place of birth

Берiлген күнi/Date of issue

Қолданылу мерзiмi/Date of expiry

төменгi бөлiгi:

қол саусақтарының iздерi негiзiнде жасалған және цифрлық түрде берiлген құжат иесiнiң биометрикалық деректері орналасқан екi өлшемдi штрих-код;

құжат иесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған күнi мен құжат нөмiрiнен тұратын 2 жолды қамтитын машина оқитын аймақ.»;

6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Артқы бетiнде мынадай жазулар орналастырылған:

Ерекше белгiлер/Special physical characteristics

Беруге рұқсат ету/Authorized by

Қолы/Signature

Құжатты берген мекеменiң мекенжайы/Authority address

Үйлестiру орталығы/Coordination center

Халықаралық еңбек ұйымының Теңiзшiлердiң жеке куәлiктерi туралы 2003 жылғы (қайта қаралған) конвенциясының мақсаттары үшiн осы құжат теңiзшiнiң жеке куәлiгi болып табылады.

Осы құжат дербес мазмұнды және паспорт болып табылмайды.

This document is a seafarer’s identity document for the purpose of the Seafarer’s Identity Documents Convention (Revised), 2003, of the International Labour Organization. This document is a stand – alone document and not a passport.»;

1 және 2-суреттер мынадай суреттермен ауыстырылсын:

1-сурет. Алдыңғы беті

2-сурет. Артқы беті

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу,беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. № 185 Конвенцияның талаптарына сәйкес ТЖК-ні ресімдеу, беру және бақылау жүйесiнiң үйлестiру орталығы (бұдан әрі – үйлестіру орталығы) құрылады.

Үйлестiру орталығы берілген ТЖК-нің түпнұсқалығына және дұрыстығына қатысты иммиграциялық қызметтерден және № 185 Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттердің басқа да құзыретті органдарынан келіп түсетін сұрау сұрауларды қанағаттандыруды жүзеге асырады.»;

6-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. ТЖК беруге арналған құжаттарды ПТӘ-ге ұсынуды өтiнiш берушi өзі жүзеге асырады.

Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда ПТӘ-нің қызметкері көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін ТЖК беру мүмкіндігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

ТЖК-ні ресімдеу және беру мерзiмi өтiнiш берушiнің осы Қағидалардың  6-тармағында көрсетiлген құжаттарын қабылдаған сәттен бастап он үш жұмыс күнін құрайды.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. ТЖК-нi ресiмдеудi ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсу он жұмыс күніне дейінгі мерзімде өтiнiш-сауалнамаларды пошта арқылы немесе жабық байланыс арнасы болған кезде деректер берудiң ведомствоаралық желiсi бойынша жіберу арқылы жүргізіледі.»;

22-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) «Үйлестiру орталығы/Coordination center» деген бағанда үйлестiру орталығының телефон нөмiрi, электрондық поштасы мен интернет-ресурсының мекенжайы көрсетiледi;»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Өтiнiш берушi осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсынбаған жағдайларда және ТЖК-ні беру туралы оң шешім кезінде өтiнiш берушiге оның құжаттарын қабылдағаннан кейін он үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ТЖК-ні ресімдеу туралы анықтама және ПТӘ растаған ресiмделген ТЖК бет жағының көшiрмесi берiледi.

ТЖК-ні ресiмдеу туралы анықтама осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ТЖК беруді есепке алу журналына қол қойғыза отырып өтiнiш берушiге берiледi. ТЖК-нi ресiмдеу және ТЖК-нi ресiмдеу туралы анықтаманы беру туралы деректер ПТӘ-нiң электрондық дерекқорында сақталады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                  Б. Сағынтаев


Жаңалықтар тізбегі
25 Шілде 2021, 09:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №121
24 Шілде 2021, 11:38
А. Мамин Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті
23 Шілде 2021, 20:20
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселелерін қарады
23 Шілде 2021, 15:06
Жартыжылдық қорытындысы: Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні тұрақты өсім көрсетіп отыр
23 Шілде 2021, 10:44
Мұнай өндіру, мектептер салу және туризмді белсенді дамыту — Маңғыстау облысында қандай жобалар іске асырылып жатыр
23 Шілде 2021, 09:44
Қажмұқан Бекмұқашев ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
22 Шілде 2021, 18:49
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
22 Шілде 2021, 13:45
Биыл жол салуға бөлінген қаражат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмсалады — Маңғыстау облысының әкімі
22 Шілде 2021, 13:45
Алдағы қыс маусымына жем-шөп қорын құру үшін тиісті қаражат бөлінуде — Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
22 Шілде 2021, 13:34
С. Трұмов: халықаралық деңгейдегі туризм нысандарының салынуы облыс экономикасының дамуына зор серпін береді
21 Шілде 2021, 18:27
Е. Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
21 Шілде 2021, 15:38
А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары: туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым, АӨК, цифрландыру   
21 Шілде 2021, 12:07
Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды
19 Шілде 2021, 21:29
Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
19 Шілде 2021, 21:23
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелерін қарады
19 Шілде 2021, 18:20
Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
19 Шілде 2021, 15:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
16 Шілде 2021, 16:13
Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РЕСЕЙ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
14 Шілде 2021, 18:38
Ғабит Сыздықбеков ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
14 Шілде 2021, 17:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №429 Қаулысы
14 Шілде 2021, 17:20
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
14 Шілде 2021, 17:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №441 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №460 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №466 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №457 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №459 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы
13 Шілде 2021, 17:59
2021 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға өсті — Б. Сұлтанов
13 Шілде 2021, 16:15
Үкіметте 2021 жылы халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды
13 Шілде 2021, 16:08
Үкіметте Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
12 Шілде 2021, 19:10
ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады
12 Шілде 2021, 14:48
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
12 Шілде 2021, 12:08
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
11 Шілде 2021, 10:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №120
10 Шілде 2021, 16:55
ҚР Ұлттық банкі «цифрлық теңгені» енгізу бойынша пилоттық жобаны дайындап жатыр
10 Шілде 2021, 16:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Е. Қарашөкеевті таныстырды
09 Шілде 2021, 18:27
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді
09 Шілде 2021, 09:15
Қанат Ысқақов ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 20:36
Марат Қарабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 19:36
Е. Тоғжанов Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
06 Шілде 2021, 17:35
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады
04 Шілде 2021, 11:06
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №119
03 Шілде 2021, 19:26
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
02 Шілде 2021, 20:42
Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты
02 Шілде 2021, 17:22
А. Мамин ЕАДБ отырысын өткізді – Банктің 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді
02 Шілде 2021, 17:20
А. Мамин Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
02 Шілде 2021, 14:17
ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
02 Шілде 2021, 14:04
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Шілде 2021, 13:43
А. Мамин «Алтын Орда» көлік айрығын реконструкциялауды 2021 жылғы қазанда аяқтауды тапсырды
02 Шілде 2021, 13:08
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін Алматы метросының «Сарыарқа» және «Достық» станцияларының құрылысын аяқтауды тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.